«Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» КММ
Ақпар
Мамырдың 13 – і күні 6 сынып оқушыларымен Балалар жылы аясында «Отбасындағы бала құқығын қорғау» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты оқушыларға бала құқығы туралы конвенциямен таныстыру, өз құқығын біліп жүруге үйрету. Сынып сағатында оқушыларға бала құқығы туралы конвенцияның баптары слайд арқылы таныстырылды. Сонымен қатар оқушыларға бала құқығы туралы видео ролик көрсетілді. Сұрақ – жауап тәсілі арқылы оқушылар қаншалықты өздерінің құқықтары туралы білетіні анықталды. Оқушылар ортаға шығып өз ойларын айтты.
Сынып сағатының өтілуі туралы видео инстаграм әлеуметтік желісіне салынды.
6 сынып жетекшісі: Касымова А.Е
Достарыңызбен бөлісу: |