Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылы өткізілген іс-шаралардың қысқаша мәліметі


Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі69,1 Kb.
#54061
1   2

Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 2018 жылдың шілде,тамыз,қыркүйек айында өткізілген мәдени-шараларының мәліметі. Қалалық №4 кітапханада «Тілім менің сарқылмайтын байлығым» атты тақырыптық кеш болып өтті. Шараның мақсаты: Қазақстанның Егемендігін баянды етіп,әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рол атқаратындығын және де ана тілге деген сүйіспеншілігін арыттыра отырып,ана тілін қастерлеуге,адами мұратқа жеткізетін тіл мен дәстүрімізді,халықтың тарихта қалыптасуы тіліне байланысты екенін ұғындыру. Іс шараға қатысқан адам саны: 20

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Аққұлақ ауылдық кітапханада «Латын әліпбиі – рухани Тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кештің мақсаты: Оқырмандарға латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат беру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Шараға қатысушы оқырмандар саны: 15.

Осындай шаралар: «Латын әліпбиі-рухани тәуелсіздік жолы»дөңгелек стол,қалалық № 1 кітапхана, «Латын әліпбиіне көшу-тіл үшін жасалған игі қадам»Қамбаш ауылдық кітапхана,

«Отбасы-бірлік пен береке ордасы»

Бөген ауылдық кітапханасында Отбасы күніне орай «Отбасы – ұлағат ұясы» атты дөңгелек үстел болып өтті.Шараның мақсаты: Қоғамдағы отбасының рөлін айқындау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын, алатын орнын айқындау, қоғамдық орта, отбасының тұлға қалыптастырудағы міндеттерін жүйелі де нәтижелі жүзеге асыруға бағыттау. Шараға ата аналар,оқушылар ,барлығы-12 адам қатысты.

Осындай шаралар: «Отбасы-Отан айнасы», «Отбасы- өмір аясы»тренинг,қалалық №4 кітапхана,Жақсықылыш қыстақтық кітапхана,«Ұлағатты отбасы-Ұлт құндылығы»өнеге сағаты,қалалық №3 кітапхана.

«Өнегелі –имандылық тәрбиесі» Қалалық №3-ші кітапхананың ұйымдастыруымен  «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты дебат болып өтті.Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттықылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;Қазақ халқының әдет – ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ сақтап, жақсы қасиеттерді дарыта білу. Қатысқандар саны-13 оқырман.

Қызылжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мұханбедин Исаұлының «Иман мен дәстүр хикметтері» атты кітабына кітапқа талдау өткізілді. Шараның мақсаты:«Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақала аясында қазақ халқының тарихындағы ислам діні мен дәстүрін насихаттау.Шараға 25 оқырман қатысты.

Қалалық № 1 кітапханада «Лаңкестік-халыққа қарсы қылмыс» атты оқырмандармен ой толғау өткізілді. Кештің мақсаты: Оқырмандарға қоғамның әлеуметтік құқықтық,діни сипаттарын ұғындыра отырып,терроризм,лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу туралы түсінік беру.Өмір қауіпсіздігі,жанашырлыққа,бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу. Іс-шараға қатысқандар саны:23.

«Ата заң-еліміздің басты құндылығы»

Қалалық № 4 кітапханада «Айбыныңды асырған, айшықты Ата Заң» атты құқық сағаты өткізілді..Шараның мақсаты: Оқырман қауымға адам құқықтары туралы түсінік бере отырып,әр азаматтардың міндеттерімен құқықтарын білуге,өзіндік шешім қабылдай алуға,Отанын сүйетін,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.Қатысқан оқырман cаны 12.

Осындай шаралар: «Ата Заң - қоғамның айнасы»тренинг Жаңақұрылыс ауылдық кітапхана,

«Асқақтатар асқар елді-Ата Заң»дөңгелек стол,қалалық № 3 кітапхана, «Ата заң кемел болашақ кепілі»тақырыптық кеш ,Жақсықылыш қыстақтық кітапхана, «Айбары асқақ Ата заң»

Мерекелік кеш,Бөген ауылдық кітапхана,

«Астана-Тәуелсіз елдің нышаны»

Қалалық № 4 кітапханада «Рухы биік Астана» атты таным сағаты ұйымдастырылды.Кештің мақсаты: Астана қаласы туралы кеңінен мәлімет беру. Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту.Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуіне деген ниетін қалыптастыру.

  Қалалық №3 кітапханада Астана қаласының 20 жылдығына орай «Елдігімізді ұлықтаған -Бас қала» атты мерекелік кеш өткізілді.Мақсаты: Астана қаласының 20 жылдығы екендігін хабардар ету, жастардың бойына Отанға ,туған елге сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін қалыптастыру,ұлтжандылыққа тәрбиелеу, әсемдікке ой-өрісін кеңейту.Шараға 12 оқырман қатысты.

Осындай шаралар: «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі»тақырыптық кеш,Орталық кітапхана, «Ертегімсің, сен менің, шыңға айналған Астанам»ертеңгілік ,орталық балалар кітапханасы, «Туған күніңмен Астана!»мерекелік кеш,қалалық балалар кітапханасы,



Жаратылыстану, денсаулық сақтау және медицина ғылымдары
Райым ауылдық кітапханада «Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кілті!»атты денсаулық сағаты өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру; қоршаған орта, денсаулық жайлы түсінік беру. Іс – шараға қатысқан адам саны: 10. Қатысушылар: №72 орта мектебінің оқушылары.

«Туған өлке-тұнған шежіре»

Жаңақұрлыс ауылдық кітапханада «Туған жер» бағдарламасы аясында «Батыр туар ел үшін, жақсы туар жер үшін» атты таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Жаңақұрылыс елді мекенінің белгілі тұлғалары: Сарыайғыр батыр,Пұсырман би, Тәбекен би, Тәжі палуан т.б. тұлғалардың өмірі мен еңбек жолдарын,ерліктерін кейінгі ұрпаққа насихаттау,таныстыру,үлгі ету.

Шараға клуб үйінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары,барлығы-20 адам қатысты.

Сексеуіл қыстақтық кітапханасында Сыр өңірінің бас қаласы- Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Шежірелі Сыр елі» атты библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: оқырман қауымға Шежірелі Сыр елінің тарихын, мәдени мұраларын етене таныстыру. Іс – шараға қатысқан оқырман саны: 23 оқырман.



Абай атындағы орталық кітапханада Сыр елінің әйгілі шешені Жетес Қыстаубайұлының 190 жыл толуына орай «Үш жүзге мәлім Жетес би» атты жыр мүшәйра өткізілді. Мақсаты: Кіші жүз , шекті руынан жақайым аталығынан шыққан Жетес би ел арасаындағы ел бастаған көсемдігімен сөз бастаған шешендігін жас ұрпаққа насихаттау. Шараға кітапхана тұрақты оқырмандарымен 18 оқырман қатысты.

«Бір ел- бір кітап акциясы»
Орталық балалар кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау барысында «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты әдеби кеш болып өтті.Мақсаты: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Қалалық балалар кітапханасында белгілі ғалым, жазушы, аудармашы, түркітанушы, профессор Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітабын талдау арқылы , жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу, оқу мәдениетін дамыту және рухани жаңғыруға баулу, адам жанының қайсарлығы жан-жақты баяндалған шығарманы жастарға оқыту арқылы, оларды қайсарлыққа тәрбиелеу мақсатында «Сірә, өмірден үміт үзгім келмейді» атты кітапқа талдау өткізілді.Шараға қатысқандар : 28 оқырман.



Абай атындағы орталық кітапханада белгілі ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік алғашқы Әнұранының авторларының бірі  Жадыра Дәрібаеваның туғанына 70 жыл толуына орай «Көңілімнен күй төгіледі еріксіз» атты поэзия кеші өткізілді.Шараның мақсаты:Оқырмандарға ақынның өмірі мен жүрек жарды жырларымен таныстыру .Еліміздің еңсесі көтеріліп ,халқымыздың сана-сезімі өсіп ,болашаққа нық қадам басқан бүгінгі жұртымыздың о бастағы жаратылысының жарқын да ұлағатты болмысын кейінгі ұрпаққа насихаттау.Шараға 25 оқырман қатысты.

«Арал қалалық тарихи музейінде» 2018 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет Жыл басында мекеменің жылдық жоспары бекітіліп, осы іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Қаңтар айында қаладағы №64 орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Сең үстінде..» шығармасынан оқу-конференциясын өткізілді.

Қаңтар айының 23-ші жұлдызында «Әбдіжәміл әлемі» атты кітаптар көрмесі өткізілді. Көрмеде, Әбдіжәміл Кәрімұлының өмір жолдары мен шығармашылығы

таныстырылды.

Қаладағы №220 орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Ақ бидай туралы аңыз» шығармасынан лекция оқылды. Жазушы қаламынан туындаған шығарма оқушыларға жақсы әсер қалдырды.

Ақпан айында қаладағы №2 санитарлық мектеп интернатының 5 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Қазақ халқының әйгілі әнші –композиторы, ақын Ақан Сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының дүниеге келгеніне 175 жыл толуына орай өмір жолдары туралы лекция оқылды

Наурыз айының басында №220 орта мектеп оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Ризашылық пен алғыс» атты танымдық сабақ өткізілді. Шара барысында ризашылық пен алғыс туралы, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық қарым-қатынасын туралы түсінік берілді.

Наурыз айының 19-ында Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тәңірберген Дәрменов,Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Қапақова Толқын және №13 орта мектебінің 9- сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты этнографиялық көрме болып өтті.

18-сәуір –Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткіштер –ел тарихы, халық мұрасы» атты көрме өткізілді. Көрменің негізгі мақсаты: Ескерткіштерді құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу. Көрмеге Арал индустриалды-техникалық коледжінің №82 байланыс құрастырушы , кабельші студенттері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары қатысты.

23-сәуір Жазушы, Ұлы Отан Соғысының ардагері, халық қаһарманы «Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл» толуына орай өмір жолдары туралы лекция оқылды.Лекцияға қаладағы № 220 орта мектебінің 2 «а» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Өтегенова Нұрбибі қатысты.

Мамыр айының 5 жұлдызында Кеңес одағының батыры Балмағанбетов Мақаштың(1914-1977) өмір жолдарын насихаттау мақсатында «Қазақ батыры» атты лекция оқылды.Лекцияға Жалғыз ағым бастауыш мектебінің 3-4 сынып оқушылары қатысты.

9-мамыр-Жеңіс күніне орай «Батыр бабалар» атты фотокөрме өткізілді. Көрмеге қаладағы №262 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі В. Жантөреева мен 8 сынып оқушылары қатысты.



Мамыр айының 15 жұлдызында Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Курляндия» шығармасынан лекция оқылды. Лекцияға қаладағы №13орта мектебінің 8- сынып оқушылары мен сынып жетекшісі технология пәнінің мұғалімі Шүкірова Гүлмира қатысты.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын

еске алу күніне байланысты «Жазықсыз жазаланғандар» атты фотокөрме өткізілді. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау. Көрмеге қаладағы №13орта мектебінің 9 «А» сынып оқушылары қатысты.

4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбында фотокөрме өткізілді. Көрмеге Арал аудандық ішкі істер бөлімі, қаладағы №13орта мектебінің 9 «А» сынып оқушылары, Тоқабай ауылы №248 орта мектебінің 7- сынып оқушылары қатысты.



16 маусым күні «Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің мақтанышы» атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Шараға аудандағы ЮСИМАС Арал ментальді арифметика академиясының директоры А.Абдуалиев, администраторы Л. Қуатова және жазғы тынығу лагерінің 1-5 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында сурет салу сайысы өткізілді. Сурет салу шеберлігіне қарай №14 мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы Тиыштықов Нұрбек 1орынмен, №62 мектеп- лицейінің 4 сынып оқушысы Исламхан Абзалов 2 орынмен, №260 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Ақтанберді Төлегенов 3 орынмен марапатталды.

Маусым айының 22 жұлдызында «Қазақ халқының мәдениеті» тақырыбында лекция оқылды.Лекцияға қаладағы №64 орта мектебінің 1-3 сынып оқушылары мен бастауыш сынып мұғалімдері Н. Қаналиева, Е. Ралиев қатысты.

6 шілде – Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай «Ару қала-Астана» тақырыбында фотокөрме өткізілді. Көрмеге қаладағы № 64 орта мектебінің 1-3 сынып оқушылары, № 62 мектеп лицейінің 1-3 сынып оқушылары және № 71 орта мектебінің 20 жылдық түлектері қатысты.

Шілде айының 13 жұлдызында Ә. Нүрпейісовтың «Соңғы парыз» романындағы Арал теңізінің тартылуы салдарынан халықтың зардап шегуі, эколоиялық проблемаларды қозғау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара қала тұрғындарының қатысуымен болып өтті.

Тамыз айының 2 жұлдызында аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жердің тұғырлы перзенттері» атты фотокөрме өткізілді. Көрмеге Арал қаласының тұрғындары қатысты.



Тамыз айының 8 жұлдызында Қызылорда қаласының құрылғанына 200-жыл және Қызылорда облысының құрылғанына 80-жыл толуына орай «Сүйікті қала-Қызылорда!» атты фотокөрме өткізілді. Көрмеге мектеп оқушылары қатысты.

Тамыз айының 24-жұлдызында 30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Тәуелсіздік тірегі-Ата заң!» атты атты кеш ұйымдастырылды.

2қыркүйек Жазушы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай- фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеге Ерімбет жагы тұрғындары В.Қасымова, Ж.Турениязов №62 мектеп-лицейінің 30-жылдық түлектері қатысты.

Қыркүйек айының 4 жұлдызында Жазушы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100жыл толуына орай «Халқым деп соқты жүрегім» атты тағылымдық кеш өткізілді. Кеш қала тұрғындарының қатысуымен өткізілді.



Қыркүйек айының 20 жұлдызында Тілдер мерекесіне орай «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында лекция оқылды. Лекция №260 мектептің 7 «Ә» сынып оқушыларына оқылды. Лекцияның мақсаты: Оқушыларға ана тілін құрметтеп, қастерлеп, мақтан тұтуға үйрету.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілетін іс-шаралар

Қыркүйек айының 12 жұлдызында «Көп тіл білу көптік етпейді» тақырыбында лекция оқылды. Лекция Ж.Әбдірашов атындағы №62 мектеп лицейінің 2 «А» сынып оқушыларына оқылды. Лекцияның мақсаты: Оқушыларға өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметтеуді үйрету.

Қыркүйек айының 24 жұлдызында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Мен өмірге ғашықпын» тақырыбында лекция оқылды. Лекция №14 мектеп-гимназия оқушыларына оқылды. Лекцияның мақсаты: Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.

Аудандық мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2018 жылдың белгіленген жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Ақпан айының 5-6 күндері аралығында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Арал аудандық мәдениет үй» жанындағы №1 «Ақ желкен» №2 «Асыл мұра» мәдени жылжымалы демелыс кешендерінің «Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті жолдауын насихаттау барысында мәдениет үйінің өнерпаздары Құмсағыз- Сарышығанық, Сорбеткей-Санияз клубы жоқ елді мекендерде болып шет жатқан ауыл тұрғындарына өнер көрсетіп елбасымыздың жолдауын халыққа насихаттап кең тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп барша тұрғындардың алғысына иеленіп нәтижелі жұмыс көзін жүргізді.

9 ақпан күні Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілердің аудандық байқауы ұйымдастырылды. Жастар мен студенттерді елжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, аудан көлемінде аталып өтілетін ауқымды шараларға жастарды тарту, көркем шығармашылыққа баулу. Көркемсөз жанрын, жастардың тіл тазалығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, концерт жүргізушілікке жастарды бейімдеу мақсатында. Арал қаласындағы арнаулы оқу орындары, мектеп, мекеме, қала,кент,ауылдарынан талапкерлер қатыстырылды.
8 ақпан күні Кәсіби мамандарды дайындауда Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі міндеті – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру. Осы бағытта, негізі қаланғанына 90 жылдың жүзі болған Арал индустриалды-техникалық колледжінің мерей тойы ұйымдастырылып өткізілді.

15 ақпан күні Арал қаласындағы ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында «Ауған-алауы жадымызда» атты Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай еске алу шарасы өткізілді шара барысында батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерімізге жиналған қауым ең алдымен майдаңгерлерді үнсіз еске алып, орталық мешіттің найб имамы Н.Кеңесханов құрбан болған боздақтардың құрметіне құран бағыштады.

6-ақпан күні Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан халқына жолдаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы аясында "Елбасы жолдауы-жастардың қолдауы" тақырыбында ой-толғау аудандық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханада болып өтті.

6 наурыз күні Көңілдерге қуаныш пен шаттық сыйлай келетін көктем – аяулы аналарымыз бен әпке-қарындастар үшін ерекше мезгіл. Себебі, сұлулық пен әдеміліктің, жарасымдықтың жаршысындай – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде «Ана–өмір шәрбаты, Ару–әлем сымбаты» атты салтанатты шара өтті. Ғасырдан асқан Жонай Таңымбетова батасынан бастау алған мерекелік кешке аудан әкімі М.Оразбаев қатысып, өз лебізін білдірді.

16 наурыз күні «Ән көңілді әжелер» атты әжелер ансамбльдерінің арасында аудандық байқау өткізілді. Әжелер ансамбілін құру мақсаты, халық әндерін насихаттап халық арасына тарату. Әжелер ансамбілі ұрпақтар сабақтастығына дәнекер болу мақсатында ізін басып келе жатқан жас буын жастарға қазақ әндерін, дәстүр салтын, болмысын, мінезін, бір сөзбен айтқанда ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында.

21 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай «Ұлы Наурыз-Қасиетті күн көктем» атты қойылым қойылды. Орталық алаңда ретімен құрылған киіз үйлер сән түзеп, алыстан көз тарта алаң ажарын ашып, мерекелік шараларға ерте жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қамбаш елді мекенінде "Көңілашар" халықтық мәдени-үгіт бригадасының жанынан құрылған "Нұр шуақ" балалар үгіт тобы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан халқына жолдаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы аясында "Елбасы жолдауы-Ел үні" атты қойылым-концертпен өз өнерлерін көрсетіп қайтты.

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Арал аудандық мәдениет үйі ауласында орнатылған Жетес би мен Қызжібек пен Төлеген ескерткіштерге мәдениет үйінің қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді. Ескерткіштер маңы тазалаынып, әктеу және сырлау жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта гүл егіліп безендіріледі.

Сонымен қатар «Ескерткіштер-ел тарихы» атты таным сағаты өтті. Шараның негізгі мақсатты ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу.

№2 санаторий интернат оқушыларына Арал қаласындағы ескертіштердің шығу тарихымен таныстырылды. Атап айтар болсақ: аудандық мәдениет үйі жанындағы Жетес би ескерткіші, Қызжібек пен Төлеген, Зейнолла Шүкіров, Кеңестік дәуірдегі Аралдың атын әлемге танытқан, өскелең ұрпақ үшін ұлы дала тарихының аңыз адамы Төлеген Медетбаевты ұлықтау мақсатында орталық алаңындағы «Жастар аллеясына» бюсты, орталық алаңдағы Рәміздер алаңы мен 1941-1945 Ұлы Отан соғысына қатысып қайта елге оралмаған ардагерге арналған ескерткіштерге көрсетіліп, мағұлыматтар берілді. Аудан әкімдігі мен аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосып, асқар биігіне шыққан Қазақстанның Халық жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың шығармашылығынан облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Теңіз тағдырын толғаған туынды» тақырыбында Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы бойынша дебат өткізілді. Дебат аясында "Ә.Нұрпейісовтың шығармалары арқылы оқырмандық қызығушылықты қалыптастыру тәжрибемізден" атты көрме ұйымдастырылған болатын.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін айдынды Арал жұрты да өзіндік сән-салтанатымен атап өтті. Береке мен бірліктің туы желбіреп, еңбек пен достықтың күйін шертетін «Қазақстан – бірлік пен татулық бесігі» атты мереке ұйымдастырылды. Орталық алаңда қаладағы мектептер мен мекемелердің қатысуымен мерекелік шеру болды.



Мерекелік шара алдын ала жоспарлаған бағдарламаға сай – орталық алаңнан бастау алып, аудан оратығында бірқатар мекемелердің қатысуымен достық шеруі болып өтты. елбіреп, еңбек пен достықтың күйін шертетін ғажайып мезгілді аралдық ағайын асыға күтеді. “ Қазақстан – бірлік пен татулық бесігі ”. “Тату елде тыныштық, бейбіт елде береке орнайды”. “Бірлігі жарасқан Қазақстан!” деп ұрандаған аралдықтар мерекені тойлауды күнмен таласа бастап кетті.
Мерекелік шара алдын ала жоспарлаған бағдарламаға сай – орталық алаңнан бастау алып, аудан оратығында бірқатар мекемелердің қатысуымен достық шеруі болып өтты.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні «Отанды қорғау-нағыз ердің міндеті» атты мемлекеттік мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өткізілді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас Қолбасшсы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткізілген Жауынгерлік парадты тамашалаудан бастау алды.


Жауынгерлік парад – бұл әскери парадтың жауынгерлік оқу-жаттығулар және жауынгерлік даярлық элементтерімен үйлесуі. Еліміз үшін айрықша маңызы бар Жауынгерлік парадқа қатысқан Нұрсұлтан Әбішұлы барша қазақстандықтарды 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін ерекше маңызды екенін айтты.

9 мамыр- Ұлы Жеңіс күні. Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеген күн. Осы орайда Желбіре жеңіс жалауы» атты меркелік концерт аудан орталығында өткілді. Ерлік жалауы желбіреген шақ.  Жеңіс күні жиынға тыл ардагерлері және мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Айтулы күнді атап өту ең алдымен Арал қаласындағы Семей полигоны мен Чернобыль апатын қалпына келтіруге қатысқан азаматтар құрметіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды.

12 мамыр күні Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында –өткен жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан «МЕН ҚАЗАҚПЫН» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің телевизиялық мега жобасының аудандық іріктеу туры өткізілді. Байқаудың мақсаты атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрмен дамытып. Ауданымыздың атынан жобаға 18-40 жас аралығында сегіз өнерпаз қатысып өнерлерін көрсетті.

«Үздік әдіскер-2018» қалалық, аудандық, ауылдық клуб кәсіпорындары әдіскерлерінің арасында облыстық байқаудың аудандық іріктеу туры өткізілді. Байқаудың мақсатты клуб кәсіпорындардағы әдіскерлердің кәсіби денгейін, кәсіби шеберлігін және мәртебесін арттыру, шығармашылық әлуетін неғұрлым толық жүзеге асыруына, олардың қызыметіндегі тйімділігін нығайту үшін жағдай жасау әдіскерлердің үздік іс-тәжірбиесін анықтау мақсатында ауылдық клуб үйлерінен 7 әдіскер қатысып өнер көрсетті. Облыста өткізілетін байқауға Бөген ауылдық клуб үйінің әдіскері Ділжанова Әйгерім, Құланды ауылдық клуб үйінің әдіскері Қарасаева Пернегүл жолдамаға ие болды.

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – өмір аясы» атты М.Сыдықовтың отбасылық ансамбльімен кездесу кеші болды. Кеште отбасы мүшелерімен сұхбат жүргізіліп, жанұялық ансамбльдің қызығы мен шыжығы туралы ой бөлісті және өз өнерлерін көрсетті.

20 мамыр күні Мәдеиет пен өнер күніне орай төл меркені атап өту мақсатында «Мәдениет –мәңгілік, өнер өміршең» атты салттанаты кеш өтті. Мерекелік шара барысында мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды. Мәдениет саласының өнерпаздарының өнерімен жалғасты.

24 мамыр күні Ерен ерлікті, айбынды жерлесіміз, Қазақстанда жасақталған 73- гвардиялық двизияның ту ұстаушысы, Кеңес Одағының батыры Мақаш Балмағанбетовты еске алуға арналған «Ерлігі-елге мұра» атты рухани тағылымды кеш өткізілді кешке баттырдың ұрпақтары арнай шақыртылды.

4 маусым – ҚР-ның Мемлекеттік рәміздер күні аясында Тәуелсіздігіміздің басты нышаны саналатын Рәміздер алаңының ашылу салтанаты болды.

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет» атты мерекелік концерт берілді. Ауданда әр түрлі салада қызмет жасайтын мемлекеттік қызметкерлер марапатталып, ауданға қарасты Райым және Қарақұм ауылдық әкімдеріне қызметтік автокөліктердің кілті табысталды. Мерекелік шарада аудандағы жас мемлекеттік қызметшілер мен өнерпаздар өнер көрсетті.

Аудандық мәдениет үйінде полицейлердің кәсіби мерекесі орай «Полиция – ел қорғаны» атты концерт берілді. Салтанатты шараға аудан әкімі арнайы қатысып, ел қорғандары – полиция қызметкерлеріне табыс, сәттілік және абырой тілейтіндігін жеткізіп, бірқатар аудан полицейлерін марапаттады. Арал аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы әріптестерін мерейлі мерекесімен құттықтап, арнайы алғыс хатын табыс етті.

Салтанатты кеш одан әрі аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының жолдауы аясында, Астана қаласының 20-жылдығы қарсаңында аудандық мәдениет үйінде «Астана-болашақтың қаласы» атты аудандық үгіт топтары байқауы өткізілді.

6 шілде - Астана күні мерекесіне орай ауданымыздың орталық алаңында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Төбесінде жарқырап, күн байлаған Астанам!» атты мерекелік қойылым концерт өтті.
Мерекелік кеште аудан өнерпаздары мен талантты жастар өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Шара отшашумен аяқталды. Айдынды Арал мекені Қамбаш көлі жағасында елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығы қарсаңында шілде айының 12-13 күндері «Арал өңірі балықшыларының IV-слеті» өтті. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары және қоғам қайраткерлері мен аймақтағы балық шаруашылығының ардагерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Әділеттің ұраны-Ақиқаттың тұрағы» атты салтанатты кеш өткізілді. Ата заңымыды айқындап елдігіміздің егемендігінің белгісінде ата заңымыздың абыройы асқақтауда. Кеште ауданымыздың өнерпадары кеңінен өз өнерлерін көрсетіп қалықтың ықыласына бөленді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында өз өмірін халқының болашағына арнаған, өмір жолы өнеге мен тағылымға толы тұлғаларды ұлықтау оларды жас ұрпаққа насихаттау жөнінде баса айтқан болатын. Осы орайда, Тоқабай елді мекенінде Қазақ ССР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Арал ауданының құрметті азаматы Қуаныш Бердімағанбетовтың 85 жылдығына орай еске алу шарасы өткізілді. Шара аясында ауыл орталығындағы жаңадан ашылған

демалыс саябағында Қ.Бердімағанбетовтың ескерткіш мүсіні ашылып, орталық көшеге еңбек майталманының есімі берілді.

Театрландырылған қойылымнан басталған шарада марқұммен қызметтес болған, көзін көрген ақсақалдар еске алып, естеліктерімен бөлісті.

21 қыркүйек күні аудан тұрғындарына жаңа нысан футбол, волейбол, баскетбол ойындарын өткізетін алаң пайдаланылуға берілді.Спорт алаңының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов бұқаралық спортқа ден қойған жастардың жаңа алаңдағы футбол ойынын бастап берді.



Комсомол ұйымының құрылғанына 100 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өткізілді. Жиынға ауданда еңбек жолдарын бастап, еліміздің әр аймағында абыройлы қызмет атқарған азаматтар да арнайы қатысты. «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Божанова комсомолдың ғасырлық тарихын жинақтау барысында бірлестіктің бастама көтергендігін, соның нәтижесінде жастардың жұмыла қимылдап, өз ата-әжелерінен бастап, әрбір аудан, ауылдардағы комсомол ұйымының мүшесі болып, елеулі еңбек еткен жандар туралы деректер жиналғандығын айтты. 
Каталог: images -> 1esep
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
1esep -> Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2018 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстар есебі
1esep -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми интернет рерсурсын ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстардың екі тілдегі мәліметі
1esep -> Арал ауданындағы білім саласы бойынша 2017 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар туралы жалпы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет