Арғытүркілердің мәдени мұрасы



Pdf көрінісі
Дата08.02.2022
өлшемі223,63 Kb.
#119634
түріҚұрамы
Байланысты:
Арғытүркілердің мәдени мұрасы



Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Құбашева Орынай ОЗ 102 
Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын 
пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шығыс қу» 
тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен 
және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген. 
Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасаған. Бұл 
кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта 
ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, 
ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы 
оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың 
Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылады. 
Шежіреші б.з.б. 201 жылы сүннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа 
қарай жорығын жалғастырып, Қуңюй, Түсүйше, Динлин, Гекүң және Сіңлі 
елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі 
айтылған бес елдің сүннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол 
батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. 
Б.з.б. 201 жылғы жорық кезінде ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік 
бағындырған, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына қаратқан жоқ. Қалай 
дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, 
археологиялық материалдар да көрсете алмады.
Ғұн империясы дәуірінде ғұндардың жазуы болғандығын растайтын 
археологиялық айғақтар әзірше табылмаған. Қытай деректерiнде «ғұндарда
жазу жоқ, заңдары ауызша айтылады» делінген. Алайда, «сүйекке сызып 
ағашты оюлап, өрнектеген «kemu>кему» жазулары бар, оны шумақтап 
уәзiрлерi талқылайды» деген деректер де кездеседі. Сонымен қатар, қытай 
жазбаларында " tang-li-ku-tu-san-juj - Тэнли куту сан йюй" деп хатталған, 
яғни, ғұн тілінде "Тәңірі құтты шаньюй" деген сөз бар. Қазіргі түрк, моңғол 
(және тұңғыс-манжұр) тілдерінде teŋiri // teŋri // tanara > «Тәңір», qut // qutuγ 
//> «құт, құтты», kün // šön // šün // šaŋï > «күн, жарық, сәуле» (және де tün // 
tön // šön «түн, түнек, қараңғы, ай») деген сөздердің ортақ, жалпылама 
семантикасымен қарастырсақ «Tanri qut (i) šan’juj» деген сөзді «Тәңірі құты 
күн мен айдың иесі» деп жаңғыртуға болады. 
Ғұндардың Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары Аттила 
патшаның атымен тығыз байланысты. Осы жорықтардың арқасында ғұндар 
Еуразия кеңістігінде үстемдік жүргізген. 
Аттила - әйгілі Ғұн империясының әміршісі, шамамен 400 - 453 жылдары 
өмір сүрген. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим 
империясының мемлекеттік тілінде атағандықтан тарихта осы есім 


қалыптасты. Алайда оны әр халық әр түрлі атайды. Ғұн ордасымен тығыз 
байланыста болған герман тайпалары мен Скандинавия тарихында Этцель 
(Еtzеl), славяндарда Атыл, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ деген 
атпен белгілі. Бабамыздың есімінің түбірі Еділ өзенінің атауымен 
байланысты болуы мүмкін. 
V ғасырдың 40-50 жылдары Аттила басқарған ғұндар империясы көптеген 
герман тайпаларының көсемдері көмекке жүгінетіндей күш алды. 448 жылы 
Атилланың қабылдауында болған елші Прийск Панийский «Византия 
тарихы» еңбегінде былай деп жазады: «Ол бүкіл халықтарды сілкіндіру үшін 
жаратылған ер еді. Бүкіл елдерге сұмдық болып тиді, бәрін де қалтыратып 
жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді. Оның жүрген жүрісі 
маңызды, көзқарасы мен қимыл қозғалысы аса тектілікті көрсетеді. Соғысты 
жақсы көргенімен тонаушылығы аз болды, ой қабілеті өте жоғары еді, 
сұраушыға қайырымды, сенген адамына өте мейірімді». 
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас 
пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек 
маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың 
барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. 
Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда 
болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық 
Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру 
үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған. 
Ежелгі түркілердің космогониясы мен мифологиясы. 
Түрік мифологиясы (түркітілдес халықтардың мифологиясы) - белгілі түркі 
тілдерінде сөйлейтін әр түрлі халықтар арасындағы мифологиялық 
идеялардың жиынтығы. Түркі халықтары мифологиясының құрамдас 
бөліктерінің бірі - ежелгі түркі мифологиясы. 
Түркітілдес халықтардың мифологиясы негізінен түркі халықтарының 
қоныстану аймақтарына және шын мәнінде ежелгі түркіге сәйкес бірқатар 
кіші топтарға бөлінеді. 
Ежелгі түркі мифологиясының қайнар көздері негізінен руникалық 
ескерткіштер, сонымен қатар қытай, араб, византия, парсы және армян 
дереккөздері болып табылады. 
Космогония 


1. Әлемнің құрылуы мен құрылымы туралы миф кейбір ежелгі түрік 
руникалық ескерткіштерінде кездеседі : 
Көгілдір аспан қараңғы (сөзбе-сөз: дауыл) жердің астында (және) төменде 
(немесе) пайда болған кезде, олардың арасында екеуі де адам балалары (яғни 
адамдар) жаратылды (немесе: пайда болды). Менің ата-бабаларым Бумын-
қаған мен Истеми-қаған адам ұлдарының үстінде отырған. (Патшалыққа) 
отырып, олар тайпалық одақ пен түркі халқының құрылуын қолдап, 
ұйымдастырды. 
2. Ғарыш апаты туралы миф - мысалы, «Сәттілік кітабында» адамдар 
арасындағы қиындықтар қоршаған әлемдегі сілкіністермен байланысты деген 
идея ұсынылған. Демек, мемлекеттің өлімі екі оқиғаға әкелуі мүмкін - 
адамдар арасындағы толқу және жер «ашылып», аспан «жаншылған» апатқа. 
Мұнда бүлікшілер ғарыш апатына теңестіріледі. 
Көне түркі жазулары (басқаша Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. 
Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары. 
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі 
қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз 
қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым 
тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). 
Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған 
деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника 
жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға 
арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы 
жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш 
тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған. 
«Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны 
кіреді. Жазу бағыты дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары 
жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не 
жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген. 
Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-
кіші әріпке айырылмайды. 
Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай 
республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) 
аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) 
облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, 
жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып 


отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде 
шамамен 150-дей. 
Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, 
Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп 
шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 
8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты. 
Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің 
бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер 
жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 
шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның 
ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», 
«Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің 
орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, 
Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде 
кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп 
отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы 
Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар 
қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің 
аумағы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға 
Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы 
нұсқалары белгілі. 
Көне түрктердің қару-жарақтары жайында археологиялық деректер мол 
кездеседі. Сол табылымдардан түрктерде жеңіл және ауыр қаруланған жаяу 
әскер ( yadaγ sü), атты әскер (atlïγ sü) жасақтары болғандығын аңғарамыз. 
Жеңіл тобына атты және жаяу әскерлер жатады. Онда алдыңғы саптың 
шапшаң қимылды салт атты садақшылар тобы бар. Ол топ - жаудың қалың 
қолына әуелі бастап шабуылдайтын, оларды қоздырып, қаша жөнеліп 
атысатын, соңынан жауды ертіп, негізгі күштердің қоршауына әкелетін топ 
болып табылады. Кейбір ортағасырлық миниатюраларында аттың үстінде 
садақ тартып бара жатқан жауынгерлер бейнесі дәл осы топты көрсеткені. 
Ал, екінші топ, ол ауыр қаруланған негізгі соғыс күштері. Көне түрк 
жауынгерлер өз денелерін және мінетін аттарын толықтай темір сауытты 
етіп (kedimlig toruγ at-кежімді торы ат), ұзын сүңгілі найза, қалқан, қылыш, 
садақ, шоқпармен қаруланып соғыс-жорық жасағандығы анық байқалады. Бір 
сөзбен айтқанда, түрк жауынгерлердің өздеріне де, мінген аттарына да 
жаудың оқтары өтпеген деуге болады. Бұл топ әскери қолдардың ең негізгі 
әрі мықты, қуатты ауыр күштері болып саналады. Аталмыш топ бір-біріне 
нығыз орналасқан саптарымен, ұзын сүңгілі найзаларымен жаудың 
әскерлерін түйреп шаншып, басып, таптап, тегістеп, жайпап өтетін аса 


қуатты күштер. Бұл күшке қарсы тұратын күшті әскерлер о замандарда 
болмады десек артық айтқандық емес. Қытай деректерінде «оларда мүйіз 
нақышты садақ, ысқырма жебе, сауыт, найза, қылыш және семсер (сияқты 
қару-жарақтар) бар. Адамдары атқа мықты, садақ тартуға шебер
жаратылысынан жауыз болады. ... «футу» (құты) делінетін әскери әшекей 
жабдықтары болады. Туларына алтын бөрінің бас бейнесін салған. 
Көне түркілердің генеалогиялық мифтері тотемистік нанымдардың да 
генотиптік сипатта болғандығын айқындайды. Түркілердің ұйытқысы болған 
ашин тайпасының өкілдері өздерін көк бөрінің ұрпақтарымыз деп санаған. 
Ежелгі түркі жерінде көне түркілердің дәстүрлі наным-сенімдерімен қатар 
басқа да діндер таралды. Солардың ішінде ең байырғысы зороастризм діні 
болды. Кеңес дәуірінің шығыстанушы ғалымдары В. Струве, В. Абаев және 
т.б. бұл діннің Орталық Азия мен Қазақстан жерінде б.з.д. VІІ ғасырда 
таралғандығын атап көрсетеді. 
“Қазақстан жеріне әлемдік діндердің ішінде алғашқысы болып буддизм 
келді. Бумынның ұлы Мұхан қаған осы дінді қабылдады, ал оның мұрагері 
Тобо қаған “Нирвана-сутрадан” бастап будда әдебиетін түркі тіліне аударуға 
жарлық берді. ...Буддизм Шығыс Түркістандағы соңғы ғұн 
мемлекеттеріндегі түркілер арасында тарала бастады, ал ашин тайпасы 
олармен тектік тарихи байланыста болған еді”. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет