Асқазаннан қан кеткенде алғашқы көмек көрсету.
Іс-әрекеттердің тәртібі:
1. науқасты носилкаға бір қырымен аяқтарын көтеріп жатқызамыз;
2. кальций хлориді 10%-10мл к/т, аминокапрон қышқылы 5%-100мл к/т,
дицинон 12,5%-4мл к/т;
3. эпигастрий аймағына мұзды мұйық қоямыз;
4. науқасқа ешнәрсе ішкізбейміз;
5. хирургия бөлімшесіне носилкада бір қырымен жатқызып тасымалдаймыз;
6. тасымалдау барысында геморрагиялық шокқа қарсы ем-шара жүргізу;
7. жоғалтқан қан көлемін Альговер шок индексі арқылы анықтау.
8. қан жоғалту 10-15% (500-750мл) болса тек кристаллойдты ертінділер құйылады:
Трисоль, ацесоль, дисоль, Рингер-Локк, натрий хлор ертінділерін 1-1,5л.
9. қан жоғалту 15-30% (750-1500мл) болса кристаллоидты және каллоидты ертінділерін 3:1 қатынаста құю. Каллоидты ертінділер (гидроксиэтилкрахмал: волекам, инфукал; декстран: полиглюкин, реополиглюкин, реоглюман; желатин заттары) екі жақты көктамырдан құйылады.
Адекватты жүргізілген емнің маңызды көрсеткіштеріне - сағаттық диурез және ОВҚ қалыпқа келуі. ОВҚ-ң 3-5см су бағ.төмені гиповолемияны көрсетеді. Мұндай жағдайда науқасқа ОВҚ 10-12см су бағ., ал сағаттық диурез – 30мл/сағ (сағатына 0,5мл/кг жоғары) жеткенше инфузионды-трансфузиялық ем жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |