Асхар Танжарых Эссе: «Мен шабыттанамын, шабыттандырамын»



Дата07.02.2022
өлшемі14,97 Kb.
#84328
Байланысты:
Асхар Т ЭССЕ


Курс тыңдаушы: Асхар Танжарых


Эссе:
«Мен шабыттанамын, шабыттандырамын».


Мұғалім – шығармашылық мамандық иесі болғандықтан, ол шабытсыз болмайды. Шабытты ұстаз шәкіртін шабыттандырады. Менің ойымша шабыт-адамның белгілі бір іс үстіндегі, көңіл күйінің, ерекше бір ынталы, ықыласты сәті. Тігінші киім тігуде ерекше сезімге бөленіп, ляззат алып,шабыты одан сайын асқақтай береді. Ал мұғалімнің шабыты- әрине өзінің шәкіртіне білім нәрімен сусындатқанда келмей ме? 2019-жылы алғашқы жұмыс жылым еді.
Негізгі мамандығым көркем еңбек пәні мұғалімі. Екінші сабақ беретін пәнім өзін-өзі тану, шынымды аитсам алғаш рет өзін-өзі танудан сабақ берген күнім әлі есімде қорқынышбен бастадым. Сол күнгі оқушыларымнің жылы ыхыласбен, жылы көзбен қарсы алғаны мені шабытандырды.Оқып танып білген нәрсені оқушыларыма дұрыс жеткізгенде ғана Ұстаз атына лайықтысын. Өзінмен тең санап,жүрегінің кілтін таба білсен,солбаланың сырсаңдық екенің ұғасын. « Мұғалім шабыттандырады»,- дегендей мен оқушыны шабыттандыру үшін оны түсінуге, жалықпай тыңдауға, жақсы қасиеттерін тауып айтуға әрқашанда дайынмын. Ол менің болашақта ұлы ұстаз болуына бірден бір себеп. Себебі, бір оқушыны «Сен жарадың,сенің қолынын келеді, бірақ келесі жолы одан да жақсы жазуға тырыс», «Ойыңды жаздың ба? Жаза алмадың ба? Мүмкін, жазғаныңды оқуға ұялып жасырып қалған боларсың? Жоқ, олай етуге болмайды. Тіпті сен айтатын ой қайталанып жатса да, сен өз орныңды білдіріп, пікіріңді есту біз үшін өте маңызды болып тұр... Қәне, дайынсың ба!», «Сенен бұдан да керемет дүниелер туындайды» деген жылы сөздермен әрбір балаға адамгершілік, сенімділік ұялатуға тырысамын. Әр оқушының жеке пікірі, көзқарасы маған өте маңызды.Оқушыларымды шабытандыру үшін сабағымда белсене әдіс тәсілдерді көп қолданамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет