Аңшылық алқаптарды мекендеу жағдайлары менөнімділігі бойынша бағалау



Дата17.03.2023
өлшемі0,57 Mb.
#172776
Байланысты:
Типология

Аңшылық алқаптарды мекендеу жағдайлары менөнімділігі бойынша бағалау

Аңшылық алқаптарды сапалап бағалау (бонитировка) әртүрлі аңшылық аңдардың мекендеу дәрежесіне сипаттама береді және ол бонитетпен, яғни бағалық сапасына байланысты әртүрлі баллмен беріледі.

  • Аңшылық алқаптарды сапалап бағалау (бонитировка) әртүрлі аңшылық аңдардың мекендеу дәрежесіне сипаттама береді және ол бонитетпен, яғни бағалық сапасына байланысты әртүрлі баллмен беріледі.
  • Алқаптар сапасын қандай әдіспен бағалағанмен де, олардың барлығы аңдар түрінің мекендеу жағдайын көзбен бағалауға шектелген. Мұндай бағалау жұмыстарын жеңілдету мақсатпен, барлық интегралдап қосылған қоршау жағдайларын әртүрлі факторларға бөледі. Әдетте мұндай факторларға мекендеу ортаның әртүрлі аңдардың қажеттілігін қамтамасыз ететін жағдайлары енеді: азықтық, паналық, ұялық және т.б. жағдайлары.
  • Алқаптың әртүрлі қасиетін талдай келе, аңшылық мамандар ілезде алқапқа жалпылай баға бере алады, яғни нақтылы бір аң түрі бойынша алқапқа бонитет береді. Әйткенмен мұндай техникалық әдіс, көптеген мамандарға бір жақты болып көрінеді (субъектив). Осы себептен біршама авторлар (Красный, 1967; Рыковский, 1964 және т.б.) алқаптың әрбір факторын жекелеп бағалау керек деген көзқарас айтады.
  • Бонитировкалауға алынатын минималды объектілер-бағалау жүргізілетін аңның түріне, оның аймақтық байланысына және зерттеу шамасына байланысты.Аңшылық алқаптар типі алқапты сапалап бағалауда, көлемі аса үлкен аймақтың ішкі жағдайы ретінде ғана саналады.
  • Д.Н. Данилов жазған: "Бөлектелініп алынған бір бөлікте,кәсіптік режимді реттеуге және әртүрлі биотехниялық жұмыстар жүргізуге болмайды, осы себептен табиғат заңы, кәсіпшілік дәрежесін бағалау үшін объект ретінде көлемі үлкен аймақ алынуы қажет. Мүндай аймақтар - аңшылық мекендер және кәсіпшілік учаскелер".
  • Бонитеттік класс, аймақтың әртүрлі учаскелері жыл бойы фито және биоценоз (өсімдектер және жануарлар қауымы) өмір сүргіштігін қамтамасыз етуін сипаттауы тиіс.
  • Сапасы орташа алқаптар (III - бонитетті) - ірі, көлемді табиғи аймақ жинақтары, оның ішінде аңдар мекендеуіне тән алқаптар жартысынан аздап жоғары. Олар бірқалыптас азықтық қорымен және орташа дәрежелі қорғаушылық қасиетімен мінезделінеді; мекендеуге жақсы бейімделінген (қолайлы келген) учаскелер жоқ, болған жағдайда өте аз және бірыңғай жайғаспаған. Аңның нақтылы бір түрі мекендейтін қолайсыз алқаптар көптеп тараған және олардың санын лимиттейтін қолайсыз факторлар да орын алады.
  • Сапасы нашар алқаптар (V - бонитетті) - аңдар мекендеуінеқолайсыздау және қолайсыз алқаптар типінен тұратын табиғи аймақ жинақтары. Нақтылы қолайлы учаскелер жоқ. Олардың рөлін орташа сапалы типі (алқаптар типінің учаскелері) орындайды; қорғаушылық және азықтық қасиеттері нашар дамыған, бірқалыптас азықтардың өнімділігі тұрақсыз және т.б.

Назарларыңызға Рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет