Архив тарихы
Ақмола облысының құрылуына байланысты 1939 жылы 22 желтоқсанда Қазақ КСР ХКII № 1875 бұйрығымен Ақмола облысының ХКII басқармасының құрамында 1940 жылы қаңтар айында архив бөлiмi құрылды (ол 1940 жылы ХКII облархивiнiң функцияларын атқарды) және соған сәйкес 15 аудан архивi ендi.
1946 жылы облыстық мемлекеттiк архив бөлiмшелерi архив бөлiмдерi болып қайтадан құрылды.
1965 жылы Целинный өлкелiк мемлекеттiк архивi Целиноград облысының мемлекеттiк архивi болды.
2005 жылы 12 желтоқсанда Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң № 42 бұйрығымен Целиноград облысының және Көкшетау қаласының архивiнде уақытша орналасқан облыс мекеме, кәсiпорын және партия мүшелерiнiң құжаттары Ақмола облысының мемлекеттiк архивiне көшiрiлдi.
2007 жылы мамыр айында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң № 13 «Бұрынғы Көкшетау облысының құжаттарын Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнен Ақмола облысының мемлекеттiк архивiне тапсыру туралы» бұйрығына сәйкес облыстық архивiне уезд және облыстық мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорын құжаттары тапсырылды.
архивiнде Атбасар және Көкшетау уездерiнiң, Акмола және бұрынғы Көкшетау облысының мекеме, ұйым, кәсiпорын мекемелерiнiң, бұрынғы партия мүшелерiнiң құжаттары жинақталған. Барлығы 1519 қор 416157 сақтау бiрлiгi бар.
Хронологиялық құжаттар кезеңi 1873 жылдан бастап, Көкшетау уездiнiң метрикалық кiтаптар коллекциясы қамтылған.
Орасан зор танымдылық қызығушылықты (1840-1860) Бетпақ дала, Орал, Торғай; Ақмола, Семей облыстарының елдi мекендер мен шекаралары белгiленген картасы болып келедi, атаулары бiздiң елдi мекендерiмiзде сақталынып келген. 1886 жылғы 2 мамыр айының маңыздылығы ерекше құжатта Петропавл және Ақмола қазынашылығы құрылғаны тұралы айтылған. Көкшетау уездiнiң метрикалық коллекциялар кiтабы өте құнды болып табылады.
Атбасар және Көкшетау Кеңес уездiнiң қорларында тарихи үдерiсiн және соғысқа дейiнгi бiрiншi бесжылдықта Совет үкiметiн қалпына келтiру, ҰОС кезеңi, тың және тыңайған жерлердi игеру, барлық халық шаруашылық, мәдениет салаларын дамытуда, өндiрiс озаттарын марапаттау және көпбалалы аналар тұралы мағлұматтар бар. Өте маңызды құжаттардың бiрi — Республикамыздың алғашқы Тәуелсiздiк жылдары жасалынған құжаттар. Олар әлеуметтiк-экономиканың өркендеуi, қаржы, бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет және халық шаруашылық салалары.
Қоғам қайраткерлерiнiң, Еңбек ерлерi, соғыс ардагерлерi және тылдағылар ұсынған жеке тектi құжаттар қорлары өте құнды болып танылады. Мысалы, белгiлi ғалым, академик Н.И. Бараевтың қоры, архив iсiнiң ардагерлер қоры Н.И. Качковский, Н.И. Байчиков және т.б..
Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң, архив қорының негiзгi құрамы тарихи ғылыми және тәжiрбиелiк құндылығы зор аудиовизуальдық құжаттар болып табылады. Ақмола лагерiнiң отан сатқындарының әйелдерiнiң тағдыр азаптары туралы видеоқұжаттарын, Кеңес одағының батыры, ғалым, педагог, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллин өмiрбаяны мен қызметi туралы ерекше атап кетуге болады.
Киноқұжаттар облыстың колхоз және совхоз еңбек қызметкерлерiнiң оқиғалары мен фактiлерiн бейнелейдi. Көкшетау қаласының тарихына арналған «Әнiм менiң Көкшетау» және «Город у Синегорья», сонымен қатар Бестөбе аэропортының «АН-24» әуе лайнерiн қабылдауға дайындығының киносюжетi, «Целиноградсельмаш» заводының жұмысы, өнер және әдебиетке еңбегi сiңген Кирилл Лавров, Лев Ошанин, Махмуд Осанбаев, облыс ардагерлерiмен өткiзiлген шығармашылық кездесулер, Шучье қаласындағы кiшiгiрiм Олимпиада ойындарын өткiзу, Еңбек ерлерi туралы, облыстық еңбекшi Кеңес депутаттары туралы, облыс кәсiпорындарының соғыс және еңбек ардагерлерi туралы кинофильмдер жинақталған.
Ұлы Отан соғысы кезеңiндегi Акмолада жасақталған командирлер мен дивизия жауынгерлерiнiң фотоқұжаттары. Ақмолалық — Қеңес Одағы Батырларының фотосуреттерi, соғыс уақытындағы ақмолалықтардың еңбекке қатысқан сюжеттерi.
Бiрегей фотосурет коллекцияларының бiрi тың игеру болып табылады.
А.И. Бараев атындағы Бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу астық шаруашылық институтiнiң жұмысы құжаттарында кеңiнен айқындалған. Облыстық архивтiң құжат байлықтарымен оқу залының пайдаланушыларымен талап етiледi: ЖОО-мен мектеп оқытушылары, музей қызметкерлерi, журналистер, өлкетанушылар, монография жазатын студенттер, мақалалар, дипломдық жұмыстар, генеалогиялық зерттеулер жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |