Қостанай облысы
Қарабалық ауданы
Тоғызақ орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Хасанова Салтанат Мырзабұланқызы
«Lesson Study» әдісін мектебімізде қолданамыз
Қазіргі заман талабы жаңашылдық болғандықтан дәстүрлі сабаққа деген көзқарас өзгеріп, сабақ беру тәсілін жаңа бағытқа бұра бастадық.
Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі сондықтан бұл мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады .Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болғандықтан ол тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Мұғалім зерттеу барысында өзінің жинаған білімімен әріптестерімен өзара бөлісе алады.
Осыған орай бірінші ілгері деңгей курсын аяқтап келгеннен кейін коучинг сессия барысында Lesson Study әдісіне тоқталып, мұғалімдерді осы әдіспен таныстырдым. Мектебімізде 9 мұғалім( ІІІ деңгей), 1 мұғалім (ІІ деңгей) және 1 мұғалім( І деңгей) жұмыс істейді. Біз мектебімізде өзіміздің «Интерактивті мұғалім» атты шығармашылық тобымызды құрдық. Осы әдіспен қалай жұмыс істеу керектігін үйрену мақсатында Lesson Study топтама сабақтарын жоспарладық. Бұл сабақты бірінші рет ағылшын тілі мұғалімі өткізеді деп шештік, себебі ол осы бағдарлама бойынша курсты 2012 жылы өтіп келді және оның осы бағытта екі жылдық тәжірибесі бар.Алғашқы сабағын өткізу үшін біз 10 сыныпты таңдап алдық. Сыныпты таңдап алу кезінде сабақ беретін мұғалімдердің бәрі сол сыныпта жұмыс істеп, оқушыларды жақсы танитыны ескерілді. Белгілі бір тақырып таңдап алынды, сол проблема аясында зерттеу жүргізу көзделді. Мысалы; «Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың көшбасшылығын қалай дамытуға болады?»
Lesson Study тәсілінің бастапқы кезеңінде алғашқы сабақ жоспарын пән мұғалімі өзі құрып әкелді. Біз оған сәл түзетулер жасадық.. Одан соң ағылшың тілінің мұғалімі зерттеу сабағын өткізді, ал қалған топ мүшелері сабақты қадағаладық. Әр мұғалім бақылауға арналған жеке оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері сабақ барысында арнайы дайындалған сызба кестелерге толтырып, жазып алып отырды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне талдау жүргіздік. Содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін сабақ барысындағы нәтижелерді есепке ала отырып, келесі сабақты қайта жоспарладық. Екінші сабақ « Жадыны қалай жақсартуға болады?» деген тақарыпта өтті. Шығармашылық топқа сабақ өте жоғары қарқынмен өткендей көрінді, сабақта бірнеше әдіс түрі қолданылды.Бірақ рефлексия және оқушылармен әңгімелесу барысында біз басқа жағдайға тап болдық, кейбір оқушылар әр түрлі әдістерді қолдану ұнамайтыны туралы өздерінің ойларын білдірді. Шығармашылық топ өзара талдау жүргізіп, сабақтың әдіс пен тәсілдерін өзгертуге шешім қабылдады. Әр сабақты жоспарлағанда оқушылардың топтық құрамын өзгертуге тырыстық. Lesson Study-дің төрт тізбектелген сабақтарынан кейін біз сабақ барысында мынаны көрдік: Жоғары деңгейдегі екі оқушы А және Н сабақта белсенділік көрсетіп отырды.Сабақ барысында берілген тапсырмаларға тобымен бірге жылдам жауап беріп, үнемі алда болып, көшбасшылық таныта алды. Ал екі оқушының Д және М «жасырын»көшбасшылық танытқанын айқындадаық. Ал қалған оқушылар өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсете алмады, әлі де сенімсіздік туғызады, олар тек өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындап отырды, сондықтан бұл оқушыларды өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсете алатындай жағдайға қоюды ойластыру керек. Яғни топқа бөлу барысында, А және Н-ны топ ішінде қалдырмай, бұл оқушыларға сабақ үстінде «сарапшы», «кеңесші» ролін беруді жоспарладық.
Сабақ барысында пән мұғалімі сабақтың мақсатына жете білді. Жоспарланған тапсырмалар орындалды. Әр тапсырмаға берілген уақыт тиімді пайдаланылды. Оқушылар сабақ кезінде жақсы көңіл күйде болды. Мұғалімдердің көп болғандығына қарамастан оқушылар берілген тапсырманы дұрыс орындап отырды. Пән мұғалімі сабақ барысында барлық оқушыларды сабаққа жұмылдыруға тырысып тапсырма бойынша берген сұрақтарына тиянақты жауап алып отырды. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын артқанын көруге болады. Оқушыларға да осы үлгідегі сабақтар ұнады..Бұл сабақтар тізбесін өткізген кезде мұғалімдер бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, өзара тәжірибе алмасты..Әр түрлі әдіс-тәсілдер үйренді.Тәжірибе молайды. Кәсіби біліктіліктері артты. Болашақта Lesson Study тәсілдердін қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды мақсат етеміз. Жоспар бойынша басқа пәннің мұғалімі осындай сабақ тізбегін өткізуді жоспарлап отыр.
Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |