Қазақ әдебиеті 8 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қ.Мырза-Әлі «Қызыл кітап».
Сабақтың түрі: Танымдық, ізденімпаздық сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, баяндау, СТО
стратегиялары: хат жазу, өлең шығару, автор орындығы,
топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, шиырма, видео, слайдтар, Қадырдың
өлең кітаптары.
Пәнаралық байланыс: экология, өнер,
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жерлес ақынымыз Қадыр Мырза-Әлі жайында мәліметтер
бере отырып «Қызыл кітап» поэмасының тақырып мазмұнын ашу.
Дамытушылық:Оқушылардың өз бетінше ізденіс пен топта жұмыс істеу
қабілеттерін дамыту, басқаларды тыңдау өз көзқарасын
дәлелдеп қорғау қабілетін, сонымен бірге пән бойынша алған
білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік:
Күтілетін нәтиже: 1.Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай білуі;
2.Өз ойларын топ алдында ашық жеткізуі;
3.Бағалай алуы, критерийлер айта алуы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
1.Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын әзірлігін тексеру.
2.Оқушыларды үш топқа бөлу.
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Армысыздар балалар,
Дайынбыз ба сабаққа
Әдебиет-сөз өнері.
Сай келейік талапқа.
Ойымызда айтайық.
Білімімізді байқайық.
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
ІІ Негізгі бөлім.
Қызығушылықты ояту.
Видео көрсету («Қыз Жібек» киносынан үзінді) 3 мин.
Сұрақ:
1.Кино қалай аталады?
2.Осы кинодағы әндердің сөзін жазған кім?
Жауап:
«Қыз Жібек» киносы
Қадыр Мырза-Әлі.
Топтастыру стратегиясы.
Қадыр туралы не білесің?
Мағынаны тану.
Қадыр Мырза-Әлі туралы слайд, көрнекіліктер арқылы, оқушының естімегендерін түсіндіріп өту.
Оқушыларға сұрақ:
Неге поэма «Қызыл кітап» деп аталды?
«Қызыл кітап» туралы не білесіздер?
Мұғалім:
«Қызыл кітап»туралы слайд арқылы қосымша мәлімет көрсетіледі.
Оқушылар «Қызыл кітап» поэмасын оқи отырып әрбір тарауға ат қояды. (Топтық жұмыс).
Әр топ поэмадан үзіндіні мұғалімнің оқып көрсетуменен мәнерлеп оқиды.
«Қызыл кітап» поэмасы бойынша түсірілген видеоны көрсету.
Толғаныс.
Хат жазу стратегиясы.
Үш топ Қадыр атаға хат жазады.
ББҮ стратегиясы.
Бұрыннан білетінім
|
Бүгін білгенім
|
Үйренгенім
|
|
|
|
Бағалау.
Үйге тапсырма: мақала жазып, Теректі жаңалығы газетіне беру.
Сабақтың соңында Ескендір Хасанғалиевтің орындауындағы «Атамекен» әнін тыңдату.
Достарыңызбен бөлісу: |