Қарқаралы петициясы. Орал және Торғай облыстарынан дін және жерге байланысты жазылған арыз-тіліктер. Жер мәселесінің қойылуы



Дата07.02.2022
өлшемі15,36 Kb.
#83459
Байланысты:
Қарқаралы петициясы


Қарқаралы петициясы. Орал және Торғай облыстарынан дін және жерге байланысты жазылған арыз-тіліктер. Жер мәселесінің қойылуы.
Қазақ елінің тарихынан үлкен орын алатын бір ғажап құжат былай аталады: «Дело об агитации среди киргиз Каркаралинского и Павлодарского уездов о посылке в Петербург депутации для представления от Киргизского народа петиции царю». Осы құжатқа 42 адам қол қойған. Соның 10-ы Абыралы ауданына қарасты бес болыстың азаматтары. Осы петицияны ұйымдастырушы Әлихан Бөкейханов пен Жақып Ақпаев болуы керек деп Қарқаралының уездік бастығы дала генерал-губернаторына хат жазыпты. Петиция 47 пункттен тұрады.
Жасырын полиция орындарының тыңшылары арқылы осы петицияның тарихын, кімдер белсенділік көрсеткенін, қол қойған адамдардың аты-жөндерін, тағы басқа толып жатқан жағдайларды құпия түрде бақылап отырған. Бұл құжатты ұйымдастырған қазақтың дана ұлдары Әлихан Бөкейханов пен Жақып Ақпаевтар. Олар Абыралыға қарасты бес болыстың азаматтарымен тығыз қарым-қатынаста болған. Соның айғағы – 42 адамның 24 пайызы абыралылықтар. Ол тегін болмаса керек. Әлихан мен Жақып аталарымыз танымайтын адамдармен қарым-қатынас жасай қоймас. Абыралылық азаматтардың аты-жөнін петициядан да оқисыздар. Ал мен оларды жеке көрсетуді дұрыс деп шештім. Олар мыналар:

1. Абыралы болысынан: Мұса Құлбаев, Сүлеймен Қойсоймасов.


2. Ақбота болысынан: Жүсіп Құлбатыров, Бектібай Ботабаев.
3. Бөрлі болысынан: Толмұхамет (көпшілік, «Тоқмет қажы» деп атайды) Алтынторин, Рақия Сатпаев.
4. Дегелең болысынан: Керімхан Төлебаев, Тышқанбай Қашақов.
5. Темірші болысынан: Секербай Қанғожин, Оспан Жанғабылов.

«Қазақ деген халық ешкімнен кем емес. Ақыл да, намысы да бар. Олармен санасу керек. Қазақтар орналасқан жерлерді Ресей әскерлері тартып алғаны дұрыс емес. Ресейдің қол астында болған соң басқа халықтар пайдаланып жүрген құқықтармен тең бөлісу қажет. Өз жеріндегі мол байлыққа қазақтардың өздері ие болуын заңдастырсын. Соңғы 20 жылда қазақтардан тартып алынған жерлері қайтарылсын. Бос жерлерді Ресей мен Кавказдан келген мұсылмандарға беру керек. Жоғарғы басқару орындары Дума сияқты жерлерде өкіл болу қажет». Петицияның негізгі талаптары осылай батыл жазылған. Бұл талаптарды орындатпау қажет деп Ресейдің ішкі істер министрлігі, Дала генерал-губернаторы Семейдің соғыс губернаторына хат жазыпты. Әсіресе сайлау өткізуге жол берілмесін – деп талап еткен. Осы петицияға қол қойған адамдардың ең болмағанда бірнешеуінің аты-жөнін хабарлауды сұраған. 1905 жылдарда осындай қадамға бару – шын ерлік, үлкен жүректілік.


Бастарын қатерге тіккен жандар­дың көпшілігі 1928 жылдары кәмпескеге ұшырап, кейіннен «Халық жауы» атанып, өмірлері­нің соңы қасірет­пен аяқталды. Бұл аталарымыздың есімдерін тарихта қалдыруымыз керек.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында қатігездікпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді;
«… Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек емес нәрселерге жұмсалады… Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселесіне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды»
«Енді бұл заманда қазаққа дін жөнінен болған қысым және кемшіліктер шектен асты. Яғни қазақ балаларының мұсылманша оқып жүрген мектеп-медреселерін әкімдер жапты. Жамағат болып намаз оқитұғын мешіт пен ғибадатханаларды жапты. Һәм неке, туған балалар, өлген кісілер және талақтар туралы және метрике жазудан моллаларды тыйды. Һәм шариғаттың басқа да істерінен моллаларды тыйды», деп, патша өкіметі кезіндегі қысымшылықтар анық көрсетіледі. Сондай-ақ сол кездегі қазақ халқының саны алты миллиондай екендігі айтылады. Мұны да құнды дерек деуге болады.
Жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде - сол кездегі патша үкіметінің өкілі, граф Игнатьевке жер, дін мәселелері туралы жазған талап-тілектері, екіншісі - Жерге орналастыру жөніндегі бас басқармаға жазылған жер мәселесі.
Яғни бұл петицияда екі түрлі мәселе көтерілді: дін және жер мәселелері. Мұнда тек 1905 жыл емес, мәселен, бірінші бөлімге тоқталар болсақ, дін мәселесіне, сонау қазақ даласындағы ислам дінінің 1731 жылғы қазақ даласының Ресейдің қол астына қараған күнінен бастап 1905 жылға дейінгі аралықтағы дін мәселесіне жүйелі, сауатты түрде тоқталып өтеді. Тіпті сонау Алтын Орда ханының Өзбек ханның тұсында, одан бұрын да қазақ халқының ислам дінін ұстанғаны айтылады. Мәселен, Өзбек ханы - Алтын орданы 1312-1342 жылдар билеген, Алтын Орданы ислам мемлекеті деп жариялаған хан. 1905 жылы сол кезеңдегі алты облысқа қараған үш жүздің қазақтарының ислам дінін ұстанатындығы толығымен жазылған.
Екінші бөлім жер мәселесіне арналған. Орал, Торғай облыстарына орыс шаруаларын қоныстандыру қарқынды жүргізіліп, негізінен шаруашылыққа қолайлы, құнарлы да құйқалы жерлерді соларға тартып алып бергендігін ашық жазады. Бұл көшпелі қазақтардың шаруашылығына кедергі келтіргендігін заңның баптары арқылы көрсетіп, «қазақ халқының қолына жер мәңгілік өзінікі» деген документ берілсін" деген нақты талап қояды.

Н.Назарбаев: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе , өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе , онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн». Шынында да , «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған қазақ халқы. Сол себепты өз халқымызды, болашақ жас ұрпақты білімге де патриот болуға шақыра отырып, өз жеріміз бен дініміз үшін күресуіміз тиіс! Қазақ халқының басты байлығы «жер» үшін өз өмірлерімен құрбан еткен жандарды , ұмытпау есте сақтауымыз керек!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет