Емдік лапароцентезге арналған құрал-саймандарды жинау. Жасауға көмектесу.
Анықтама: емдік лапароцентез-бұл іш қуысын, емдеу мақсатымен (асцит жағдайында іш қуысындағы жиналған сұйықтықты сыртқа шығару үшін) тесу.
Мақсаты: іш қуысындағы сұйықтықты сыртқа шығару.
Қажетті заттар: стерильді салфетка, шариктер, хирургиялық, анатомиялық пинцеттер, скальпель, ине ұстағыш, ине, жібек №4 (1ампула), троакар,қайшы, шприц, новокаин, бөліністі жинайтын ыдыс, спирт-70%, лейкопластырь, резиналы қолғаптар, клеенкалы фартук, шылапшын.
Іс-әрекет алгоритімі:
Мейірбике науқасты тыныштандырып, науқасқа іс-шара барысын түсіндіріп, келісімін алады.
Науқасты орындыққа сүйендіріп отырғызамыз;
Науқастың алдына шабынан төмен клеенкалы фартук төсейміз, фартуктың етегі екі аяғының ортасына қойылған шылапшынға түсіп тұруы керек;
Хирург зарарсыздандырылған қолғаптар киіп, операциялық майданды спиртпен 3рет өңдейді;
Пункция орнын (кіндік пен қасаға ортасын) 0,5%-30мл новокаинмен жансыз-дандырады;
Жансыздандырылған жерден скальпелмен 2см көлемінде кеседі;
Троакарды кесілген жерден іш қуысына қарай енгізеді, тесіп болған соң стилетті суырып алады, сұйықтықты жәймен шығарады (сұйықтықты тез шығару коллапске алып келуі мүмкін);
соңында түтікті алып, теріге 2 жібек тігіс салынады;
тігіс үстінен асептикалық таңғышты лейкопластырмен жабыстырамыз.
Қолданылған құрал-саймандар дезертіндіге салынады.
Диагностикалық лапароцентезге арналған құрал-саймандарды жинау. Жасауға көмектесу.
Анықтама: диагностикалық лапароцентез-бұл іш қуысында патологиялық сұйықтықты анықтау мақсатымен іш қуысын (іш қуысы ағзаларының зақымдануында) тесу.
Мақсаты: іш қуысында патологиялық сұйықтықтың барын анықтау.
Қажетті заттар: скальпель, ине ұстағыш, ине, жібек №4 (1ампула), хирургиялық пинцет, троакар, резиналы қолғаптар, 3-4 дәкелі шариктер, салфеткалар, қайшы, хлорвинилді трубка, шприц Жанэ, 400мл фурацилин ерітіндісі, шприц, новокаин, бетадин, спирт-70%, лейкопластырь.
Іс-әрекет алгоритімі:
Мейірбике науқасты тыныштандырып, науқасқа іс-шара барысын түсіндіріп, келісімін алады, егер науқас ес-түссіз болса туыстарынан н/е дәрігерлер консилиумы шешеді.
Науқасты горизонтальды жатқызады;
Кіндіктен 3 см төмен жерден операциялық майдан 2-рет бетадинмен, 1-рет спиртпен өңделеді;
Жергілікті жансыздандырылғаннан кейін, іштің алдынғы қабырғасы № 4 жібек жіппен ілініп алынып жоғары көтеріледі;
Кіндіктен төмен 2см көлемінде скальпелмен кесіледі;
Троакармен пункция жасалған соң, гильза арқылы іш қуысына хлорвинилды түтікше енгізіледі;
Егер түтікше арқылы іш құысынан патологиялық сұйықтық бөлінбесе, түтікше арқылы Жане шприцымен іш қуысына стерильді 400 мл фурациллин ерітіндісі жіберіледі. Кейін қайта сорылады.
Егер фурациллин ерітіндісі қызыл түске боялса, ішке қан кету жағдайы дәлелденеді.
Түтікше іш құысынан алынып, жарақатқа тігістер салынады, асептикалық таңғыш қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |