Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылы өткізілген іс-шаралардың қысқаша мәліметі



бет1/2
Дата31.12.2019
өлшемі69,1 Kb.
#54061
  1   2
Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылы өткізілген іс-шаралардың қысқаша мәліметі.

Арал аудандық мәдениет орталығында жоспар бойынша 42 іс-шара жоспарланған. Соның ішінде 9 айда 37 іс-шара өткізіліп, 7140 көрермен қамтылды. Іс –шараға аудандық бюджеттен 500,0 тг қаралған, 9 айда 400,0 тг игерілді. Ақылы қызмет жоспарда 600,0 тг , соның ішінде 400,0тг орындалды.



2018 жылдың 12 қаңтар күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Домбыра - дастан» атты үйірме мүшелерінің қатысуымен танымдық сағат өткізілді.

Республикаға белгілі жыршы С.Жұбаниязов белгілі ақын Н.Қосжанұлының «Сартай батыр» дастанынан үзінді орындады. Мәдениет орталығының жырау-жыршыларынан дәріс алып, шығармашылықтары толысқан шәкірттер Н.Кенжеғұлұлының «Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай», «Тағаймұрат» дастандарынан үзінділер орындады.



2018 жылдың 2 ақпан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында № 71 мектеп- интернатта «Білімпаз не қылады өнер шашпай» атты пікір -талас өткізілді. Пікір-талас бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамып,одан әрі өсіп-өркендеуімен Елбасы атап айтқандай бәсекеге қабілетті болу ең алдымен осы мемлекеттің іргетасын құрайтын жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналылығымен өмірге бейімділіктерін арттыру мақсатында өткізілді. Кеш соңында №71 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсауытова Айткүл мәдениет орталығының ұжымына ыстық лебізін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

2018 жылдың 8 ақпан күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен № 64 орта мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мәдениетімізбен өнеріміз өркенін жайып, рухани құндылықтарымыз қайта дәріптеліп жатқан тұста өнерді одан әрі өрістету, халық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Жақұт жырдың жауһарлары» атты республикаға белгілі жырау А. Тәңірбергенов және жыршы-термеші Т. Бейсовпен сыр-сұқбат өткізілді.

Арал өңірі  жыраулық дәстүрді дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа үзбей аманаттаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі атанған, қасиетті жыраулық өнердің ордасы.



Кеш барысында жыршы-жыраулар өздерінің шығармашылық жолдарын оқушыларға кеңінен насихаттап, өз өнерлерін көрсетті. № 64 мектептің тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Г. Батимова және Жазушылар одағының мүшесі ақын Ерғали Абдулла келген қонақтарға рахметін айтып, ыстық ықыластарын білдірді.

№ 64 мектептің 7 сынып оқушысы Қуанарұлы Досбол келген қонақтарға арнап күй орындап берді.

2018 жылдың 16 ақпан күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен қайсар ақын З. Шүкіровтың туған күніне орай «Зейнолла жұлдыздары» атты поэзия кеші ұйымдастырылып өткізілді. Поэзия кешін аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ж. Жақып ашты. Поэзия кешінде ақын туралы Т. Үмбетәлиев, Д. Омаров сынды ағайларымыз естеліктерімен бөліссе, А. Қыстаубаев, К. Жұмаханова, Ә. Алданышұлы, М. Өтегенова, Д.Аманжолов, А. Күзенбаева сынды ақындар арнау өлеңдерін оқыды. Аудандық «Арал әлемі» газетінің редакторы ақын Е. Абдулла кеш қонақтарына арнайы Алғыс хат табыс етті.

2018 жылдың 28 ақпан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында №260 мектепте «Өнер – білім дария» атты мәдениет орталығының үйірме жетекшілері А. Тәңірбергенов және Т.Бейсовпен кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында №260 мектептің ән және музыка пәнінің мұғалімі М. Бисенбаев мәдениет орталығының ұжымына және шәкірттеріне шығармашылық табыс тіледі. Мәдениет орталығының жыршылары мен шәкірттері жырдан шашу шашты.

2018 жылдың 1 наурыз күні аудандық мәдениет орталығында 1 наурыз – Алғыс айту мерекесіне орай мәдениет орталығы жанынан құрылған «Ұлағат» ардагерлер аспапты ансамблімен кездесу кеші өтті. Ансамбль құрамы толығымен қатысып, ұжымға өз ыстық лебізін білдірді.

Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ж. Жақып орталық ұжымына Алғыс хат табыс етті.Алғыс айту күніне ән, би, күйден өнер көрсеткен ұжым қызметкерлеріне ардагерлер алғыстарын білдірді.

2018 жылдың наурыз айының 6 күні 8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Ару көктем» атты қыз сыны байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты - Қазақ аруының ұлттық дәстүрімізге сай қазақ қызын өзгелерге үлгі ету,олардың әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық сынды қасиеттері арқылы салт - дәстүрді ұлықтау мақсатында насихатталды. Байқау бес шарттан тұрды қатысушы талапкерлер шарттарды толық орындап өз дәрежелерінде өнер көрсетті.



Байқау қорытындысымен Бас жүлде Асылбек Әсел №220 мектеп, І орын Нұрлыбекқызы Ақниет №83 мектеп, ІІ орын иегерлері Баймұратова Аяжан №73 мектеп Аманөткел елді мекені және Төлебаева Алина №260мектеп, ІІІ орынмен Досанова Аякөз №62 мектеп-лицей,Жұмағұлова Жанерке,Отарәлиева Гүлзия № 13 мектеп оқушылары мараптталды.

2018 жылдың 21 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай, мәдениет орталығының ұжымы тұрмыс жағдайы төмен Арал қаласындағы Бақтыбай батыр көшесі № 123/18 үйдің тұрғыны Тұңғышбаева Айгүлдің отбасына қайырымдылық көмек көрсетіп, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады. Тұңғышбаева Айгүл мәдениет орталығының ұжымына алғысын білдіріп шығармашылық табыс, отбастарына береке бірлік тілеп, ризашылығын білдірді.

2018 жылдың 22 наурызы күні мәдениет орталығы және аудандық тарихи-өлкетану музейі Қызылорда қаласында өткен «Наурыз - 2018» мерекелік шарасына «Жетес би» ауылы атауымен қатысты. Киіз үй, жабдықтар толықтай ұлттық нақышта безендірілді.

2018 жылдың 4 сәуір күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты пікір-талас өткізілді.

Пікір – талас шарасына №13 мектептің оқушыларымен ұстаздары және «Арал әлемі» газетінің редакторы Е.Абдулла, М.Әуезов атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі М.Өтегенова, мәдениет орталығының әдіскерлері Г.Әйтімова, З.Изекешова қатысты.

2018 жылдың 6 сәуір күні Арал аудандық мәдениет орталығымен Арал аудандық №2 Көпсалалы колледжідің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-ұлт болашағы» атты пікір-талас шарасы өткізілді.

2018 жылдың 13 сәуірі күні Арал аудандық мәдениет орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Менің қолымнан бәрі келеді» атты қайырымдылық фестивалі өткізілді. 

Фестивальді өткізгендегі мақсатымыз Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қоғамның әлжуаз, алайда өнерлі топ өкілдерін қолдап, олардың өмірге деген құлшыныстарын шыңдау, рухани әлемін кеңейтіп, өмірге деген ынтасын арттыру, осылайша денсаулығының жақсаруына аз да болса үлес қосу. Мүмкіндігі шектеулі балаларға М.Әуезов атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Өтегенова Мейрамкүл «Ой сергіту» ойындарын ойнатып, балаларды бір сергітіп алды. №13 мектептің ұстаздарымен оқушылары мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерлеріне ризашылықтарын білдіріп, қошеметтері мен қолдауларын көрсетіп балалармен бірге ойын ойнап, ән салды. «Менің қолымнан бәрі келеді» атты фестивальде мүмкіндігі шектеулі балалар өз қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме жасады. Өзінің қолынан жасаған ұлттық бұйымдарын таныстырып өткен Медеубаева Аружан қызымыздың өнеріне көрермен ыстық ықылас білдірді. 
Ал Жәнділдаев Еркін мен Аманқосова Қымбат әсем әннен шашу шашты.

Мәдениет орталығының директоры Нұрмағанбетова Маруся Қуантқанқызы балалардың өнеріне ризашылығын білдіріп, шығармашылық шабыт тілей отырып, балаларға сыйлықтар беріп, жүректеріне қуаныш сыйлады.

2018 жылдың 26 сәуір күні Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен және мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Кәнеки, тілім сөйлеші» атты аймақтық жасөспірім термешілер байқауы өтті.

Жасөспірім термешілер жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінді. Байқау қорытындысы бойынша 8-11 жас аралығы бойынша Бас жүлде Е.Сабырова (Қазалы ауданы), І орын А.Оразалы (Қазалы ауданы), ІІ орын М.Балауса (Қазалы ауданы), ІІІ орын Б.Төремұратов (Арал ауданы), А.Құрманғалиева (Арал қаласы, Өнер мектебі).

12-13 жас аралығы бойынша Бас жүлде Б.Сержанов (Арал ауданы, мәдениет орталығы), І орын Ш.Октябрұлы (Арал ауданы, мәдениет орталығы), ІІ орын Жалғасов Әлфараби, Н.Әлібиұлы, Д.Смайлов, (Арал ауданы, мәдениет орталығы), Д.Құрманғалиев (Арал қаласы, Өнер мектебі), ІІІ орын Р.Қайырмағанбетов (Арал ауданы, мәдениет орталығы).

14-15 жас аралығы бойынша Бас жүлде Б.Өтепов (Қазалы ауданы), І орын А.Елтай (Қазалы ауданы), ІІ орын А.Таңатова (Арал ауданы, Жақсықылыш кенті), ІІІ орын Н.Амангелдиевтер (Арал ауданы, мәдениет орталығы) ие болды.

Байқауға Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қаржылай көмек көрсетті.

2018 жылдың 1 мамыр күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Мамыр шуағы» атты мерекелік концерт өткізді. Концертті мәдениет орталығының директоры М.Нұрмағанбетова ашып, құттықтау лебізін білдірді. Меркелік концертте қазақ, орыс, ұйғыр, қырғыз халқының әндері шырқалды.

2018 жылдың 9 мамыр күні Арал аудандық орталық алаңда 9 мамыр – Ұлы жеңіс мерекесіне орай салтанатты шеру ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік шеруге мәдениет орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің суретін алып шықты.

2018 жылдың 12 мамыры күні «Жұлдыздарға жол ашайық» атты жасөспірімдер арасында байқау өткізілді. Байқау қортындысында: Эстрадалық вокаль жанры бойынша №260 мектеп оқушысы С.Серік Бас жүлдемен, дәстүрлі ән жанры бойынша №83 мектеп оқушысы А.Жеңіс Бас жүлдемен, аспапта ойнау жанры бойынша №73 мектеп оқушысы А.Баймұратова Бас жүлдемен және хореография жанры бойынша №13 мектептің «Ақжелкен» би тобы І орынмен марапатталды.

2018 жылдың 14 мамыры күні «Латын әліпбиі – заман талабы» атты пікір-талас отырысы өткізілді. Пікір-талас отырысына «Арал әлемі» газетінің редакторы, ақын Е.Абдулла, М.Әуезов атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі М.Өтегенова, №13 мектептің мұғалімі А.Қыстаубаев және мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, өз пікірлерін білдірді.

2018 жылдың 16 мамыры күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Өнердің өрен жүйрік өз баласы» атты ақын, жырыш-термеші Бекұзақ Тәңірбергеновты еске алу жыр кеші өткізілді.

Жыр кешін аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков ашып, ақынға деген құрметін білдірді. Еске алу жыр кешіне алыстан ат арытып, үлкен жүректі талант иесінің өнеріне бас иген, қадірлеп халық сыйлаған Оғыланның әруағын құрметтеп, өздерімен бірге өткізген жарқын күндерді еске алып, естелік ой-толғамдарын , арнау – жырларын арнай келген өнердегі ағалары, үзеңгілес достары мен шәкірттері белгілі ақын, режиссер-сценарист О.Нұрмаханов, Қазақстан республикасына еңбек сіңірген қайраткер, өнертану ғылымының кандидаты, жырау Э. Жаңабергенова, республикаға танымал жыршы-термеші Д.Жолымбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Арал ауданының құрметті азаматы, күйші-композитор, жыршы, ақын М.Сыдықов, ақын Т.Абылаев, ақын, жыршы-термеші, сазгер Ш. Сүлейменов, Е. Ағырай, Б.Баймұратов, А.Жаппарбердиев, Қ.Алғазиев, Н.Көшекбаев Бекұзақтың жыр-термесінен шашу шашып, көрерменге рухани азық сыйлады.



2018 жылдың 30 мамыр күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Бала тілі бал» атты балабақша тәрбиеленушілерінің арасында байқау өткізілді. Байқау барысында бүлдіршіндер төрт шарт бойынша өнер көрсетті. Байқау қортындысында : Бас жүлдемен Әділбекқызы Нұрайым /Толқын балабақшасы/ марапатталса, І орынмен Бағыбергенова Ақнұр /Жазира балабақшасы/, Телағысова Жазира /Мереке балабақшасы/, ІІ орынмен Жаңбырбаева Альбина /Балдырған балабақшасы/, Кеңесова Айзере /Жазира балабақшасы/ марапатталды.

2018 жылдың 31 мамыр күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 31 мамыр- Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаштықтар бастан кешкен қуғын - сүргін» атты митингі өтті.

Митингі мәдениет орталығы өнерпаздарының театрландырылған қойылымымен ашылды.

Митингті Арал ауданының әкімі М.Оразбаев ашып, жазықсыз жапа шеккен жандар ұрпақтың мәңгі есінде сақталуы тиіс. Нәубет жылдарды басынан өткізген қандастарымыз біздің мәңгі жадымызда деген лебізін білдірді. Жиынға қатысқан көрермен жазықсыз жапа шеккендерді бір минут үнсіздікпен еске алса, Арал аудандық орталық мешіттің бас имамы С.Евильханұлы арнайы құран бағыштады. Саяси – қуғын сүргін құрбандарының ескірткіші жанына гүл шоқтары қойылды.

2018 жылдың 5 маусым күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 1 масуым –Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай «Бала- бақыт, бала – өмірдің көктемі» атты флешмоб байқауы өткізілді. Байқау қортындысымен Бас жүлдемен «Толқын» балабақшасы марапатталса, І орынмен «Балдырған» балабақшасымен «Гүлдер» балабақшасы, ІІ орынмен «Аялан» балабақшасымен «Алтын балық» балабақшасымен «Алтын балық» балабақшасы, ІІІ орынмен «Мереке» балабақшасы марапатталды.

2018 жылдың 14 маусым күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлерінің күніне орай «Дәрігер – өмір тірегі» атты мерекелік концертін ұйымдастырып өткізді. Мерекелік концертті аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов ашып, медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хатын, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Т.Қанатовтың Алғыс хатын және Арал ауданының әкімі М.Оразбаевтың ықылас гүлін табыс етті.

Мерекелік марапаттан кейін мәдениет орталығының өнерпаздарының мерекелік концертін тамашалады.

Концерт соңында Арал аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері М.Ршымбетов дәрігерлерді құттықтап арнайы Алғыс хатпен, бағалы сыйлықтар табыс етті.

2018 жылдың 5 шілде күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен ҚР елордасы-Астана қаласының 20 жылдығына орай қалалық саябақта кешкілік «Әсем қала-Астана!» атты мерекелік концерт болып өтті. Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Осыған байланысты, мерекелік концертте ауданымыздың Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары, жас өнерпаздарымыз патриоттық, Астана, туған жер туралы əндерін айтты.

2018 жылдың 6 шілде күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Қосжар елді мекенінде ҚР елордасы-Астана қаласының 20 жылдығы және кəсіби балықшылар мерекесіне орай «Көк теңіздің өрісі-балықшының егісі» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертті Қамыстыбас Балық питомнигі директоры Құланов Нұрқабыл Әлімбекұлы ашып, балық өсірушілерді төл мерекелерімен құттықтады. Мерекеге Арал аудандық мəдениет орталығының өнерпаздары əн-жырдан шашу шашты. Түрлі спорттық гір көтеру,қол күрес,арқан тартыс ойындары ойнатылып, жүлделі орындарға марапат пен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Арқан тартыстан біздің мəдениет орталығының ұжымдары ІІІ орынды иеленді. Балық өсіруші мамандар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік шара өте жоғары деңгейде өтіп, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.

2018 жылдың 12 шілде күні Арал өңірі балықшыларының ІҮ - слетіне келген қонақтарды қарсы алу рәсімі өтті.

Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы Оразбаев, бұрынғы балық шаруашылығының министрі Құдайберген Саржанов және Су шаруашылығының министрі Қыпшақбаев Нариман Қыпшақбайұлы балықшыларды Балықшылар күні мерекесімен құттықтады.

Балықшылар «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Келген қонақтарға арнап мәдениет орталығының өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

2018 жылдың 23 шілде күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  мәдениет орталығының өнерпаздары «Өнерім-халқыма» атты Сазды елді мекенге іс сапармен концерт ұйымдастырды.

  Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.


2018 жылдың 27 шілде күні терроризм мен діни экстремизмге қарсы «Діни экстремизм, терроризм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты мәдениет орталығы ұжымының және А.Гайдар атындағы балалар кітапханасымен бірлесіп сыр сұқбат өткізілді. Арал аудандық мәдениет орталығының әдіскері З.Изекешова терроризм мен діни экстремизмге қарсы «Діни экстремизм, терроризм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты тақырыпта баяндама оқыды. А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы тақырыпқа сәйкес көрме ұйымдастырды.

Арал аудандық орталық мешітінің бас имамы Қ.Қабылғазиев ғибаратты әңгімелерін мысалға ала отырып, тақырыпты айшықтап жан-жақты түсіндіріп берді. Сұқбат соңында бүгінгідей бейбіт заман үшін Алла тағалаға шүкіршілік айтып, ел бірлігі мен татулығы, келешек ұрпақтың баянды болашағы үшін дұға етті.



2018 жылдың 3 тамыз күні Сексеуіл кентінде «Мерекең құтты болсын,теміржолшы!» атты теміржолшылар күні мерекесіне арнап, мәдениет орталығының өнерпаздары мерекелік концерт ұйымдастырды.

Аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып, байлығын еселеуде айрықша еңбектеніп жүрген теміржолшыларды, осы саланың еңбек ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс,жанұяларына бақыт тіледі.



Сонымен қатар жиында өзінің жүрекжарды лебізін кент әкімі С.Мырзағазиев те жолдады. Құттықтау тілектерден кейін бірқатар озат теміржолшыларға аудан әкімінің Алғыс хаттары, Сексеуіл Локомотив депосының басшысы Ержановтың мадақтамасы табыс етілді. Және кеше өткен теміржол кәсіпорындары арасындағы спорттық жарыстардың қорытындысымен кент әкімі С. Мырзағазиев жүлделі орындармен марапаттап, сыйлықтарын табыс етті. Айтулы мереке арнайы әзірленген концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

2018 жылдың 30 тамыз күні Мәдениет орталығы өнерпаздарының ұйымдастыруымен орталық саябақта 30 тамыз – ҚР конституция күні мерекесіне орай «Ата заңым- айбарым!» атты мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертте ауданымыздың жас өнерпаздары патриоттық тақырыпта әндер шырқады.

2018 жылдың 13 қыркүйек күні Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен және мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – татулық тірегі» атты аудандық жазба жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Мүшәйраны жас ақындарға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дәрменов сәттілік тілеп, құттықтау лебізімен ашып берді.

Мүшәйраға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Мамбетов Бекбол, мәдениет орталығының жанынан құрылған «Арал әлемі» газетінің редакторы, ақын Ерғали Абдулла, №13 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, ақын Нағашыбай Төлепов қазылық жасап, мүшәйраға қатысқан 6 талапкер жас ақынның ақындық деңгейлеріне қарай жүлделі орындары мен сыйлықтарын табыс етті.

Байқау қортындысымен І орынмен Ерболатқызы Нұрайлым №64 мектеп оқушысы мараптталса, ІІ орынмен Әбілқайырова Қарлығаш №13 мектеп оқушысы, Сайран Ақниет №14 мектеп оқушысы, ІІІ орынмен Жеткерова Ақтоты №262 мектеп-гемназия оқушысы, Сламов Данияр №220 мектеп оқуышысы, Серікқызы Индира №71 мектеп оқушысы мараптталды.

2018 жылдың 14 қыркүйегі күні Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен және мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертті мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басышысы Т.Дәрменов ашып, Мерекелік концертте ауданның бір қатар мемлекеттік қызметкерлері аудан әкімі М. Оразбаевтың және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дәрменовтың Алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Халықаралық «Қазақ тіл» қоғамы Арал аудандық филиалының төрағасы Ж.Жақып мемелекеттік сала қызметкерлерін «Қазақ тіл» қоғамының Алғыс хатымен марапттады.

Марапаттау рәсімінен кейін марапат иелері мәдениет орталығының өнерпаздарының мерекелік концертін тамашалады.

2018 жылдың 1 қазан күні Мәдениет орталығында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мәдениет саласының ардагерлерінің құрметіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді.

Мерекелік концертті мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дәрменов ашып, шежіре шиырын жанына сақтап, көненің келбетін көрген ардақты ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Ақылдың көзі саналар ардагерлерімізге мәдениет үйінің директоры Қ.Қуанышовта жүрек жарды тілегін арнады.

Аудандық мәдениет қызметкерлері кәсіподақ коммитетінің төрайымы И.Әбдіразаққызы ардагерлерді құттықтай отырып, арнайы дайындаған сыйлығын табыс етті.

Мәдениет орталығының мерекелік концертін тамашалағн мәдениет саласының ардагерлері Ж.Төребеков, Б.Қостаева, Б.Тілеповтер үлкенге ізет көрсеткен мәдениет саласының қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Қаңтар айында Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми кеңес отырысы болды, онда 2017 жылдағы атқарылған жұмыстар мен жіберілген кемшіліктер туралы, 2018 жылғы атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды.

Музей қызметкерлері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы жайында музей көрермендері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүлтіксіз және уақытылы орындалып келеді. Музей залында «Мазмұны – терең, мақсаты - айқын» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылып, экскурсия жүргізілді. Аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Жолдау – жаңғырудың даңғыл жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Балықшылар музейі» бөлімшесінде Елбасы Жолдауындағы 10-шы міндет 2018 жыл – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел мерейі - Астана» тақырыбында көрме жасалып, келушілер арасында танымдық лекция оқылды.

Өмірде бар еңбегін халқына арнап, артында өшпестей мол мұра қалдырып, ұрпағына мағыналы тәрбие беріп, өмірлік азық болатындай жақсы істерін қалдырып кететін жандар жетерлік. Осындай тұлғалардың қатарындағы туған жердің экологиялық мәселесін шығармашылығына арқау еткен, туған жерді түлетуге атсалысып жүрген эколог, жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына «Аралдың ақиық жазушысы» атты тақырыпта танымдық лекциялар оқыды.

Дәстүрлі орындаушылық өнерде өзінің аса жоғары деңгейдегі шеберлігі, жалпыға бірдей жағымды үні, сөз қорының сарқылмас сан алуандылығымен тыңдаушысын тәнті еткен, домбырашы, сазгер, термеші, халық композиторы Қазанғаптың күйшілік дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізушілердің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Басықараевтың туылғанына 90 жыл толуына аудандық музей қызметкерлері «Қазанғаптың ізімен» атты тақырыпта қаладағы №62 мектеп оқушыларына лекция оқыды. Шара барысында оқушылар аудандық музейдің «Өнер мен әдебиет» залында стендіде орналасқан басқа да аралдық атақты күйші-жыршылардың өмірінен экскурсия ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап алды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністердің бірі», «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта тірілтуіміз керек» деп атап көрсеткен болатын. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Менің өлкемнің тарихы» тақырыбымен қаладағы №2 санаториялық мектеп-интернаттың және №64 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары Арал аудандық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасады. Экскурсия барысында оқушылар мен мұғалімдер Арал өңірінің тарихымен, музейдегі жәдігерлермен танысты, ел тарихының дамуына үлес қосқан аралдық ұлы тұлғалардың өмірінен мәліметтер алды. Мақсаты – оқушыларды туған жерге, мәдениетіне, табиғатына сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, патриоттық тәрбие беру болып табылды.

Алты Алашқа ана да, пана да болған қасиетті Сыр елі бағзы замандардан бері-ақ небір сұңғыла ақын, жыршы, жырауларды дүниеге келтірген ән мен жырдың бесігі. «Сырға келіп, жыршымын деме» деген тәмсіл сөздің ұдайы айтылуының да өзіндік себебі бар. Осы жыршылық өнерді насихаттау мақсатында музей қызметкерлері аралдық Дәріқұл жыраудың 110 жылдығына «Жыр дүлдүлі - Дәріқұл» атты тақырыпта және Матай Үмбет бидің 200 жылдығына «Пірлі би» атты тақырыптарда музейге келушілер арасында танымдық лекция оқыды. Лекция барысында ел-халқын құрметтеп, есімін ұлықтауға лайықты тұлғалардың өмірбаянымен, шығармаларымен таныстырылып, насихатталды.

Музейдің ғылыми қызметкерлері қаладағы №64, №83, №220 орта мектептерінде музейдің 2018 жылға арналған жоспары және Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес Арал ауданынан шыққан тұлғалар жайында танымдық лекциялар оқыды.

«Балықшылар музейі» бөлімшесінің қызметкерлері 10 ақпан – 10 наурыз аралығында өткізілетін «Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқан барысында қаладағы мектеп оқушылары арасында байқау өткізді. Байқау мақсатына сай ұшқыр тілді ұландарға музей экскурсиясын жүргізу тәртібі түсіндіріліп, сертификаттар тапсырылды. Мақсаты – баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Шара барысында ұлы тұлғалардың сөздерін басшылыққа ала отырып, оқушыларға кеңестер, өзін сүюді, қолдауды, тазалыққа жақын болуды үйретті.

Белгілі ақын, жазушы, аудармашы, жерлесіміз Жарасқан Әбдірашовтың 70 жылдығына орай туған күні қарсаңында 7 наурыз күні қаладағы №62 мектеп-лицейінде «Дала, сенің ұлыңмын!» атты апталық аясында музей қызметкерлерімен бірлескен «Теңіздің сыршыл ақыны» атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Кеш барысында «Балықшылар музейінің» ғылыми қызметкері А.Есмағанбетов ақынның ғұмырлы өмірінен сыр шертті. Ақын өміріне арналған «Екі жүрек, бір тағдыр» атты деректі фильм ұсынылды. Жарасқанның жауһар жырларын мектеп-лицей оқушылары жатқа оқыды. Мектеп-лицей мұғалімдері ақын өлеңдерінің өршілдігін, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруда тәрбиелік мәні зор екендігін оқушыларға жан-жақты түсіндіріп, кешті қорытындылады.

Өз өлкеңнің тарихын, оның салт-дәстүрлерін, мәдениетін тек біліп, сүйсініп жүру жеткіліксіз, оларды сақтап, қорғап, насихаттау қажет. Осы орайда өткеннен қалған зор тарихи-мәдени құндылықтарымыз жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзіне айналдыру мақсатында аудандық музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы музей жанынан ашылған «Жас өлкетанушылар» клубының мүшелеріне «Адырна» туралы этнографиялық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты - бағдарламаның мақсат-міндеттерімен таныстыру, әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру, өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне терең бойлай білу, ұмыт болған аспаптарды қайта өңдеу және оларды жетілдіре түсу, ұлттық құндылықтарды сақтай білу, адырна музыкалық аспабының тарихы туралы кеңінен мәлімет беру, музейге түсу тарихы жайында деректер беру.

19-20 наурыз күндері аудандық музейде «Наурыз – құт, береке бастауы» атты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – наурыз мейрамын тойлау дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу, патриоттық пен толеранттылық рухында тәрбиелеу, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде музейге келушілердің жеке тұлға ретінде дамуына, қалыптасуына ықпал ету болып табылды.

«Балықшылар музейі» бөлімшесінің қызметкерлері мереке қарсаңында «Өрісті ұлттың өрелі ойындары» атты ұлттық ойындар сайысын ұйымдастырды. Сайыс жеңімпаздары шара соңында бағалы сыйлықтармен марапатталып, жыл ішінде музейге тегін кіруге жолдама алды.

Музей қызметкерлері Ұлыстың ұлы күніне Қызылорда қаласының Орталық алаңында «Жетес би ауылына» киіз үй тігіп, музей қорынан алынған жәдігерлерге этнографиялық көрме ұйымдастырды.

6 сәуір күні тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері Қазалы ауданы Әйтеке би кенті Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектепте «Аралым айдын шалқарым» атты Аралды құтқару қорының 25 жылын атап өту мақсатында ұйымдастырылған шараға қатысып музей жәдігерлерінен көрме ұйымдастырып қайтты.

«Сөз жүйрігі»өнерпаз,жазушы Т.Қосановтың 80 жылдығына орай музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы мектеп оқушыларына лекциялық сағат өткізді. «Өткеннің қазынасы-болашаққа» музей жәдігерлері жайында музейдің қор жинаушысы Ж.Бақытжанова оқушыларға мәлімет берді.

«Балықшылар музейі» бөлімшесінің ғылыми қызметкері А.Медетбаев «Елбасы- қолдаған -Аралым» атты көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар музейге мәдениет қайраткері Жанар Айжанова келіп музей жәдігерлерімен танысып ерекше көңіл күйге бөленіп қайтты.

18 сәуір –Халықаралық ескерткіштер күніне орай музей ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді. «Ескерткіштер –елге мұра,ұрпаққа аманат» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы №64 мектеп оқушыларын орталық алаңдағы «Тағзым» алаңына, Төлеген Медетбаевтың ескерткішіне апарып лекциялық сағат жүргізді. Оқушыларға сұрақтар қойылып жауаптар алынды. Өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер «Facebook» парақшасына салынды.

Сондай –ақ музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде өткізілетін «Асқақ рухты Ақайұлы Ақтан батыр»атты республикалық конференцияға қатысып қайтты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына сәйкес мамыр айының

04-і күні Жаңақұрылыс елді мекеніндегі №74 орта мектепке көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушыларға аудандық тарихи ескерткіштер, тарихи өлке, Жарасхан Әбдірашов , зергер Құдайберген Құлмамбетов туралы мәліметтер берілді.Оқушылар көрмеге қызығушылық танытып, жақсы әсер алды.

9 мамыр – Жеңіс мерекесі қарсаңында Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Өлке тарихы» залында «Ерлікке мәңгілік тағзым» атты музейдің құнды жәдігерлерінен жинақталған көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында музей қорындағы соғыс жылдарындағы жауынгер мылтығы, жауынгер көйлегі, каскісі, ардагерлерге арналған «Арал-ардагерлері» турникет–альбоммен таныстырылып, музей қорындағы 19 ғасырдың құнды жәдігері патефонда соғыс әндері тыңдалды. Музей қызметкері Г.Каримолдақызы Кеңес Одағының Батыры А.П.Мин туралы «Ерлігі елдің жадында» танымдық лекциясын оқыды. «Балықшылар»музейінің ғылыми қызметкері А.Есмағанбетов «Майдангер балықшылар» тақырыбында соғыс кезіндегі балықшылар ерлігі жайында лекция оқыды.

Сондай-ақ, музейге келген оқушылар видеопроектор арқылы соғыс туралы бейнефильмдер тамашалады.

«Батырдың ерлігі» ардагер, Кеңес Одағының батыры Мақаш Балмағанбетов туралы музейдің ғылыми қызметкері И.Рзағазиева оқушыларға лекция оқыды.. «Тұғыры биік тұлға» ғалым, ҚР мемлекеттік сыйлық лауреаты Рзаев Серікбайдың 80 жасқа толуына орай музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы оқушыларға лекция оқыды.

Аудандық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Балықшылар» музейі бөлімшесі мамыр айында 18 мамыр Халықаралық музей күніне орай «Құт мекенім Аралым» тақырыбында «Ашық есік» күні акциясын өткізді, мазмұнды шараға Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқару дирекциясы мұрындық болып Солтүстік Арал өңірін зерттеуші ғылыми-практикалық экспедиция құрамы, яғни отандық,шетелдік ғалымдар,эколог,су мамандары музеймен танысу барысында көрмені тамашалауға келді. Музей ұжымы көрме барысында балықшылардың этно ауылын жасақтап,таныстырылымын өткізді.

Музей күні акциясына аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков және Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық инспекциялық топта аталмыш шараның қонағы болып, келушілерге туған жер біздің мақтанышымыз, көз қарашығындай сақтау біздің міндетіміз деген пікірін өскелең ұрпаққа білдірді.

Спорт жанашырларына арнап «Балықшылар» музейі жүлдесі үшін аулада жасөспірімдер арасында кіші футбол мен гір тасын көтеруден сайыстар өтіліп, жеңімпаздар марапатталды.

19 мамыр күні Аудандық мәдениет үйінде Мақаш Балмағанбетовке арналған кешке көрме ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған іс-шаралар жөніндегі мәліметтер «Facebook» парақшасына салынып отырды.

31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Қуғын –сүргін құрбандарын еске алу мақсатында музей қызметкерлері мамыр айының 30-31 күндері «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» тақырыбында фотокөрмелер ұйымдастырды. Осы аталған тақырыпта музейге келген көрермендер арасында лекция-әңгімелер оқылды.

Сонымен қатар музей ғимаратының ішкі және сыртқы жұмыстарына жәй жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Маусым айында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде аудандық музейде музейдің қор сақтаушысы Ж.Бақытжанованың ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында балалар арасында сурет көрмесі өткізілді. Балалар өздері қалаған суреттерін салып,өз өнерлерін көрсетті.Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, сыйлық үлестірді.

4 маусым күні музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мқтанышымыз» тақырыбында лекция өткізілді.Сонымен қатар музейдің «Тәуелсіздік» залындағы көрмеге ғылыми қызметкерлер экскурсия жасатты. Шараның барысында – көрермендерге мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы айтылып,өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу. ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Елбасының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөліне баса назар аударылды.

Маусым айының 6-сы күні №13 мектеп жанынан құрылған «Өркен» жазғы тынығу лагерінің балалары келіп музейді тамашалады.

«Еңбек ардагері» Арал ауданы ауыл шаруашылығының ірі ұйымдастырушысы Сырымов Тәлекеннің 90 жасқа толуына орай музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы оқушылар арасында танымдық лекция өткізді.

Содай-ақ «Аудан тарихына саяхат» тақырыбында мектеп жанынан ұйымдастырылған жазғы тынығу лагері балаларына музейге экскурсия ұйымдастырылып отырды. Атап айтар болсақ «Өркен» тынығу лагері демалушылары, ЮСИМАС ментальді арифметика балалары,аудандық оқушылар үйінің демалушылары келіп музейге экскурсия жасап қызығушылық танытты.

Жоспарға сәйкес «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» тақырыбында музей қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді.

6 – шілде Астана күніне орай аудандық тарихи-өлкетану музейінде 03 шілде күні Қызылорда қаласынан «Қамбаш» жазғы тынығу лагеріне келген балалар арасында музейде «Астана-тұғырлы елдің тірегі» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрме еліміздің бас қаласының тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескертікіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәлімет беретін газет-журналдар мен суреттер жиынтығынан құралды. Сонымен қатар, көрмеде музей қорындағы атақты кинорежиссер, кино суретші Рүстем Әбдірашевтың «Елбасы жолы» киноэпопеясы, «Балалық шағымның аспаны» фильмі туралы кітаптары мен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың төл шығармалары, Елбасы туралы жазылған туындылары, Елбасының Арал өңіріне келу іс-сапары туралы фотосуреттері таныстырылды.

Шілде айының 5-і күні «Балықшы» музейінде Астананың 20 жылдығына байланысты «Астана:кеше,бүгін,ертең» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге келушілер легін бөлім меңгерушісі А.Медетбаев қабылдап, лекция оқыды.

Сонымен қатар мереке күндерінің бекітілген кестесіне сәйкес кезекшілік уақытылы атқарылды.

Шілде айының 12-13-і күндері музей қызметкерлері Айдынды Арал мекені Қамбаш көлі жағасында елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығы қарсаңында өткізілген «Арал өңірі балықшыларының ІҮ слетіне» барып қайтты. Слет аясында «Балықшылар» музейі бөлімшесі балық шаруашылығында пайдаланылатын құрал-жабдықтардан, балық шаруашылығы саласы ардагерлерінің портреттері мен құжаттарынан сондай-ақ арал теңізінің карталарынан көрме ұйымдастырды.

Шара барысында «Балықшылар» музейінің меңгерушісі А.Медетбаев «Үздік балықшылар мұражайының қызметкері» номинациясымен марапатталып, сыйлыққа ие болды.Атқарылған іс-шаралар фотосуреттерімен Facebook парақшасына салынды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласында «Отан отбасынан басталады» деп атап көрсеткен. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге - Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады», деп жазды Президент. Аталмыш бағдарламаға орай музей қызметкерлері келушілер арасында «Музей – тұнған тарих» атты тақырыпта экскурсиялық шолу ұйымдастырды. Олар экскурсия барысында музейдің 6 залымен толық танысып, мәліметтер алды

  Арал аудандық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Балықшылар музейі» бөлімшесі «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» аясында Арал теңізінің кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін және ауданымыздың өлке тарихынан кеңейтілген көрме өткізіп, мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарына «Теңіз тарландары» тақырыбында лекция оқыды. Лекцияда Арал ауданынан шыққан 16 Социалистік еңбек ерлері, оның ішінде балық шаруашылығы саласы бойынша шыққан Т.Әлімбетов, Ұ.Өтеулиева, Б.Рысқалов, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары К.Бейсенованың өмірі мен еңбек жолдары ұрпаққа ұлықталды.

Музейдің «Тәуелсіздік» залында 30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай музейдің қор сақтушысы Ж.Бақытжанованың ұйымдастыруымен «Конституция- тәуелсіздік тірегі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрермендерге көрме барысында ҚР Конституцияның сипаты, маңызы, Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері, туралы түсіндірілді. Сондай-ақ ғылыми қызметкерлер Ата Заң жайында түрлі тақырыптарда лекциялар оқып экскурсия жүргізді. Лекцияның мақсаты -Конституцияның ерекшеліктерін аңғарту, жетістіктеріне тоқталып, келушілерге өз елінің, туған жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, Конституцияны іске асыра білуге талпындырып, өз құқығын қорғай білуге баулу жайында насихатталды.

Қыркүйек айының 11-і күні аудандық тарихи –өлкетану музейінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Қазығұлов Алпысбайдың 60 жасқа толуына орай музейдің ғылыми қызметкері И.Рзағазиева «Сиқырлы қылқалам иесі» тақырыбында музей келушілеріне лекция оқыды.Лекция барысында суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы толық қамтылды.

Қыркүйек айының 19-ы күні Мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржановтың өмірі мен қызметінен «Балықшылар музейі» бөлімшесінің меңгерушісі А.Медетбаевтың ұйымдастыруымен танымдық лекция оқыды.

Музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызының ұйымдастыруымен қыркүйектің 21-і күні «Латын әліпбиі –өркениетке жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға журналисит –жазушы Жұмабай Жақып, №13 мектептің қазақ тілі мұғаліміТөлепов Нағашыбай, аудандық мәдениет орталығы әдіскерлері мен А.Гайдар кітапханасының қызметкерлері қатысып өз ойларымен бөлісті.Шара соңында музей залдарына экскурсия жүргізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет