«Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок



Дата04.11.2016
өлшемі86,76 Kb.
«Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған

жазбаша емтихан сұрақтары

1 БЛОК

  1. Сақтардың шығу тегі және этномәдени тарихы: проблеманың тарихнамасы.

  2. Әлемдік өркениет жүйесіндегі Қазақстан территориясы (VI-XII ғғ.). Ғылым мен мәдениеттің дамуы. Сәулет өнерінің ескерткіштері. Қалалар мен қоныстар.

  3. Қазақ хандығының тарихы туралы Мұхаммед Хайдар Дулатидің (1500-1551 жж.) «Тарих-и Рашиди» шығармасы.

  4. Рашид-ад-Диннің еңбектеріндегі Орталық Азия мен Қазақстан тайпалары.

  5. Қадырғали Жалайырдың «Жами ат-Тауарих» атты еңбегі Қазақстан тарихын зерттеудегі түпдерек ретінде.

  6. Түркілердің шығу тегі және этномәдени тарихы: проблеманың тарихнамасы.

  7. Отандық тарихнамадағы Ақ Орда және Көк Орда.

  8. Қазақ хандығының құрылуы: мәселенің тарихнамасы

  9. Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл: зерттеулер мен пайым.

  10. XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің құқықтық нормалары. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдары.

  11. ХҮІІІ ғасырдың І жартысындағы Қазақстанның саяси жағдайы. Әбілқайыр хан.

  12. XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси өміріндегі дағдарыс. Кіші жүзді патшалы Ресей мемлекетінің отарлауы.

  13. ХҮІІ ғ. соңы –ХҮІІІ ғ. халықаралық қатынастар. Қазақ-ойрат, қазақ-башқұрт және қазақ-орыс қатынастары.

  14. Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс. Қазақ батырлары.

  15. Абылай хан мемлекеттік қайраткер және саясаткер. Абылайханның Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы күресте алатын тарихи орны.

  16. ХVII - ХIХ ғасырлардағы дүниежүзілік отарлық жүйенің қалыптасуы.

  17. Ресейдің Орта жүзді отарлауы.

  18. Ресейдің Ұлы жүзді отарлауы. Әскери жазалау экспедицияларының Қазақстанды отарлаудың аяқталуындағы ролі.

  19. XIX-XX ғ.ғ. басындағы Қазақстанның Қытаймен, Орта Азия, Ресеймен сауда-экономикалық байланыстары.

  20. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. 1822-1824 ж.ж. Сібір және Орынбор қырғыздары туралы уақытша ережелер.

  21. 1867-1868 ж.ж. және 1886-1891 ж.ж. реформалар. Ресей империясының отарлау саясатының әкімшілік-құқықтық орнығуының көрінісі.

  22. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған Ресейдің және Орта Азия хандықтарының отарлау саясатына қарсы күрестер

  23. Қазақстандағы капитализмнің дамуының ерекшеліктері.

  24. Бөкей хандығының құрылуы және оның басқару жүйесі.

  25. Бөкей Ордасындағы жаңашыл реформалар. Жәңгір хан.

  26. И.Тайманов пен М. Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс: мақсаты, барысы және тарихи тағылымы.

  27. Ш.Уәлихановтың еңбектері Қазақстан тарихы мен мәдениеті жөнінде.

  28. Қазақ-жоңғар қатынасы: проблеманың тарихнамасы.

  29. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамы: шаруашылығы, сауда және әлеуметтік жіктелу.

  30. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж).

  31. Қазақтардың Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күресі (ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары).

  32. Оңтүстік Қазақстанның жаулап алынуы. Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы (ХІХ ғ 50-60 жылдарының ортасы).

  33. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы материалдық мәдениеті. Тұрмыс-салт мәдениеті.

  34. Қазақстанның ХІХ ғасырдың соыңындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы: халықтың полиэтникалық құрамы, сауда жүйесі және урбанизация үрдістері.

  35. Сұлтан Кенесары бастаған қазақтардың көтерілісі, оның сипаты, жүрісі, және жеңілу себептері.

  36. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Қоныстандыру мәселесі.

  37. Қазақстанның Ресейге қосылуы: проблеманың тарихнамасы.

  38. ХІХ – ХХ ғ. бас. Қазақтың музыка мәдениеті. Ықылас Дүкенұлы, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет. Батыс Қазақстандағы ақын-күйшілер: Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхит, Сейтек, Дина т.б.

  39. XVII-XX ғғ. қазақтардың тұрмысы. Дәстүрлі көші-қоны, киім-кешектері, азық-түлік, шаруашылық бұйымдар. Қазақтардың көне тұрмыс салт-дәстүрлері мен мейрамдары.

  40. Қазақстанның ХІХ ғ. ІІ жартысындағы мәдениеті. Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл, ақын. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы.

2 БЛОК

  1. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы.

  2. Мұхамбет-Салық Бабажановтың тарихи-этнографиялық еңбектері. Батыс Қазақстанды зерттеудегі ғалымның үлесі.

  3. ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-саяси мәселелердің қазақ зиялыларының еңбектерінде бағамдалуы.

  4. Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмірі: оқу-ағарту ісі, ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметі

  5. Бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

  6. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Жаңа көзқарас.

  7. 1917 жылдың ақпанынан қазанына дейінгі Ресей және Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайлар.

  8. Қазақстандағы Алаш қозғалысы: мақсаты, бағыттары және тағылымы.

  9. Алашорданың құрылуы. Алаш қайраткерлері идеяларындағы ұлттық, мемлекеттілік мәселелер.

  10. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж).

  11. Қазақстанда ұлттық-либералдық қозғалыстың пайда болуы. Демократиялық баспасөз (ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басы) және оның ұлттық сана сезімді қалыптастырудағы ролі /А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев т.б./.

  12. ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басы қоғамдық-философиялық ойдың дамуы. /А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш т.б./.

  13. 1920-1940 ж.ж. Қазақстандағы мәдени құрылыс. Негізгі бағыттары және қиындықтары.

  14. 1929-1932 ж.ж. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға қарсы қарулы көтерілістер, оның нәтижелері.

  15. 1946-1970 ж.ж. Қазақстан өнеркәсібінің дамуы. Қазақстан КСРО-ның ірі индустриалдық базасы.

  16. ХХ ғ. 20 жылдарындағы Кеңестік Қазақстан территориясының қалыптасуы. Ұлттық-территориялық межелеу.

  17. Қазақ Кеңес мемлекеттігінің құрылуы.

  18. Қазақстан ХХ ғасырдың 20-40 жж. Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында.

  19. Қазақстандағы ұжымдастыру оның ерекшеліктері және салдарлары.

  20. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: барысы мен нәтижелері.

  21. КСРО-да индустрияландырудың жүзеге асуы. Қазақстан индустрияландыру кезеңінде.

  22. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері, саяси айтыс-тартыс. С.Сәдуқасов және т.б.

  23. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аудару.

  24. Кеңес Одағында Ұлы Отан соғысының басталуы. Мәскеу үшін шайқас.

  25. Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері, барысы, қорытындысы.

  26. ҰОС жылдарындағы Қазақстан: проблеманың тарихнамасы.

  27. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтар. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар.

  28. Қазақстан-майдан арсеналы. «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін!».

  29. Батыс Қазақстан - Сталинград майданының ең жақын тылы.

  30. Қазақстан соғыстан кейінгі кезеңде: қоғамдық жағдай, мәдениет, ғылым мен білім.

  31. XX ғ. 50 ж. ортасы – 60 ж. бірінші жартысындағы Қазақстан. Н.С. Хрущев реформалары.

  32. 1946-1970 ж.ж. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет пен ғылым өкілдерін қудалау. «Е.Бекмаханов ісі».

  33. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай.

  34. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Жаңаша баға.

  35. Қазақстандағы мәдени өмір мен ғылымның дамуы (1946-2001 ж.ж.).

  36. КСРО-дағы тоталитарлық жүйенің дағдарысы және оның 1970-80 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық дамудағы көрінісі.

  37. Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: шындық пен қиял.

  38. Қазақстан және Ресей ғалымдарының ертедегі және ортағасырлық қала мәдениеті мен тарихын зерттеудегі үлесі /А.М.Марғұлан, К.М.Байпақов, Б.Ерзакович, А.Н.Бернштам, К.А.Пищулина, Т.К.Сенигова және т.б./.

  39. Мұхамбет-Салық Бабажановтың тарихи-этнографиялық еңбектері. Батыс Қазақстанды зерттеудегі ғалымның үлесі.

  40. Қазақстанның ғалымдарының Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі (М.Н.Қозыбаев, Белан т.б.).


3 БЛОК

  1. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан халқының тарихи-демографиялық жағдайы.

  2. КСРО-дағы Қайта құру саясаты: маңызы мен нәтижелері (1985-1991 жылдар).

  3. Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірі (1985-1991 жылдар).

  4. Қазақстан Республикасындағы басқару формасы. Мемлекеттік құрылыс.

  5. Қазіргі заманғы тарих ғылымының өзекті мәселелері. «Тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы...»

  6. Тәуелсіздік - ұлттық және мемлекеттік құрылым факторы ретінде.

  7. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмiрiнiң демократизациялануы және жаңғыруы.

  8. Қоғамды саяси жаңғыртудың жаңа үлгісіне көшу. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау.

  9. Тәуелсіз Қазақстан: саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  10. Тәуелсіз Қазақстанның рухани-мәдени дамуы.

  11. Тәуелсіз Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси ұйымдар.

  12. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы.

  13. Республикадағы Президент постының бекуі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  14. Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстандық жол», «Тарих толқынында» атты еңб. мазмұны мен маңызы.

  15. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев еңбектерінің тарихнамалық мәні.

  16. Қазақстан Республикасы әлемнің неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру жолында

  17. Егемен Қазақстанның демографиялық дамуы

  18. Қазақстанның бәсекеге қабілетті және индустриялық-инновациялық дамуы жағдайындағы білім мен ғылым

  19. ҚР мемлекеттік рәміздері және мемлекеттік наградалар.

  20. Қазақстан Республикасының конституциялары (1993 ж., 1995 ж.)

  21. Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым реформалары

  22. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басым бағыттары

  23. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы.

  24. Қазақстан Республикасының ТМД мемлектетерімен интеграциялық, ынтымақтастық байланыстары.

  25. Қазақстан халқы Ассамблеясы: құрылуы, маңызы және қызметі.

  26. «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы.

  27. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы.

  28. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі.

  29. Егемен Қазақстандағы мәдени үрдістер.

  30. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мәні және мақсаты.

  31. Қазіргі кезеңдегі археологиялық ескерткіштер мен мәдени жәдіргерлерді сақтау мәселелері.

  32. Мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасы. Шетелдердегі қазақ диаспорасы.

  33. Егемен Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары.

  34. Егемен Қазақстанның геосаяси және геоэкономикалық жағдайы: негізгі жағдайлар мен басым векторлар.

  35. Батыс-Шығыс мәдениетаралық және өркениетаралық даму диалогіндегі Қазақстанның үлесі.

  36. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы – қазіргі заман тарихының басты дерек көзі

  37. «Мәңгілік ел» идеясы: мемлекеттік идеялогия мен тарихи сана мәселесі.

  38. Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі. Алматы, Астана қалалары.

  39. Батыс Қазақстан облысы: аумағы, экономикалық ахуалы және әлеуметтік мәселелер. Орал қаласы тарихы.

  40. Әлемдік қауіп пен халықаралық терроризмге қарсы өзара сенімділікті, діндердің диалогін күшейту әрекеттері.


Кафедрада құрастырылды және 10.03.2015 ж. №7 хаттама шешімімен бекітілді

ҚР тарихы каф. меңг. орынбасары А. Байбулсинова
Каталог: images -> M images -> 2015 -> magistratura
magistratura -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
magistratura -> 6М050600 экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан
magistratura -> 6М050700 менеджмент мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан
magistratura -> Факультет: физика-математика
magistratura -> 6М011300 – «Биология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге «Биология» пәнінен қабылдау емтиханының сұрақтары
magistratura -> 1. Классикалық механикадағы кеңістік, уақыт және қозғалыс
magistratura -> 6М010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу