Сабақтың тақырыбы: Туынды сөз сөзжасамның негізгі нысаны Жоспар



Дата15.03.2020
өлшемі254,01 Kb.
#60220

Сабақтың тақырыбы:

Туынды сөз - сөзжасамның негізгі нысаны

Жоспар:

Сөзжасамдық ұя - сөзжасамның негізгі  ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы. Бір сөзжасамдық ұядан тараған туынды сөздердің мағынасында түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұяның мағынасын айқындау арқылы сөзжасамдық тізбекті тану мүмкін болады. 

Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі сөз болады. Мысалы, пай-пайшы, пән-пәндес, пән-пәндік, бық-бықтыр-бықтырт-бықтырқыз, бық-быққыз. Келтірілген 3 ұяның ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай-пайшы. Пән деген түп негізден тараған ұяда екі жұп бар: 1. Пән-пәндес, 2. Пән-пәндәк. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар: 1. Бық-бықтыр, 2. Бықтыр-бықтырт, 3. Бықтырт-бықтыртқыз, 4. Бық-быққыз.

Сөзжасамның зерттеу нысаны

Сөзжасам – тіл білімінінің, соның ішінде қазақ тіл білімінің дербес саласы ретінде өзінің жеке зерттеу нысаны бар грамматикалық категория саласына енеді.

Сөзжасамның зерттеу нысанына, ең алдымен, сөз жасаушы тәсілдер мен сөз жасаушы тілдік нұсқалар, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері т.с.с. мәселелер жатады. Осыған байланысты “сөзжасам” деген грамматикалық категория туынды сөздердің түрлері мен сөз жасаудың ішкі заңдылықтарын, сондай-ақ сөз жасаудың сөз таптарына қатысының қандай болатыны сияқты күрделі мәселелерді қамтиды.

Сөзжасамның жеке сала болып танылуы, әрине, оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын жоққа шығармайды. Тілдің табиғатында бірімен-бірі байланыспайтын ешбір тілдік құбылыс жоқ. Сондықтан да сөзжасамның бірде лексикология, бірде морфология саласында қаралып келуі де, түптеп келгенде, осыған байланысты.



Туынды сөз

Сөзжасам тұрғысынан қарағанда туынды сӛз жаңа туындының өз құрылымындағы түп негізден күрделі болады және оның мағынасы түп негіздің мағынасымен тікелей байланысты болады, соған сүйену арқылы жүзеге асады.

Зат немесе құбылыс туралы ұғым

Тілдік таңба арқылы таңбаланады

СӨЗДІК БЕЙНЕ

Атаудың жасалуы, қалыптасу процессі

Сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны

Сөзжасам - атау жасау процесі

Процесс нәтижесі

ТУЫНДЫ СӨЗ

Туынды сөздер ең кемі екі морфемадан құралып, сөзжасам әрекетінің нәтижесінде жасалған, белгілі лексикалық мағынасы бар сөздер.

  • Туынды сөздер ең кемі екі морфемадан құралып, сөзжасам әрекетінің нәтижесінде жасалған, белгілі лексикалық мағынасы бар сөздер.
  • Тілде сөзжасамдық тәсілдер түрлі болғандықтан, олардың нәтижесінде жасалған туынды сөздер де түрліше.
  • Туынды сөздер сөзжасам үрдісінің нәтижесі.
  • Туынды сөз сөзжасамға қатысты, сөзжасамның мәселелерінің бірі.
  • Туынды сөздер - тіліміздегі ең көп сөздер, өйткені олар тілдің барлық кезеңіңде үздіксіз жасалып, тілге қосылып, сөздік қорды үнемі байытып отырған.

Туынды сөз құрамына қарай:

Дара туынды сөз

Күрделі туынды сөз

    • Синтетикалық тәсіл арқылы жасалады.

Дара туынды сөз
    • Аналитикалық тәсіл арқылы жасалады.

Күрделі туынды сөз

Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден тұрады.

  • Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден тұрады.
  • Дара туынды сөздерге негізінен туынды түбір сөздер жатады. Мысалы: кәсіпкер, аялдама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақта, сөйлесім, жалақор, тілші, т.б.
  • Дара туынды сөзге лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы: буын, тасымал, құн, нарық, қүқық, баға, т.б. Бұл сөздердің күнделікті өмірде қолданылатын бейтарап мағынасы бар, солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге қарағанда, әлдеқайда аз.
  • Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер құрайды.

Туынды түбір

құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер

туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі

мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады

белгілі сөз таптарының құрамында болады

Күрделі туынды сөз

Біріккен сөздер

Қос сөздер

Күрделі сөздер

Қысқарған сөздер

1

2

6



7

4

3



5

8

9



1. Күрделі туынды сөз түрлеріне мысалдар бер.

5. Атау жасау прцесінің нәтижесі не?

7. Сөзжасамның зерттеу нысанына не жатады?

2.Сөзжасам қандай прцесс?

8. Туынды сөз деген не?

6. Күрделі туынды сөзге мысал келтір.

4.Дара т туынды сөзге мысал келтір.

3. Туынды сөз жайлы зерттеу еңбектері.

9. Туынды сөз қандай тәсілдер арқылы жасалады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет