Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Колледж
Айдарбаева Ғ.Б.
“Қаржы” мамандығы бойынша оқитын оқушыларға арналған кәсіби қазақ тілінен ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Павлодар
УДК 338 (07)
ББК 81.2Каз-922
С 23
С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесімен ұсынылған
Пікір жазған:
Зейнуллина А.Ф. – С.Торайғыров атындағы ПМУ ф.ғ.к., доцент
С 23 Айдарбаева Ғ.Б.
“Қаржы” мамандығы бойынша оқитын оқушыларға арналған кәсіби қазақ тілінен мәтіндер жинағы. Оқу құралы. – Павлодар, 2007 - 86 б.
Оқу құралы экономика бөлімінде оқитын студенттерге арналған. Бұл басылымда қаржы саласында кездесетін лексика негізінен берілген. Ол осы салада өзінің білім-біліктілігін жетілдіруші көпшілікке де арналған.
Қарапайым экономикалық мәтіндер негізінде жазылған әр сабақ грамматикалық, лексикалық, коммуникативтік тапсырмалардан тұрады. Сондай-ақ оқу құралының соңында 8 нұсқадан тұратын тестер қоса берілген.
Кіріспе
Соңғы онжылдықта қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуға саяси-әлеуметтік талап өзгерді. Қазіргі жағдайда тілді үйренушілердің кәсіби біліктілігіне қатысты оқыту әдістерін игеру қажеттігі байқалып отыр. Мамандық тіліне бейімдеп оқытуда жаңа жаңғыртып оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалануға болады. Мамандыққа бейімдеп оқытуда басты талаптар мыналар: - үйренушілерді мамандығына, атқаратын қызметіне, кәсіби қарай топтастыру; - лексикалық минимумды анықтау; - кәсіби терминологияны қамту;-кәсіби мазмұндағы адаптацияланған және адаптацияланбаған мәтіндерді жинақтау, жасау.
Қазіргі кезде орыс бөлімдерінде оқып жүрген студенттер мектептен қазақ тілінен әр түрлі тақырыпта лексиканы меңгеріп келеді.
Арнаулы орта білім беретін оқу орындарында кәсіби қазақ тілі пәнінен өз мақсаты, міндеттері бар. Бүгінгі студент, ертеңгі маман, қызметкер. Ол өз мамандығы бойынша мемлекеттік тілде сөйлесе алуы, жаза білуі қажет. Осы себеппен бұл оқу құралы құрастырылды.
Лексикалық тақырыптар баспадан шыққан негізгі оқушыларға қосымша ретінде берілген. Олар тіл үйренушілердің мамандығына, қажеттіліктеріне, сұраныстарына қарай іріктелеп құрастырылған.
Мәтін – негізгі құрал. Мәтінге бейімделіп сұрақтар, грамматикалық тақырыптар да берілген. Ең соңында қорытындылау мақсатымен мамандық бойынша тестер берілген. Оқушылар «Қаржы» мамандығына арналған терминдерді тест сұрақтарына жауап беру барысында бекітуге мүмкіндік алады. Осы материалдар оқушыларға өз көмегін тигізеді деп ойлаймын.
1 мәтін Қазақстан 2030
1997 (бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші ) жылы елбасының республика халқына арнаған “Қазақстан 2030” Жолдауы жарияланды.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау.
Онда еліміз дамудың қайсы кезеңінде тұрғаны көрсетілген, Қазақстанның міндетті ісі белгіленіп, ұзақ мерзімді нақты мақсаттары айқындалып, оларға жан-жақты талдаулар жасалған.
Ұзақ сапарға аттанған кемеге компас қандай қажет болса, бұл бағдарлама біздің халқымыз үшін де сондай маңызды.
Бағдарламада белгіленген міндеттердің бәріне бірдей қол жете қоймас, әйтсе де, біздерге – қазақстандықтарға оны жүзеге асыруға сенімді бет алыс керек, өйткені бәрі өз қолымызда, халық қолында.
Сөздік
Жолдау – послание
Елбасы – глава государства
Жарияланды – было опубликовано
Бағдарлама – программа
Гүлдендіру – процветание
Тыныштығын қорғау – оберегать покой
Ұзақ мерзімді – долгосрочный
Нақта мақсаттар – конкретные цели
Міндет – цели
Жан-жақты – всесторонний
Талдау – анализ
Сұрақтар
1 “Қазақстан 2030” жолдауы қашан жарияланды?
2 Бағдарламаның мақсаты мен міндеті қандай?
3 Онда не туралы айтылған?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Зат есімдердің септік жалғауларын анықтаңыз.
Кесте 1 - Септік жалғаулары (падежные окончания)
Септік-тер
|
Сұрақтар
|
Дауысты және үнді м,н,ң, дыбыстардан соң
|
Қатаң және ұяң б,в,г,д, дыбыстардан соң
|
Ұяң және үнді з,ж,р,л,и,ү, дыбыстардан соң
|
Атау
|
Кім? Не?
Кімдер?
Нелер?
|
|
|
|
Ілік
|
Кімнің?
Ненің?
|
-ның,-нан-ніњ,-нің; кесе-нің
|
-тың;завод-тың
-тің;сүт-тің
|
-дың;қой-дың
-дің;жер-дің
|
Барыс
|
Кімге? Неге? Қайда?
|
-га, ана-ѓа
-ге, сән-ге
|
-қа;кітап-қа
-ке;бетке, клуб-қа
|
-ѓа;қыз-ѓа
тау-га
-ге; үй-ге, ел-ге
|
Табыс
|
Кімді? Нені?
|
-ны,ды; шам-ды, нан-ды;
-ні,ді; ешкі-ні, әке-ні
|
-ты;лақ-ты, геолог-ты
-ті;бет-ті
|
-ды; экипаж-ды
-ді; гүл-ді,тау-ды
|
Жатыс
|
Кімде?
неде? қайда?
|
-да; Айжан-да
-де; білім-де
|
-та; кітап-та, завод-та
-те;ет-те, коллектив-те
|
|
Шығыс
|
Кімнен? Неден? Қайдан?
|
-нан;-дан;ұн-нан,
-нен;-ден;әке-ден,ән-нен, астана-дан
|
-тан;геолог-тан, ет-тен;
-тен;ірімшік-тен, завод-тан
|
-дан;қатар-дан,
-ден;шөл-ден, көмір-ден,ел-ден
|
Көмек-тес
|
Кіммен? Немен?
|
-мен; жұбайы-мен, әкем-мен,сән-мен, шаң-мен
|
-пен;кұрт-пен, биолог-пен, педагог-пен
|
-бен(мен); аспаз-бен
-мен; гүл-мен, қол-мен, май-мен, жер-мен
|
2 Қазақстан экономикасы
Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен және адам ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Тәуелсіздік алуына байланысты Қазақстан экономикасында демократиялық қоғам жағдайында, нарық еркіндігін жасау межеленіп отыр. 1992 жылдан бастап елімізде мемлекеттік мекемелерге жекешелендіру жүргізілді.
Нарық жағдайындағы Қазақстанның жекеменшік секторы еліміздің болашақ экономикалық тұрақтылық базасын қалыптастыруға орасан зор биіктіктерге көтерілу үстінде. Қазақстан экономикасы үшін шет ел инвестициясына жол ашық.
Өтпелі кезенің қиындығына қарамастан елбасының «Қазақстан 2030» бағдарламасы елімізді өркендеген елдердің бірі ететін, экономикасы дамыған демократиялық қоғамға айналдыруға кепілдік береді.
Сөздік
Табиғи қазбалар - природные ископаемые.
Нарық еркіндігі - сводный регион
Межеленіп отыр - ориентирована
Жекешелендіру - приватизация
Жекеменшік секторы - частный сектор
Экономикалық тұрақтылық - экономическая стабильность
Өтпелі кезең - переходной
Қоғам - общество
Кепілдік - гарантия
Сұрақтар
1 Қазақстан экономикасында тәүелсіздік алуға байланысты не жасау межеленіп отыр?
2 Қай жылдан бастап елімізге жекешелендіру жүргізілген?
3 Жекеменшік секторы туралы не білесіз?
4 Елбасы неге кепілдік береді?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
Сұрақтарға жауап берініз;
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз, сингармонизм заңына назар аударыңыз.
Закон сингармонизма (Үндестік заңы)
Обратите внимание! В казахском языке образованием слов и словоизменением управляет ЗАКОН СИНГАРМОНИЗМА- закон созвучия (гармонии) звуков основного слова и аффиксов, так, если последний слог основы содержит твердые гласные: а, о, ұ, ы, то и в составляющих его аффиксах должны быть именно твердые гласные- қарындаш+ тар, бас+ шы. Если последний слог слова имеет мягкие гласные: ә, ө, е, ү, і, то и в аффиксах появляются мягкие гласные: сөздік+ тер, күзет+ ші и т.д.
Если конечный звук основы (корня) глухой согласный (п, т, к, қ, с, ф, ш), то и первый звук аффикса тоже должен быть глухим: дос- тар, бөбек- тер.
Если в конце основы стоит гласный звук, звонкий (б, в, г, ғ, д,ж, з) или сонорный согласный (м, н, ң, п, р, й), то и аффиксы начинаются со звонкого или сонорного звука: бөлме+ лер, қаз+ дар.
Закон сингармонизма в первую очередь изучите на примере образования в казахском языке множественного числа.
Грамматические пояснения
К основе слова прибавляются окончания:
–лар, -лер, если конечный звук основы гласный или р, й, у.
Например: оқушы-лар, үй-лер.
–дар, -дер, если конечный звук основы м, н, ң, л, з.
Например: ауыл-дар, сөз-дер.
–тар, -тер, если конечный звук основы глухой согласный или звонкий б, в, г, д.
Например: мектеп-тер, завод-тар, педагог-тар.
3 Қаржы жүйесі және қаржы нарығын ұйымдастыру
Қаржы дегеніміз - экономикалық категория. Ол ұлттық табиғатты, қоғамдық өнімді бөлу кезінде пайда болған орталықтандырылған ақшалай қорлардың қалыптасуы және оларды өндіріске қолдану, қоғам қажеттілігін қанағаттандыруды айтамыз. Оның обьектісі - қаржы ресурстары болып табылады, ал субьектісі - мемлекет, емес ұйымы болып табылады.
Тұнғыш рет ақша қатынасы XV-XVII ғасырларда пайда болған. Ол ең алғаш Италияда қолданылды. Қаржы атауы дегеніміз «ҚАә барлық табыс деген сөз. Демек, барлық табыс қаражат қорларын жасау мен пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық категория. Қаржы есеп жүйесімен тығыз байланысты, өйткені олардың қызметі шаруашылық жүргізудің жеке обьектілірді арасында өзара есеп айрысуға арналған.Қаржының материалдық мазмұны құрамына көптеген ақша қорлары енеді.
Мысалы: мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру, тұтыну қоры және тағы басқалар. Бұл ақша қорлары сан қилы деңгейде құрылып пайдаланылады, кейбіреулері үнемі жұмсалса, кейбіреулері сақталады, ал енді біреулері жинақталды. Қаржы қатынастарды формаларымен ақшалай қаржы қорлары басқарылатын материалдық обьект құрайды
Сөздік
орталықтандырылған -централизованный
қолдану - применять
үнемі - постоянно
қаржы жүйесі -финансовая система
әлеуметтік қамсыздандыру - социальное обеспечение
сақтандыру - страхование
тұтыну қоры - потребительский фонд
Сұрақтар
1 Қаржы дегеніміз не?
2 Ақша қатынасы тұңғыш рет қашан пайда болды?
3 Қаржы қандай жүйемен тағы байланысты?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді орыс тіліне аударыныз;
2) Сұрақтарға жауап берініз;
3) Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді табыңыз (кесте 2).
Кесте 2 - Аффиксы принадлежности (тәуелдік жалғау)
Лицо
|
Конечный звук слова
|
Аффиксы
|
Примеры
|
Ед.число
|
Мн.число
|
І
|
После гласных
После согласных
|
м
ым
ім
|
мыз
ымыз
іміз
|
Бала+м бала+мыз
Қол+ым қол+ымыз
Қөз+ім қөз+іміз
|
ІІ
пр
|
После гласных
После согласных
|
ң
ың
ің
|
ларың
лерің
тарың
терің
|
Бала+ң бала+ларың
Шеше+ң шеше+лерің
Бас+ың бас+тарың
Бет+ің бет+терің
|
ІІ
в
|
После гласных
После согласных
|
ңыз
ыңыз
іңіз
|
ларыңыз
дарыңыз
деріңіз
|
Бала+ңыз бала+ларыңыз
Қо+ыңыз қол+дарыңыз
Қөз+іңіз қөз+деріңіз
|
ІІІ
|
После гласных
После согласных
|
сы
сі
ы
і
|
лары
лері
тары
тері
|
Қала+сы қала+лары
Көше+сі көше+лері
Бас+ы бас+тары
Тіс+і тіс+тері
|
4 Нарық
Нарық дегеніміз не? Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми-зерттеу пәні бола алмады. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілу. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстыр сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайды.
Сөздік
нарық – рынок
зерттеу – исследовать
нәтиже – результат
жиынтық – совокупность
шектелу – ограничеваться
басымдылық – преимущество
өнім – продукт
өндірістік қатынастар – производственные отношения
өндірушілер – производители
тұтынушылар – потребители
айырбас – обмен
айналыс – оборот
Сұрақтар
1 Нарық дегеніміз не?
2 Аталған анықтамаларға ортақ нәрсе не?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Жіктік жалғауы жалғанған сөйлемдер құрастырыңыз.
Кесте 3 - Личные окончания именных частей речи (жіктік жалғау)
Лицо
|
Конечный звук слова
|
Личные окончания
|
Ед.число
|
Мн.число
|
1
|
Гласный или сонорный
(р, й, л, у, м, н, ң)
|
-мын
-мін
|
-мыз(-быз, біз)
-міз(после конечных н,ң,м)
|
Звонкие согласные з,ж
|
-бын
-бін
|
-быз
-біз
|
Глухой согласный
|
-пын
-пін
|
-пыз
-піз
|
2
|
Независимо от конечного звука слова
|
-сың(-сыз)
-сің(-сіз)
|
-сыңдар
(-сыздар)
-сіңдер
(-сіздер)
|
3
|
Не имеет окончаний
|
|
Только окончания мн.ч.
|
5 Қаржылық бақылау
Қаржылық бақылау – мемлекеттік қаржылар аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жетілдіру, қаржыға деген мұқтаждық пен қолда бар қаржылық ресурстардың араларын теңдестіру, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердегі және кәсіпорындардағы ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды үнемі пайдалану режимін нығайту құралы болып табылады.
Қаржылық бақылаудың элементтері:
қаржылық бақылау объектісі (кімді тексереді),
қаржылық бақылау субъектісі (кім тексереді),
қаржылық бақылаудың мақсаты (не үшін тексереді),
қаржылық бақылаудың әдістері (қалай тексереді),
қаржылық бақылау пәні (не тексеріледі).
Қаржылық бақылаудың негізгі әдістері – қаржылық жоспарлардың есептеулерін тексеру, алғашқы қаржылық құжаттарды тексеру; бухгалтерлік есеп регистрларындағы жазбаларды тексеру; статистикалық және бухгалтерлік есептеулерді тексеру; тауарлық материалдық құндылықтарды, негізгі қорларды және қолма-қол ақшаларды жартылай немесе жаппай түгендеуді жүзеге асыру; несиелік-қаржылық мекемелердегі ақша құжаттарының шынайлығын тексеру; өндірістегі материалдық шығындар мен басқа да мән-жайлардың негіздемелеріне сараптамалық баға беру; құқық қорғау органдары мен соттардан түсетін ақпараттарды талдау және қорытынды беру; қаржылық операцияларды жүргізуге қатысы бар лауазымды тұлғалар мен азаматтардан ауызша және жазбаша түсініктеме алу; банкке және басқа несиелік мекемелерге ресми сұраныс жасау; ревизия.
Сөздік
Қаржылық бақылау – финансовый контроль
Бухгалтерлік есеп – бухгалтерский учет
Қаржылық мұқтаждық – финансовая потребность
Материалдық құндылықтар – материальные ценности
Қолма-қол ақшалар – наличные деньги
Несиелік – кредитный
Шығындар – затраты
Сараптама – экспертиза
Талдау – анализировать
Лауазымды тұлғалар – уполномоченные
Түсініктеме – объяснительная
Сұраныс жасау – сделать запрос
Сұрақтар
1 Қаржылық бақылау дегеніміз не?
2 Оның элементтері қандай?
3 Қаржылық бақылаудың негізгі әдістері қандай?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді тауып алып, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Көптік жалғау
1 Если основа слова оканчивается на гласные звуки и р, й, у, то пишется лар/лер (балалар, дәптерлер).
2 Если основа слова оканчивается на м, н, ң, л, з, то пишется дар/дер (көлдер, қаламдар, өзендер).
3 Если основа слова оканчивается на глухой согласный звук или на б, в, г, д, то пишется тар/тер (кітаптар).
6 Нарықтың мәні, құрылымы
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық – тауарларды сатып алу, сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әр түрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынадай қызметтер атқарады – бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады, керісінше, олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.
Дүниежүзілік нарық – сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып, орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интеграция, сыртқы сауда, тауарайырбас операциялары арқылы ішкі нарықпен байланыста болады.
Ұлттық нарық – бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта белгілі бір дәрежеде өндірістің нәтижелері мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар, нарық қызметінің шарты – ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын тауар – ақша форма түрінде көрінеді.
Сөздік
анықтау – определить
бәсеке – конкуренция
жиынтық – совокупность
айырбастау – обменять
қатынас – отношение
қызмет – служба
нәтиже – результат
шарт – условие
өндіріс факторлары – производственные факторы
өндірушілер – производители
сатушылар мен сатып алушылар – продавцы и покупатели
тауар айналысы – товаро-оборот
тұтынушылар – потребители
тиімсіз – неэффективные
Сұрақтар
1 Нарық дегеніміз не?
2 Нарық механизмі қандай қызметтер атқарады?
3 Дүниежүзілік нарық дегеніміз не?
4 Ұлттық нарық дегеніміз не?
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннен табыс септігінде тұрған сөздерді табыңыз (кесте 4).
Кесте 4- Табыс септік (винительный падеж)
Соңғы дыбыс
(конечный звук)
|
Дауысты
(гласные)
|
Үнді, ұяң з,ж
(Сонорные звонкие з,ж)
|
Қатаң, ұяң б, в, г, д
(Глухие звонкие б,в,г, д)
|
ІІІ жақ тәуелдік жалғауы (ІІІ лицо притяжательной формы)
|
Буын (слог)
|
Жуан (твердый)
|
-ны
|
-ды
|
-ты
|
-н
|
Жіңішке(мягкий)
|
-ні
|
-ді
|
-ті
|
-н
|
Достарыңызбен бөлісу: |