Тренинг: Біз және біздің сынып.
Мақсаты: Қобалжуды төмендету, топ ішіндегі ұйымшылдыққа жету, өзінің жеке "Менінің" "Біз" ұғымының жалпы бөлімі екенін түсіну.
Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу.
2. «Ассоциация» жаттығу.
3. «Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығуы.
4. «Жүректен жүрекке» ойын-жумбақ.
5. «Релаксация».
1.Сәлемдесу.
Қатысушылар бір біремен әр елдің сәлемдесу салтын қолданады.
Сіздер кәріс фильмін тамашалайсыздар, көршімізбен кәрістерше амандасайық (бастарын изеседі), итальяндықша амандасайық (құшақтасып амандасады), үндіше амандасады (қолын алдында үстап басын изеді), қазақша амандасу (қол берип, саулық сурайды).
2. «Ассоциация» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. : Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай әдемі «ассоциация» қосып айту керек. Мысалы: Мөлдір-Мейрімді,
Ойынның психологиялық мәні: қатысушылардың есте сақтау қабілетін дамыту,
3. «Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығу.
Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші белгі берген кезде әр қатысушы қиынға соқпайтын қимыл-қозғалыстар жасауы тиіс. 5-10 секундтан соң жүргізуші келесі белгі бергенде, әр қатысушы өзінің сол жағында тұрған қатысушының қимылын жасауы тиіс. Ойын әр қимыл өз авторларына қайтқанша жалғасады.
Ойынның психологиялық мәні: қатысушылардың белсенділігін арттыру, байқағыштық қабілеттерін дамыту, топ жұмысында қызығушылықтарын арттыру.
Талқылау:
- жаттығуды орындағанда қандай әсерде болдыңыздар?
- жаттығу қиынға соқпады ма?
4. «Жүректен жүрекке» ойын-жумбақ.
Қатысушылар шеңбер жасап тұрып, бір біріне ым-ышарамен (пантомимика) арқылы сыйлықтар сыйлайды, ал сыйлықты қабылдаушы оның не екенін табуы тиіс.
5. «Релаксация»
Оқушылар шеңбер құра отырып солға бурылады, алдында отырған қатысушының желкесіне қолын қойып массаж жасайды.
Жүргізуші: аттарыңды жазуға болады немесе сүрет салсаңыз болады, қар қағып.
Сабақтын қортындысын шығару. Қоштасу. Әрбір бала осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын, бүгінгі сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |