Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз



Дата15.09.2017
өлшемі83,43 Kb.
#33301

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ – АРДАҚТЫЛАРЫМЫЗ


Егемен Қазақстан, 06 Мамыр 2010 | Әлеумет

Ұлы Отан соғысы – өткен жиыр­масыншы ғасырдағы ғана емес, бүкіл адамзат тарихындағы алапат соғыс. Ал, Ұлы Жеңіс – ұлы мереке. Әрине, әрбір мере­кенің өз орны болатыны белгілі. Бірақ Жеңіс мейрамының орны ерекше екенін терең ұғынуымыз керек. Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаевтың биылғы Жол­дауында “Ардагерлерге қамқорлық” деген арнайы бөлім бар. “Үсті­міздегі жылы біз Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз. Бұл біздің ортақ тарихымыздағы маңызды дата”, – деген болатын Президентіміз. Міне, “Біз жеңдік!” деп сүйін­шілеген күнге де 65 жыл толып отыр. Қаһарлы, қатал қаншама айлар бойы қаһармандықпен соғыс­қан миллиондаған адамдар­дың қатарында қазақ жерінің түлек­тері де ерлікпен шайқасты. Бауыржан Момышұлы айтқандай, қазақтар және барлық қазақстан­дықтар фашизмге қарсы соғыста нағыз батырлықтың үлгісін көрсете білді.

Оңтүстік Қазақстан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңдай адам аттанған болса, солардың жар­тысына жуығы туған жерге оралмады. Оңтүстікқазақ­стан­дықтар қатарынан 51 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сегіз адам Даңқ орденінің толық иегері атанды. Содай-ақ шардаралық соғыс ардагері М.Қал­мырзаевқа                Ұлы Жеңістің 60 жыл­­­­ды­ғына орай “Халық қаһар­маны” атағы берілген болатын.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мере­кесін жоғары деңгейде атап өту үшін, ардагерлерді ардақтау мақ­сатында бүкіл кең-байтақ Отаны­мыздағыдай, Оңтүстік өңірінде де жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысын­дағы Жеңістің 65 жылдығын мере­келеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары” бекітілген еді. Осы жоспарды жүзе­ге асыру қызу қолға алынды. Об­лыс­тық және аудандық, қалалық комиссиялар құрылып, нақтылы жұмыстар жүйелі және тынымсыз атқарылды.

Облысымыздың әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен Шымкент қаласындағы Абай атын­дағы саябақта Даңқ мемориалы салынып, онда облыстан соғысқа аттанған 140 мыңға жуық майдан­гердің аты-жөні қастерленіп жазыл­ды. Осыншама есімдерді анықтау, енгізілмей қалып қойғандарды қосу, әрине, көп-көп күш-жігер мен ізденісті, ерінбес еңбекті талап еткені түсінікті болса керек. Даңқ ме­мо­риалы кешенінің құрылысы бизнес­тің әлеуметтік жауапкер­шілігі бағдар­ламасына сәйкес жүргізілді. Кешен құрамына Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңіске арнал­ған бұрынғы ескерт­кіш және Ауған соғысында қаза тап­қан боздақтарға орнатылған құл­пы­тастар тізбегі күрделі жөнделіп, үйлес­тіріле енгі­зілді. Мемориалдың мән-маз­мұны­­на, айнала-төңірегінің көріктен­дірілуіне, жалпы бір кездері талан-таражға түсіп кете жаздаған Абай саябағы­ның сапалы жөнделіп, сана­ларға сәуле шашыратып тұр­ғанына барша жұртшылық, арда­гер­лер де, жастар да алғыс сезім­дерін білдіруде.

Қазір облысымызда сұрапыл соғысқа қатысып, аман оралған 1412 ардагер, майданда қаза тапқан жауынгерлердің 87 жесірі, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің 1369 жесірі және 26 мыңан астам тыл ардагері бар. Осылардың бәріне де жан-жақты қамқорлық көрсетілуде. “Ардагерлеріміз –ардақтылары­мыз” деген девизбен ешқайсысы­ның да назардан тыс қалмауын көздеудеміз. Ардагерлерді құрмет­теу – баршамыздың парасатты парызымыз. Біле білсек, бүгінгі бақытты өмірге жеткеніміздің өзі – сол аға ұрпақтың, ардагерлеріміздің арқасы.

Фашизмге қарсы күрескен бар­лық елдерде дерлік Жеңіс мереке­­сіне айрықша мән берілуде. Мәс­кеуде өтетін мерекелік шеруге біз­дің облыстан екі ардагер қатысады. Астана қаласындағы салтанатты сапта 15 ардагеріміз жүретін бола­ды. Олардың бәрі де дәрігерлік тек­серуден өткізілді. Бірыңғай форма­дағы арнайы киімдермен қамтама­сыз етілді. Жолға, тағы басқа да жағдай­ларға қажетті қаржылары жеке шот­тарына аударылып , өзге де қамқор­лық шаралары жасалды. Облыста тұратын барлық соғыс арда­гері меди­циналық тексеруден өткізілді, тұрақ­ты түрде дәрігерлік көмек көрсетілу­де. Сондай-ақ, тыл ар­дагерлері мен қаза тапқан жауын­герлердің жесір­лері де ден­саулық жағынан жан-жақты бақылауға алынған.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында 27 ардагер тұрғын үймен қамтама­­сыз етілді. Олардың арасында Кеңес Одағының Батыры Тоғанбай Қауымбаев пен Даңқ орденінің толық иегері Қарабай Қалтаев бар. Батырларға пәтер кілттерін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі тапсырды. 400-ден аса ардагердің тұрғын үйлері жөндеуден өткізілді. 1549 ардагерге коммуналдық қыз­мет ақысын төлеуге жеңілдік жасал­ған. Ал 1671 ардагер сана­торийлар мен курорттарда емделді. Жыл аяғына дейін 5 мыңнан астам ардагер ем алады және демалады.

Облыс көлемінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған түрлі іс-шаралар, жұртшылықпен, әсіресе жастармен кездесулер, мәдени-көп­шілік және концерттік бағдар­лама­лар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында ашылған арнайы айдарлармен майдангерлер туралы жүздеген мақалалар, естеліктер, сұхбаттар жарияланды. Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік оқу орындарында “Ер есімі–ел есінде”, “Ешкім де ұмытылмайды” және тағы басқа тақырыптарда ашық сынып сағаттары өткізілуде.

Сарыағаш ауданында Кеңес Одағының Батыры Л. Жолдасовты еске түсіруге арналған спартакиада өткізілді. 3-4 сәуірде 50 ардагердің қатысуымен бильярд жарысы ұйымдастырылды. 27-28 сәуір күн­дері ардагерлер арасында шахмат­тан облыстық жарыс өткізілді. Қазақша күрестен де жарыс өтеді.

Наурыздың 18-19 күндері Шымкент қаласында Жеңістің 65 жылдығына және Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Созақ ауданында барлық 37 соғыс ардагеріне ат мінгізу рәсімі де әсерлі болды. Мұрағаттардағы мемлекеттік сақтауға алын­ған құжат­тар негізінде 1 фотостенд, оң­түс­тікқазақ­стандық Кеңес Одағы­ның Батырлары тура­лы кітапша, суреттер мен құжаттар көрмесі, фото­альбомдар дайындалды.

Облыста 437 ескерткіш, 13 құл­пытас бар. Оларды жаңғырту, қал­пы­на келтіру жұ­мыс­тары толығы­мен аяқ­талды. “Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұра­ды” деген тақтайшалар түгелдей жаңар­тылды. Облыс бойынша 214 бил­борд ілінді.

Ардагерлерді қосымша әлеумет­тік қолдау мақсатында “Біз–Жеңіс мұрагеріміз” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Нәти­жесінде облыстық ардагерлер қо­ры­на 46 млн. теңге, аудандық, қала­­лық қорларға 80 млн.теңгеден астам қаржы түсті. Бұл қаржы арда­герлердің мұқтажына жұмсалады.

“Петро-Қазақстан” компаниясы СТВ телеарнасымен бірлесіп, оң­түс­тікқазақстандық ардагерлерге ар­налған фильм дайындауда. Фильм­нің тұсаукесер көрсетілімі облыс әкімінің құттықтау сөзімен бір­ге 9 мамыр күні экранға шығады.

Жеңістің 65 жылдығы құрметіне соғыс ардагерлеріне республикалық бюджеттен 65 мың теңгеден, соғыс­та қаза тапқан жауынгерлер жесір­­леріне, қайтыс болған соғыс мүге­дектерінің әйелдеріне 25 мың теңгеден, тыл еңбеккері мәртебесін алғандарға 10 мың теңгеден бір­жол­ғы жәрдемақы төленді. Бұл мақсат үшін республикалық бюд­жет­тен 430 млн. теңге бөлінген.

Облыстық бюджеттен әрбір соғыс ардагеріне 50 мың теңгеден, қаза тапқан жауынгерлер жесір­леріне, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне 10 мың теңгеден, тыл еңбеккері мәртебесін алғандарға 5 мың теңгеден біржол­ғы материалдық жәрдем көрсетілу­де. Сондай-ақ, әрбір соғыс арда­геріне аудан, қала бюджеттерінен біржолғы материалдық жәрдемақы үшін, орта есеппен алғанда, 30 мың теңгеден берілуде.

“1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл” мерекелік медалімен барлық соғыс ардагерлері мен тыл еңбек­керлері марапатталуда. Астана, Мәскеу қалаларына баратын арда­гер­лерді облыс әкімі Асқар Мырзах­метов қабылдап, оларға бағалы сыйлықтар мен ақшалай көмек тапсырды.

Міне, Астанадан қуанышты хабар келіп отыр. Президентіміздің Жарлығымен облысымыздың 41 ардагері – бір адам ІІ дәрежелі “Айбын”, 12 адам “Құрмет” орден­дерімен , 11 адам “Ерен еңбегі үшін” медалімен, 17 адам Қазақ­стан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталыпты.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті тарих ешқашан ұмытпайды. Сұра­пыл соғыс азабын тікелей көрген­дер­ді бүгінгі ұрпақтың аялай қам­қор­лыққа алуы – абзал парыз. Май­дан­гер ата- апаларымыз қандай құрметке де лайық. Оларға деген қызметіміздің сапасы ешқашан бәсеңдемейді.



Жеңісбек МӘУЛЕНҚҰЛОВ, Оңтүстік Қазақстан облыс­тық жұмыспен қамтуды үй­лес­­тіру және әлеуметтік бағдарла­ма­лар басқарма­сы­ның бас­­­­­­тығы, облыстық арда­гер­лер кеңесі­нің төрағасы.

ШЫМКЕНТ.


БАТЫР – ЕЛДІҢ АЖАРЫ

Ұлы Жеңіске 65 жыл! Соншама жыл өтсе де ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмады, ұмытылмай­тынын да дәлелдеп отыр. Өйткені, сұрапыл соғыста жауынгерлер Жеңіс сағатын минуттап күтті. Сол қасиетті жолда қаншама боздақтар қыршынынан қиылды, қаншама отбасы ойран болды. Бүгінгі мере­кенің құндылығы мен қымбаттығы осыдан. Демек, боздақтардың бақытты өмір үшін төккен терлері, аққан қандары бекер кетпеді. Сенімдері мен үміттері ақталды.

Әділетті соғыстағы Жеңіс туы биікке көтеріліп, күні бүгінге дейін мәңгілік алау шейіт болған жауын­герлердің рухының мәңгілігінің белгісіндей маздап тұр.

“Ерлік – елдің қасиеті, жүрек­тілік – жігіттің қасиеті” деген екен даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы. Сол сұрапыл жыл­дары Жетісу жерінен 120 мыңнан астам боздақ соғысқа аттанса, олардың 47052-сі ұрыс далаларын­да ерлікпен көз жұмған. Ал, хабар-ошарсыз кеткендері қаншама.

Отан қорғаудағы ерен ерлік­терімен көзге түскен жетісулық 53 жауынгер Кеңес Одағының баты­ры атағына ие болса, жауынгерлік “Даңқ” орденінің толық иегері атанғандары да жеткілікті. Есім­дері дүние жүзіне тараған 28 панфиловшы батырлардың тең жартысы Алматы облысынан екендігін де әрдайым мақтаныш­пен айтамыз. Бүгінгі Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын қарсы алып отырған үштөбелік Косенков Иван Васильевич солардың бірі.

Ұлы Жеңіс – халықтар досты­ғының мызғымас бірлігін бейне­лейді. Біз олар­дың қа­сиет­ті жо­лын  қас­тер­­леп, оны ла­йықты түр­де жал­ғас­тыру­ға тиіспіз. Бүгінгі жастар бо­йын­­дағы елжан­ды­лық қа­сиет осын­дай бе­ре­ке-бірлік негізінде дамып отыр­­ғаны анық.

Қазіргі кезде облыста 161 мың­­нан астам зей­неткер бар болса, олардың 1136-сы соғыс ардагерлері. Облыстық әкім­дік тарапынан жыл өткен сайын ардагерлерге көр­сетілген қамқор­лық пен жеңілдік қатары арта түсуде. Тек жергілікті бюджет есебі­нен өткен жылы соғыс арда­герлерінің коммуналдық төлеміне 43 млн. теңге, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедект­ерге 121 млн. теңге көмек көрсетіл­ді. Соны­мен қатар 542 соғыс және тыл ардагерлеріне 42 млн. теңге бөлі­ніп, олар шипажайларда демалып, денсаулықтарын түзеп қайтты. Жүріп-тұруы қиындаған жалғыз­басты қарттар да қамқор­лықсыз қалған жоқ. Оларға әлеу­меттік мекеменің 295 адамдары қолұшын беріп, көмек көрсетуде.

Ардагерлер – кешегі Отан қорғаушылар, еліміздің көркеюіне үлес қосып, ерен еңбегімен соңы­на өшпес із қалдырған жандар. Демек, олардың оқ пен от орта­сын­дағы ерліктері әрдайым ел жадында. Сындарлы жылдарда қазақ пен орыс, украин мен өз­бек, грузин мен беларусь, латыш пен әзірбайжан, татар мен баш­құрт, тағы да бас­қа көп ұлтты жауын­герлердің тілі бас­қа болға­ны­мен, тілегі бір, жүзі басқа болға­ны­мен, жүрегі бір екендігінен, жұ­ды­­рықтай жұ­мыл­ды, жауды жең­ді. Сол кез­дегі тыл­да еңбек еткен әке-шеше­леріміз “бәрі май­­­­дан үшін, бәрі жеңіс үшін” деген ұран­­мен жал­ға­сып, май­дан да­ла­сындағы ерлік пен тылда­ғы жан­­қиярлық Жеңіс туын Бер­лин үстінде жел­біретті.

Өңірде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккер­лерінің тұрмыс­тық жағдайы зерт­теліп, оларға қажетті көмектер көрсетілуде. Нәтижесін­де жергілікті бюджеттен ардагер­лер­ді тұрғын үймен қамта­масыз ету мен күрделі жөндеуден өткізуге 53 млн. 500 мың теңге бөлінгенін атап айтқан жөн. Жасы келген қариялардың денсаулығы ерекше күтімді қажет ететіні дау­сыз. Бұл мәселе де шешімін тауып, соғыс және тыл ардагер­лерін емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 18 млн. 415 мың теңге қарас­тырылса, емдеу орын­дарына бару үшін 57 млн. 822 мың теңге, коммуналдық жеңілдіктерге 40 млн. 578 мың теңге, тағы басқа шараларға да бюджеттен қаржы қарастырылғанын айтуға болады.

Күн санап қатары азайған арда­герлерге көрсетілетін құр­мет ауқымы мереке қар­саңында да молая түсуде. Соғыс арда­герлеріне 50 мың теңгеден біржолғы көмек көрсетуге бюджеттен 60 млн, соғыс жылдарындағы тыл еңбек­керлеріне 5 мың теңгеден 128 млн. 680 мың теңге бөлінгенін айтуға болады.

Талдықорған қаласында Мәңгілік алау жанында арда­гер­лермен жүздесудің жас ұрпаққа берері мол. Өйткені, жастар ел басына күн туған шақта қайсар­лық көрсетіп, елімізді қорғаған­дардың ерлік­тері туралы әңгіме­леріне тебірене құлақ түреді. Қалай дегенде де кездесулердің өске­лең ұрпаққа берері мол. Өйт­кені, соғыс ардагерлері майдан­дас жолдастарын еске алып, олардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды. Есте­лік айтып, қанды қырғын­дағы бастан кешкендерін шынайы әңгімелейді. Мұның өзі бүгінгі ұрпақтың бойындағы елжанды­лық қасиеттің кеңінен өрістеуі­не жол ашатыны анық.

Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев Қазақстан Рес­публикасы Ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің 20 жыл­дығына орай құттық­тауында: “Ардагерлеріміздің, аға ұрпақ өкілдеріміздің еңбегін айтып жеткізу қиын. Сіздердің жастық шақтарыңыз Ұлы Отан соғысы­ның сұрапыл кезеңімен қатар келді. Сіздер бүлінген шаруа­шы­лық­тарды қалпына келтір­діңіз­дер, күйзелген елдің еңсе­сін қай­та тіктедіңіздер, Сіздер өз иық­тары­ңызға түскен ауырт­па­лықтың бәрін абыроймен жеңе білдіңіз­дер”, деген бола­тын. Бү­гін­гі соғыс­ты көрген, басынан өт­кер­ген жандар жайлы бұдан асыра айту мүмкін емес. Мереке құт­ты болсын, қадірлі ардагерлер!



Егеубек ДАЛБАҒАЕВ, Алматы облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы

Алматы облысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет