Ұйымдастырушылық ізденіс
|
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс, көктем мезгілі. Көктемде балалар, айнала құлпыра түседі, құстар ән салады, ағаштар гүлдейді, табиғат оянып, гүлдер өседі. Күн жылынып, адамдар жеңіл киімдет киеді.
- Ал шөптің арасында нелер пайда болады?
- Гүлдерге нелер қонады?
- Ал олардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
Жәндіктерге, көбелектер, қоңыздар, шегірткелер, құмырсқалар, аралар, қанқыздар жатады.
Тәрбиеші: балалар біз де далаға серуендеген кезімізде жәндіктердің түр түрін көріп, бақылаймыз.
Тәрбиеші: Балалар білесіңдер ме жәндіктердің бізге пайдасы көп. Көбелек гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады. Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді және топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады. Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып отырады.
Қуанышты тосын сый!
(Есік қағылып, қонаққа құмырсқа келеді).
Құмырсқа: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен бүгін сендердің жәндіктер туралы өтіп жатқандарыңды естіп қонаққа келдім. Мен сендерді өзімнің досым ханқызбен таныстырғым келеді. Менімен бірге жәндіктер әлеміне аттануға қалай қарайсыңдар?
Тәрбиеші: Салеметсің бе құмырсқа! Қош келдің! Балалар бұл керемет болды, бізге 1000 рет естігеннен көрі 1 рет көрген қызығырақ, қане құмырсқамен саяхатқа аттанамыз ба? Ол үшін құмырсқаның артынан еріп оның қимылдарын қайталайық!
Жаттығу жасау арқылы әуенмен саяхатқа шығады.
Тәрбиеші: ой балалар міне біз жәндіктер мекен ететін әлемге де келдік. Қане Мен сендерге жәндіктер әлемін көрсетейін, таныстырайын!
Тәрбиеші:
— Балалар сендер құмырсқа мен ханқыздан басқа тағы қандай жәндіктерді білесіңдер?
— Олар иісті сезе ме?
— Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.
Тәрбиеші: балалар міне араның омартасына да келіппіз.
— Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе? (ара ұясына келеді).
-Дұрыс айтасыңдар, ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Олардан адамдар бал алады. Аралардың жауы деп кімді айтамыз.
Тыныс алу жаттығуы
Тәрбиеші: балалар сендер жолдан шаршап келдіңдер, қане араларға қосылып ызылдап тыныс алып дем алайық.— аралар қалай аюды қуып ызылдайды, білесіңдер ме?
(Балалар араның Ыз – ыз – ыз – ызыңдағанын келтіреді)
Тәрбиеші:жарайсыңдар!
— Қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
Құмырсқаның үйі «илеу» деп аталады (Құмырсқа илеуіне келеді) Құмырсқалар біреуі илеу салады, бірі илеуге кіріп – шығатын жол салады, азық тасиды).
— Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
— Құмырсқа қысқа азық жинай ма?
Тәрбиеші: (Қанқыздың мекеніне келеді) Бүгін біз тағы бір жәндікпен танысамыз. Ол үшін сендер қолдарыңды созып, алақандарыңды тосып тұрсаңдар, ол жәндік сендердің алақандарыңа өзі қонады.
-Балалар, көздеріңді ашыңдаршы, сендердің алақандарыңа қандай жәндік қонды. Сендер бұл жәндікті көрген жерлерің бар ма, қайдан көрдіңдер?
-Қанқызын бәрің де білесіңдер, ал олардың тіршілігі көп бірмеулерің мүмкін. Сол себепті мен сендерге бүгін қанқызы туралы айтып беремін. Қанқыз-қызыл түсті, үстінде нүктелері бар кішкентай жәндік. Ол кішкентай болса да ештеңеден қорықпайды. Неліктен ? себебі, оны қолыңа алып, басып қалсаң, ол сап-сары жағымсыз иісі бар уын шығарады. Сол себепті оған құстар тиіспейді. Міне, қанқыз осылайша қорғанады екен.
-Қанқыздың дене мүшелерін атаңдаршы?
-Қанқыздың түсі қандай еді?
Тәрбиеші: Қанқыз алма битін, жапырақ бүргесі, өрмекші, кене т.б ұсақ жәндітермен қоректенеді екен.Қанқыздың адамзатқа пайдасы, олар өсімдік зиянкестерін жейді екен. Демек пайдасы бар екен.
Тәрбиеші: -Балалар, біз бүгінгі оқу қызметімізде осы жәндіктердің ішінде қанқыз және құмырсқамен жақын таныстық.
Құмырсқа: балалар, егер сендер бізді жақсы танысаңдар, қане мен сендерді сынап көрейін қайсымызды жақсы біледі екенсіңдер? Біздің тапсырмалар кітабымыздағы тапсырмаларды орындап көріңдер.
Тәрбиеші: әрине, біздің балалар бәріне дайын! (балалар екі топқа бөлінеді).
1.Тапсырма. Лэпбукта пазл жинау.
Барысы: балалар құмырсқа және ханқызының пайда болу кезеңдерін рет ретімен пазл қылып жинайды.
2.Тапсырма: Интерактивті тақтамен жұмыс.
Барысы: балалар берілген қанқыз және құмырсқаны көлеміне сай кіші және үлкен бойынша топтастырады.
Құмырсқа: балалар мен сендерді қарап тұрып шаршап қалдым, қане менімен қосылып, бір биелп сергіп алайық.
Сергіту жаттығуы (видеоролик арқылы сергіту жаттығуын жасайды).
Тәрбиеші: керемет, сергіп демалып қалдық. Енді тапсырмалар кітабына оралып келесі тапсырманы орындап көрейік.
3.Тапсырма. Құрастыру. Бұл жерде сендерге қанқыздың денесіндегі дақтарды сәйкес пішінмен толықтыру тапсырылған. Екі топ қайсысы бірінші және дұрыс құрастырар екен!
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
4. Тапсырма. Келесі тапсырманы көрейік, бұл жерде сендерден тақпақ айтып жұмбақ шешіді сұраған екен.
Тақпақ:
Жұмбақ:
Құмырсқа: балалар келесі тапсырманы орындауда сендердің қолдарың күш түседі, менімен бірге қолдарымызды жаттықтырып алайық. Ол үшін мына жәндіктерді таяқшаны домалату арқылы жинаумыз керек.
Саусақ жаттығуы.
5. Тапсырма.Ойын «Суретті аяқтау»
Барысы: Берілген құмырсқа және ханқыз суретін аяқтап салады.
Тәрбиеші: міне, құмырсқа біз сен қалағандай бар тапсырманы орындадық, енді балабақшамызға оралсақ қалай болар екен.
Құмырсқа: жарайсыңдар, достарым, барлық тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, біз туралы білетіндерің көп екен. Көп рахмет сендерге! Бізден азғана сыйлығымызды ала кетіңдер!Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Сау бол құмырсқа!
Тәрбиеші: қане балалар, қайтар жолда құр қайтпай әнімізді айтып қайтайық.
|
Көктем
Құмырсқа, шегіртке, ара
Қоңыздар.
аралар
Жәндіктер
Сәлеметсіз бе!
Ия
-маса, көбелек, шыбын, ара
-Дәмді иісті мұртшаларымен сезед
-Шегіртке, инелік, қоңыз, маса т, б
Пайдалы.
аю
Құмырсқаны
Құмырсқа
Топпен
Ия
Ия көрдік
Қанқыз
Басы, қанаттары, аяқтары, мұрттар
-түсі қызыл, аяғы, басы, мұртшасы қара, үстінде ұсақ-ұсақ қара
нүктелері бар.
|