Ашық сабақ «Нұршуақ» даярлық тобы



Дата24.04.2017
өлшемі37,25 Kb.
#14730
түріСабақ
№31 «Күншуақ» МДҰ



(Ашық сабақ)

«Нұршуақ» даярлық тобы

Өткізген: Елеусінова.М.Ә

2014– 2015 оқу жылы



Тақырыбы: Сиқырлы балықтар тапсырмасы

Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту, ой өрісін қиялын жетілдіру, сөз қорын молайту. Балаларды заттарды сипаттай білуге, жаңылтпашты жаңылмай айта білуге, қарама – қарсы сөздерді таба білуге, заттарды топтастыра біліп, мақал мәтелдерді айта білуге үйрету. Білім деңгейлерін тереңдету.

Білімділік: Балалардың білімдерін кеңейту, анық таза сөйлей білуге үйрету.

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, еңбекке дұрыс сөйлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, дамыту, сөздік қорын молайту.

Көрнекілік: Балықтар суреті, атрибуттар, аквариум.

Әдіс тәсілдері: Ойын, сұрақ – жауап.

Сабақ барысы: Шаттық шеңбері (Балалар шеңбер жасап тұрады)

Көлбең, көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем,

Балықтар қалай жүзеді,

Кім көрсете біледі?

Біз жүземіз көл астында

Біз жүземіз көл үстінде

Жүземіз оңға, жүземіз солға

Шоршимыз анда санда

Ортаға тәрбиеші сиқырлы аквариумды алып келеді.



Тәрбиеші: Балалар бұл аквариум сиқырлы. Себебі оның ішінде алтын балықтар бар. Сол алтын балықтарда тапсырмалар бар. Алтын балықтың тапсырмалаларын орындасаңдар алтын балық сіздерге сыйлық береді.

Тәрбиеші: Балалар сіздер алтын балық туралы не білесіздер

  • Алтын балық ертегісін.

Жұмбақ жасыру

Шаңқ – шаңқ еткен үні жоқ, сусыз оның күні жоқ,

Жүріп кетсе соңында, қалып жатқан ізі жоқ.

Тәрбиеші: Балалар блықтар қайда тіршілік етеді? (Суда тіршілік етеді)


  • Дұрыс айтасындар балалар сол суды біздер қайдан алып пайдаланамыз? (Калонкадан)

  • Ал, сол суда балықтар тіршілік етеме? (Жоқ)

  • Неге олай ойлайсындар балалар? (Өйткені жер астымен келтірілген су)

  • Олай болса жер бетінде басқа қандай сулар бар деп ойлайсындар? (Өзен, көл, теңіз, мұхиттар)

  • Міне, осы суларда балықтар тіршілік етеді.

  • Балықтар нелермен қоректенеді? (Балдырмен)

  • Балдыр қайда өседі деп ойлайсындар? (Су астында)

  • Балалар айтындаршы қандай балықтардың аттарын білесіңдер? (Шортан, сазан, алабұға, ақ балық, табан)

  • Енді мына суреттерге назар аударайық.

  • Қандай балықтарды көріп тұрсындар? (Шортан, сазан, алабұға, ақ балық, табан)

  • Балықтарды адамдар пайдалана ма? (Ия)

  • Не үшін пайдаланады? (Тамаққа)

  • Теңізде қандай сүтқоректілер тіршілік етеді? (Ит балық, Кит, Дельфиндер тіршілік етеді)

  • Балалар Ит балық, Кит, Дельфиндер қайда тіршілік етуге биімделген? (Суда)

  • Бірақ бұлар балықтарға жатпайды, Су жануарларына жатады.

  • Балалар суда балықтардан басқа нелер тіршілік етеді, тек балықтар ғана тіршілік етеме? (Жоқ)

  • Білгендеріңді айтындаршы (Жылан, Көлбақа)

Сергіту сәті

Ал балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балалаға,

Шапалақ та, шапалақ

Жоғары – төмен қарайық,

Орнымызды табайық.



Тәрбиеші: Біз балалар алтын балық тапсырмаларын орындайық

Ойын: «Балық аулау»

Тәрбиеші: Балалардың арасынан біреуін (алма кезек) шақырып балық аулап шығуын сұрайды.

Тапсырмалалар



  1. «Затты сипатта»

  2. «Жаңылтпашты жаңылмай айтамын»

  3. «Қарама – қарсы сөздер»

  4. « Заттарды топтастыр»

  5. «Мақал – мәтелдер» (Өнер білім, еңбек туралы)

Қортынды: Балалар сендер алтын балық тапсырмаларын орындадыңдар сол үшін мынау алтын балықтың сіздерге сыйлығы. (Тарату)
Каталог: uploads -> doc -> 122f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
122f -> Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. Сабақтың мақсаты
122f -> Сабақ тақырыбы: тема А.Құнанбайұлы Қара сөздері Жалпы мақсат
122f -> Сабақ тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау Сынып: 7
122f -> Сабақтың тақырыбы: Біз отбасы бюджет жоспарлаймыз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет