Арасында білім



бет1/2
Дата24.09.2023
өлшемі141,5 Kb.
#182288
  1   2
Байланысты:
Қазақстан мен Германияның білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығы


Қазақстан мен Германияның
білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығы


Қазақстан мен Германия арасында білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамытудың алғы шарттары қалыптасқан. Қазақстанда 1994 жылдан бастап, Қазақстанда Гете институты, 1989 жылы Герман академиялық алмасу қызметі (ДААД), Герман педагогикалық алмасу қызметі жұмыс істейді. Екі елдің білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастық көрсеткішінің бірі – Германия Үкіметінің қаржыландыруымен Алматы қаласында 1999 жылдан Қазақстан-Неміс университетінің неміс стандарттары бойынша дайындайтын халықаралық университет ашылды. Қазақстандық студенттердің Германияның жоғарғы оқу орындарында оқуы - ҚР мен ГФР арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімдерінің нәтижесі боп табылады.
«Бундеспарламент практикасы» атты стипендия барлық салалар бойынша оқитын қазақстандық университет түлектеріне ұсынылады. Бұл практика оларға 3-6 ай ішінде тегін Бундестаг отырыстарына қатысып, тәжірибе жинауға өз үлесін қосады. ГФР-дің түрлі жоғары оқу орындарында 800-ден астам қазақстандық студенттер оқиды. Олардың 150-ге жуығы «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен барғандар.
Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия отырыстарында мәдениет пен білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселе­ле­рі талқыланып, оларды шешу жол­дары қарастырылған. Өз кезегінде ол нәтижесін беріп келеді. Мысалы: Алматыдағы Технология колледжі, Көкшетаудағы ауыл шаруашылығының мамандарын даярлайтын орта оқу орны және т.б.
Жоғары оқу орындарының елі ретінде Германия бүгінгі таңда жоғары оқу орындарына автономия көбірек береді, жоғары оқу орындары ұстанатын басты қағидаcы «ғылым мен оқытудың бірлігі» болып табылады, озат ғылыми зерттеулер оқумен ұштасады. Қазіргі кезде герман университеттері мен жоғары мектептерінде шамамен 250 мың шетел студенттері дәріс алуда.
Шетелден студенттерді тарту жағынан Германия көш басындығылардың бірі. Еуропалық елдердің басқаларында жоғары оқу орындарының мұншалықты әралуандығын кездеспейді. 376 университет, арнайы жоғары мектеп, өнер мектебі, педагогикалық және теологиялық жоғары оқу орындары және жоғары мектептер көптеген оқу пәндері мен оқу жоспарларын, бағдарламаларын ұсынады. Медицина, еуропалық зеттеулер, автомобиль дизайны, экономикалық ғылымдар немесе ақпараттық технологиялар − академиялық мүмкіндіктердің шегі жоқ. 23 мың профессор лекция залдары мен семинар аудиторияларында студенттердің жаңа ұрпағын білім нәрімен сусындатуда. Бірақ жеке меншік оқу орындарында профессорлар азырақ. Өйткені басқа көптеген елдерге қарағанда, Германияда жеке меншік білім ұйымдары екінші орында. Студенттердің барлығы дерлік мемлекеттік университеттерде немесе мемлекет бақылауға алғаны арнайы жоғары мектептерде оқиды.
Германияда жоғары оқу орындарының саны көп. Германияның ірі университеттері: Кельн университеті; Людвиг – Максмиллиан Мюнхен атындағы LMU университеті, Мюнстер университеті, Гамбург университеті, Берлиннің Гумбольдт университеті, Берлин Еркін университеті, Майндағы Франкфурт университеті, Дрезден техникалық университеті. Болон процесі, халықаралық үлгідегі екі деңгейлі оқу бағдарламасын енгізу барысында Германия қазіргі кездің өзінде 3075 Bachelor бағдарламасын және 2113 «Master» бағдарламасын ұсынады.
Герман оқу орындарына апарар жол көп. Неміс оқу орындарының артықшылығы − өтінішті бірден бірнеше оқу орнына болатындығынан көрінеді. ДААД - Deutscher Akademischer Austauschdienst (Германия елінің академиялық ауысу қызметі / Немецкий академический обмен) статистикалық мәлімдемесі бойынша: 1991 жылдан бастап 2008 жыл арасында Германияның түрлі жоғарғы орындарына қазақстандықтар үшін 3854 ДААД стипендиясы берілді. ДААД стипендиясының иегерлері үшін ГФР-да оқуы, тұратын жері, ГФР-ға бару және қайту жолы тегін және оқу мерзімі кезінде стипендия алады.
2007 оқу жылы 426 қазақстандықтар ДААД стипендиясы иегерлері атанды.


1-кесте. 2007 жылға арналғн ДААД-Қазақстан проектісі.


1 кестеде бейнеленгендей, 2007 оқу жылы Германия мемлекеті Қазақстан республикасына 2млн.евро; атап айтқанда 1млн 648 628 евро жұмсады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет