Саяси мәдениет және мінез-құлық. Саяси мәдениет



Дата15.12.2021
өлшемі270,94 Kb.
#101247
түріНұсқаулар
Байланысты:
Саяси мәдениет және мінез

Саяси мәдениет және мінез-құлық.

Саяси мәдениет


Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси мәдениеттің міндеті мен қызметтері


Біріктірушілік қызметі - қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.

Сабақтастық қызметі - саяси тәжербиені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.

Реттеушілік қызметі - саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік- таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.

Тәрбиелік қызметі - әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшіліке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.

Танымдық қызметі - қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принцептерді танып-білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс- тәсілдерімен қаруландыру.

Қорғау қызметі - қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.

Саяси мәдениеттің ерекшеліктері


Адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы.

Саяси бағдар ұстау

Әдет-ғұрып, жүріс-тұрыс.

Саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді.


Саяси мәдениеттің құрамдас бөліктері

  • Кейбір адамдар, топтар,тіпті тұтас ұлттар теңдікті қастерлеп, соған тұрақты бет бұрады. Еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең бастысы байлық деп санайды.
  • Әлеуметтік қорғанышты бәрінен артық көреді.
  • Автаномияны қалайды.

Саяси мәдениеттің жіктелуі


Қоғамшыл

Патриархтық

Азаматтық

Мінез-құлық


Адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.

Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет