Ашық сынып сағаты: Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күнінің 70 - жылдығын тойлағалы отырмыз. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі « Ленинград блокадасына 900 күн» деп аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске арналады.
Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Сынып сағатына дайындық барысында біз, сынып болып, деректер жинап, ( тақтада жұмыс істеген деректер тізімі тұрады) деректер жайлы ең қажеттісін материалдарды алдық. Алған мәліметтерді сұрыптап, топтастырдық. Қажетті деректі фильдерді, көркем фильдерді көріп, зерттеу мәліметтерімен таныса отырып, презентациялар жасадық. Осындай жұмыс барысында үш топқа бөлінуді жөн көрдік. Себебі жалпы соғыс жайлы мәлімет береміз, оның ішінде бүгінгі біздің тақырыбымыз бойынша Ленинград блокадасы жайлы, оның ішінде біздің қазақстандық батыр бабаларымыздың осы шайқасқа қосқан үлесі жайлы және осы кішкентай Ақсу өңірінен де Жеңіске қосқан үлесіміз бар екен. Ол біздің сыныптағы оқушылардың аталары. Ендеше топтың атын қалай қойдыңыздар?
Топтардың аты: Ұлы Отан соғысы жайлы ақпарат.
Қазақстандықтар Лениград үшін шайқаста.
Ленинград үшін шайқасқан қазақ батырлары.
Біз Жеңістің ұрпақтарымыз. Ерлігімен есте қалар елдегі батыр аталарымызға тағзым .
…. Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді... Қасиетті соғыс. Сөзі В. Лебедев Кумач пен композитор А. Александров. әні жаңғырады.
1. оқушы : \тарихи деректер айтылып жатқанда таспадан оқ атулар естіліп турады\
Ұлы Отан соғысының басталуы.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес - герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса - көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды. КСРО - ға қарсы соғысқа Германияның одақтастары — Румыния, Венгрия, Италия, Словакия, Финляндия қатысты. Гитлершілдердің жағында соғысқа кіруге Жапония, Болгария, Түркия, Испания дайын тұрды. Бұл жағдай Қызыл Армияны Қиыр Шығыс пен Закавказьеде ірі әскери құрамаларын ұстап тұруға мәжбүр етті. Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. 1930 жылдардағы әскерилерді қудалау соғыстың алғашқы күндерінде сәтсіздіктерге ұшыратты.
2. оқушы. Фашистік Германияның соғыс жоспары.1940 жылы жасалған «Барбаросса» жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде (6 - 8 апта) Архангельск - Еділ - Астрахан шебіне шығуды көздеді. Бұл қауырт соғыс — блицкригтің негізгі мақсаты еді. «Барбаросса» жоспарын жасағанда фашистік Германияның басшылары КСРО - ны «көптеген ұлттардың жасанды әрі әлсіз бірлестігі», «ішкі бірліктен айырылған этникалық конгломерат (қоспа)» ретінде қарастырды. Фашистер басып алынған кеңестік аумақта Остланд рейхскомиссариаттарын — герман провинцияларын құруды жоспарлады. Германияның Қазақстанға қатысты жоспары айқын еді. КСРО - ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда бірыңғай герман аумағын құруды көздеді. Бұл аймақты «адамзатқа жатпайтын» славян халықтарынан тазарту міндеті қойылды.1941 жылдың соңында түрік - монғол халықтарын жою жоспарланған болатын. Немістердің жоғарғы барлау мектебі болашақ отарлардың карталарының жобасын дайындап, 1942 жылдың басында «Еділ - Жайық» жөне «Үлкен Түркістан» мемлекеттік құрылымдарын құруды жоспарлады. Үлкен Түркістан отарының құрамына Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Синьцзянь, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енгізілді. Қуыршақ мемлекеттерді құру арқылы гитлершілдер экономикалық және саяси мақсаттарды: ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және қосымша азық - түлік базасына ие болуды, кеңестер елін отарға, оның халқын құлдарға айналдыруды көздеді..
3. оқушы Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
4.оқушы - ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасіреті соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай - ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.
5.оқушы - Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады. Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады)
3. Сахнаға жүргізушілер шығады. \Музыка әуенімен\6. оқушы. Ленинград шайқасы -. \слайд көрсетіледі\.. 2) Ленинград блокадасы туралы тарихи мәліметтермен жұмыс
Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік - батыс бөлігін қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық - түлік, қару - жарақ пен әскери құрал - жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді. Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде - ақ қазақстандық 310 - шы, 314 - атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «Өмір жолын» салуға қатысты. Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Ержүрек комсомол, мерген қызды III дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейін 1944 жылы шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 24 - атқыштар бригадасында қызмет еткен 3. Оңғарбаева да ержүрек жауынгер ретінде көпке танылдыЛенинград үшін шайқас 1941 жылғы 8 қыркүйекте басталып, 1943 жылдың қаңтарына дейін созылды. Қалаға жеңіс толығымен 1944 жылдың 27 қаңтарында ғана келді. Яғни, қала осы уақытқа дейін жау қоршауында болды. Ленинград халқы тұп тура 900 күн қасірет шекті. Осынау теңдессіз 900 күннің жыры да, сыры да ешқашан таусылмақ емес. Өліспей беріспеуді серт еткен ленинградтықтар жауға тізе бүкпей шайқасып, өшпес ерлік өнегесін көрсетті. Ұлы жырау Жамбыл Жабаев атамыздың «Ленинградтық өренім» деп тебірене, толғана жылайтын тұсы да сол кез еді. 900 күн бойы жау қоршауында қалған. Ленинград шайқасы кезінде 640 мыңнан астам адам аштықтан қырылды, жүздеген мың адам жау снарядтары мен авиабомбалардан қаза тапты, эвакуация кезінде оққа ұшқандары қаншама?! Тарихи деректерде Ленинград қоршауы кезінде 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын көз жұмды делінеді. Ал бұған қоршау кезінде жаумен жағаласып жүріп шейіт болған жауынгерлерді қоссаңыз, жалпы құрбандардың саны миллионның үстіне жетіп - жығылатыны айтпаса да түсінікті.
1) Жамбыл Жабаев өмірінен мәлімет беру
«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» әдісі бойынша оқушыларға Жамбыл туралы білетіндерін жаздыру, оқыту. 2) Өлеңдері, айтыстары, дастандары туралы айту.1941 - 1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр кез болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін өте ауыр күндер туды. Осы тарихи оқиғаға Жамбыл өзінің «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады.
7. Оқушы; Ж. Жабаев. Ленинградтық өренім Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап - сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…
Ленинград үшін шайқас 1941 жылдың күзінен 1943 жылдың қаңтарына дейін созылды. Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 314 атқыштар дивизиясы қаланы қорғады. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.Ленинград үшін шайқас 1941 жылғы 8 қыркүйекте басталып, 1943 жылдың қаңтарына дейін созылды. Қалаға жеңіс толығымен 1944 жылдың 27 қаңтарында ғана келді. Яғни, қала осы уақытқа дейін жау қоршауында болды. Ленинград халқы тұп тура 900 күн қасірет шекті. Осынау теңдессіз 900 күннің жыры да, сыры да ешқашан таусылмақ емес. Өліспей беріспеуді серт еткен ленинградтықтар жауға тізе бүкпей шайқасып, өшпес ерлік өнегесін көрсетті. Ұлы жырау Жамбыл Жабаев атамыздың «Ленинградтық өренім» деп тебірене, толғана жылайтын тұсы да сол кез еді. 900 күн бойы жау қоршауында қалған. Ленинград шайқасы кезінде 640 мыңнан астам адам аштықтан қырылды, жүздеген мың адам жау снарядтары мен авиабомбалардан қаза тапты, эвакуация кезінде оққа ұшқандары қаншама?! Тарихи деректерде Ленинград қоршауы кезінде 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын көз жұмды делінеді. Ал бұған қоршау кезінде жаумен жағаласып жүріп шейіт болған жауынгерлерді қоссаңыз, жалпы құрбандардың саны миллионның үстіне жетіп - жығылатыны айтпаса да түсінікті.
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады! Көрініс. (Қуаныштан жылап та, күліп те тұрған халықтардың көңіл - күйлері бейнеленеді) .Оқушылардың орындауында «День победы» әні орындалады.
Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлерді Ұмытпаймыз ешқашан!!
Соғыстан келген хаттар.\ көрініс\. 8 окушы. 22 сәуір, 1943 жыл. Құрметті біздің туғандарымыз, жақындарымыз және достарымыз! Біз қазақтармыз, "Оңтүстік майданның" жауынгерлері мен командирлеріміз. Біреуіңнің балаңызбыз, біреуіңнің күйеуіңбіз, біреуіңнің ағаларыңбыз. Сендерге жалынды сәлем айтамыз! Міне біздің КСРО халқының ұлдарымен иықтасып соғысып жүргенімізге 21 айдан артық уақыт өтті. Біз Отан алдымыздағы борышымызды өтеп, неміс фашистеріне, бізді құл қылып жүргісі келіп жүрген қанішерлерге қарсы соғысып жатырмыз.
9 оқушы. Амансыз ба, анашым! Қалыңыз қалай? Ауырып қалған жоқсыз ба? Ауырмаңыз, мені күтіңіз. Мені уайымдамаңыз. Менде бәрі жақсы. Тек сізді сағынғаным болмаса… Шашыңыздан иіскеп, маңдайыңыздан сүйгім келеді. Жарайды, оны қойшы. Інілерім қалай? Олар аман - сау ма? Менен әпкеме, тәтеме бәріне сәлем айтыңыз. Салып жіберген алмаларыңыз келді. Ротадағы солдаттар сізге алғысын айтып жатыр. Рахмет! Жолдас лейтенант апасына хат жазып отыр еді. Менде сізді ойлап, қолыма қалам алдым. Біздің рота соғыс алаңынан бес шақырым жерде орналасқан. Таң атысымен соғыс алаңына аттанамыз. Мылтықтың дыбысын естігенде, аспанға ұшқан зеңбіректі көргенде денемді үрей билейді. Бірақ та халқымның жан айқайын естігенде, жұдырықтай жүрегімде жігер пайда болады. Мен Отан үшін соғысқа аттандым ғой. Сізді жалғыз қалдырып кеткенім үшін, мені кешіріңіз. Бұл хаттың сізге жетер жетпесін білмеймін. Мүмкін бұл хат сізге жеткенде, мен туралы басқа хат та келіп қалуы мүмкін. Бекем болыңыз! Бірақ та ана мен сіздің қызыңызбын ғой. Мен қайтып ораламын. әлі - ақ «Анашым, мен келдім! Мен жеңіспен оралдым» – деген сөздерді еститін боласыз. Аман жүріңіз!
Біз Жеңістің ұрпақтарымыз. Ерлігімен есте қалар елдегі аталарымызға тағзым .
Осындай хаттар біздің елге, ауылдарға да келіп жатты. Біздің сыныптағы Касымова Динелдің және Рымбаева Мерурттің де аталары майданда соғысты. Динел мен Меруерттің жинаған мәліметтерімен танысу. Слайд және шығарма оқылады.
Алынған мәліметтерін қағаз бетіне ( постерге) түсіру. Постер қорғау.
10 оқушы. Тыл жұмысында.Ер - азаматтары майданға алынып, бар ауыртпалық егде адамдардың, әйелдер мен балалардың мойнына түсті. Олардың еңбегінің арқасында соғыс жылдары Қазақстан колхоздары мен совхоздары елімізге 56 млн пұт астық, 733, 9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62, 4 мың тонна жүн өткізді. Тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиев (әр гектардан 202 центнер), атақты күрішшілер Ы. Жақаев, Ким Ман Сам, дәнді дақылдардан мол өнім алғандар М. Сатыбалдина, А. Дацкова, Н. Алпысбаевалардың ерен еңбектерін атап өтуімізге болады. Қазақстан еңбекшілері өздерінің жеке қаражатынан майдан қорына 4, 7 млн сом ақша, 2 млн дана жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті.
11 оқушы. Ұлы жеңіс. 1945 - жыл 9 – мамыр. Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуы.Неміс басқыншыларын кеңес жерінен қуған Кеңес Одағының Қарулы Күштері дүниежүзілік тарихи миссияны — Еуропаны гитлерлік оккупациядан азат етуді жүзеге асыруға кірісті. Румыния мен Болгарияны азат ету шайқастарына 387 - ші қазақстандық атқыштар дивизиясы қатысты. Югославияда 73 - ші гвардиялық дивизия шайқасты. Ұлы Отан соғысының ірі, шешуші операциясы — Берлинді алуға 150 - ші атқыштар дивизиясы қатысты. Шайқас қызып жатқан уақытта қазақстандықтар — офицер Р. Қошқарбаев, қатардағы жауынгер Г. Булатов, кіші сержант М. Еремин, қатардағы жауынгер Г. Сывенко т. б. тіккен қызыл тулар желбіреп тұрды. Берлинге тіке шабуыл жасауға «Қазақстан комсомолы» танк колоннасының танкілері қатынасты. Бұл колонна Қазақстан еңбекшілерінің жеке қаражаттарымен құрылған еді. Республика патриоттары соғыс жылдары 480 миллион сом жинап, бұл қаржыға «Қазақстан колхозшысы», «Түрксібші», «Қазақстан кеншісі», «Қазақстан мұнайшысы», «Қазақстан металлургы», «Қазақстан пионері» атты т. б. майдандардағы армиялардың құрамына кірген танк колонналары мен авиаэскадрильялары жабдықталды. Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері Квантун армиясымен болған шайқастарға да қатысты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін 2027 қазақстандық ордендермен, медальдармен марапатталды, олардың ішінде 14 - і — «Кореяны азат еткені үшін», 234 - і — «Жапонияны жеңгені үшін» медаліне ие болды.Жеңіс күнін армия қатарында болған, Қазақстанда құрылған 12 дивизия, 3 атқыштар, 1 артиллерия, 1 минометші, 2 авиация полкі, басқа да бірнеше әскери бөлімшелер қарсы алды. 500 - ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды, оның 97 - і қазақтар. Б. Момышұлы, Б. Бейсекбаев, X. Доспанова т. б. қазақстандық батырлар соғыстан кейінгі кезеңде марапатталды.
Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.
Әр топтағы оқушылар өз ойларымен бөліседі.
Ұстаз тілегі. Міне, ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Бүгінгі күннің болашағы сіздерсіздер. Сіздерден зор үміт күтеміз. Егеменді еліміздің тірегі болатындарыңызға кәміл сенеміз.
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |