Аширова А.Т., Умирбекова Р.К.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ф.ғ.к., доценттері,
Алматы, Қазақстан
ТЕРМИН – ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АЖЫРАМАС ТҰҒЫРЫ
Тәуелсіздік туын желбіретіп, өркениетке қадам басқан еліміз, мемлекеттік тілімізге яғни, өз ана тілімізге, оның тағдырына ерекше көңіл бөле бастады. Осы орайда күннен күнге қарқынмен дамыған ғылым саласы да өз терминалогиясын қалыптастыруға, оған тілдік тұрғыдан түсінік беріп, оларды түрлі салаларға нақ бөлуге зор мән беріп отыр.
Термин сөздер- белгілі бір ғылым саласына сәйкес жүйеленген сөздер.
Қоғам алға қарай дамыған сайын ғылым мен білімнің, техниканың жаңа заманның талабына сай дамып өркендеуіне орай термин сөздердің ұлттық сипатқа ие болуы әр халықтың бар болмысы мен тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, салт-дәстүрімен тікелей байланысты. Жалпы терминнің мағынасы өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады. Сондықтан термин сөздер жалпылама ортақ сөзден ерекшеленіп, арнаулы сөздер тобына жатқызылады. Қазіргі таңдағы термин саласындағы басты мәселе тіл мәртебесіне сай ұлт тілінде сапалы терминдер жасау, ұлттық терминалогияны қалыптастыру, орыс тілінен аударылған терминдерді жүйелеу, қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері шығармашылығында, ғылымның жеке салаларында қолданыста жүрген терминдерді зерделеу. 1990 жылдардан бері қарай көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа ене бастады. Олардың сәтті де, сәтсіз жасалғандары бар. Терминалогияда шешімін таппай жүрген мәселенің бірі тұрақты халықаралық терминдерді ұлт тіліне аудару,жазу, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі, көптеген терминдердің қазақша баламалыры бола тұра тұрақты қолданбауы. Осы орайда академик Ә.Қайдардың: «Терминнің бәрі – сөз, ал сөздің бәрі – термин емес», - деген пікірі, М.Ізімұлының: «Термин қалыптастыру - көзсіз аудармалау, жасанды сөзжасам тудыру, «қазақы» балама жапсыру емес» деген ойларының астарында үлкен мән жатқандығы ескерілу қажет.Мысалы: мәртебе(статус), сынып(класс), мәтін(текст), және де бір термин түрліше аударылып, әр сөздікте әр түрлі, оқулықтар мен ғылыми еңбектерде түрліше қолданып жүр, бірізділік жоқ. Мысалы: спонсор-демеуші; мияткер; қолдаушы; ткань-ұлпа; клетка-жасуша т.б
Осындай мәселерлерді арнайы зерттеп, тиісті қорытынды шағарудың терминалогия үшін маңызы зор.
Қазақ тіл білімінің, оның ішінде терминалогияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен ойға оралатын - А.Байтұрсынұлы. Ахаң-қазақтың ұлттық тілінің терминалогиялық қорының дамып, қалыптасуына негіз болған, ең алдымен, А.Байтұрсынұы – қазақ тіл білімінің терминалогиясын жасаушы, термин шығармашылығында пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткен. Ол өзі жүздеген терминдер жасап оларды қолданысқа енгізіп, ұлт тілінде термин жасаудың үлгісін көрсетті, тілдің міндетін терең түсініп, оны термин шығрамашылығында асқан шеберлікпен жұмсай білген ұлы тұлғаның қазақтың ғылыми терминалогиясын қалыптастырудағы еңбегі ұшан-теңіз. А. Байтұрсынов айтқандай, тілді жұмсай білу, сөзден сөз жасап шығару екінің бірінің қолынан келе бермейді.. Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тіліне қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қызметін атқару міндеті жүктеліп отыр. Тілдің ғылым саласындағы қызметінің жүзеге асуы ғылыми терминологияның жасалуымен, жүйеге түсуімен тікелей байланысты. Жаңа терминдер жасап, ғылыми-техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тәсілдер, термин жасауда басшылыққа алынар принциптері мен терминдердің пайда болу арналары айқындалды.
Арыдағы арналардан тамыр тартпай-ақ, Қазақ білімпаздарының алғашқы құрылтайын еске алсақ, осы жиында ұлт руханиятының келелі мәселелері қозғалады (мысалы, жазу ережелері, әліпби жайы, халық әдебиетін жинау, қазақша пән сөздері, білім- ғылым һәм оқу кітаптары, бастауыш мектеп бағдарламасы, термин қабылдау һәм қалыптастыру,т.с.с).Ұлт мұраты мен руханияты кең орын алады
Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады. Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» не болмақ? Олар қолданысқа ене ме, жоқ әлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі қандай? ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған термин төңірегінде үнемі туындап отырады.Олардың әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді.Сондықтан да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Терминдерді оқытудың басты мақсаты: болашақ маманға мамандыққа байланысты ана тіліндегі сөздерді үйретіп, сөздік қорын байыту. Термин сөздерді келешекте қызмет барысында қолдану олардың білімді де, іскер, өз саласын жетік меңгерген жан-жақты терең білімді маман болуына аса қажет. Сонымен қатар, студенттер термин жүйесін үйреніп, кәсіби сөздерді меңгеру үшін ғылыми-техникалық стильде жазылған шығармалармен жұмыс істеуі қажет, яғни оқытушы студенттің ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, сол арқылы ғылыми – зерттеу жұмыстарына икемдеуі қажет. Себебі, мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгертуде сақтық қажет. Бұдан шығатын қорытынды: термин сөз бұлтартпас логикалық жіктеу ережесіне бағынуы шарт.
Зерттеушілер жаңа сөз жасалуының дәстүрлі үш тәсілін атап көрсетеді: синтетикалық немесе морфологиялық (қосымшалар арқылы), аналитикалық немесе синтаксистік (екі түбірдің я сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы), лексикалық немесе лексика-семантикалық (сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ жаңа мағыналарға ие болуы) . Аталмыш мамандыққа қатысты терминдерді игерту барысында олардың жасалу жолдарына да
назар аудартқан жөн. Сондықтан терминдерінің де жасалу жолдары әр түрлі боп келеді:
1. Қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі қазақ тілінде негізгі тәсілдердің бірі боп саналады.
Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін екі тілдік бірлік қатысуы керек: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ. Зерттеу нысанына сәйкес алынған мысалдар мен терминологиялық сөздіктен алынған атаулар саласының терминдерінің де көбісінің синтетикалық тәсіл арқылы жасалатынына көз жеткізеді
Мысалы: Реттеу, дәлдеу, туралау, жаймалау, бұрмалану, бүркеу, бейнелеу, жаңғырту, тарату, баптау, айыру, торуылдау, ажырату, жиіліктік тығыздау, жолды ағыту, қоспа жалату, тұйықталу, ауытқу, дәнекерлеу, перделеу, пішімдеу, сәулелену, тармақтау, қанығу, тіркеу, тыну, хабарларды жалғау т.б.
2.Аналитикалық тәсілі
Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар : 1) сөзқосым,2) тіркестіру, 3) қысқарту, 4) қосарлау.
Сөзқосым тәсілі.Бұл тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер біріккен (кіріккен) сөздер деп аталады.
Ғылымда термин жасауда да біріккен сөздерден жасалған терминдер молынан кездеседі. Олардың көбісінің алғашқы түбірі қазіргі кезде аударылмай алынып жүрген халықаралық сөз: радиобайланыс,автотербеліс, электржабдық, электронсызбаю.
Мұнымен қатар, қазақтың екі немесе үш түбір сөзінен бірігу арқылы жасалған терминдер де кездеседі: Ұзынтолқындық, аратісті, сүйірбағытты, бейнебастиек, бейнеүнжазба, шалаөткізгіш, дауысзорайтқыш, екісатылы.
Тіркестіру тәсілі. Тіркестіру тәсілінде күрделі сөз екі немесе одан да көп дербес сөздің тіркесуінен жасалады. Олар тіркесті күрделі сөздер деп аталады.
Тіркесті күрделі сөздердің сыңарлары емле бойынша бөлек жазылып қалыптасқанымен, сыңарлары мағына дербестігін жоғалтып, біртұтас мағынаны білдіреді. Бұл әдіс арқылы жасалған терминдер де ғылыми терминденуде жиі қолданылады.: көпарналы жүйе, ток көзі, электр өрісі, фотоэлектрондық электр қозғаушы күш, жүк кедергісі, сәуле ағыны, байланыс арнасы, кернеу сәйкестігі,
Қысқарту тәсілі. Біз қарастыратын әдебиеттерде, әсіресе оқулықтарда жиі кездесетіні – графикалық шартты қысқартулар.
Және де сөз тіркестерінің бас әріптерінен қысқарған түрі өте-мөте мол кездеседі:
Теңгерілмелік күшейткіш (ТК), жұмыс атқару нүктесі (ЖАН), пайдалы әсер коэффиценті (ПӘК), Интегралдық жүйелер (ИЖ), үлкен интегралдық жүйелер (ҮИЖ) аса үлкен интегралдық жүйелер(АҮИЖ), микропроцессорлар ( МП ).
3.Лексика-семантикалық тәсіл былайша сипатталады: ”Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрын қолданылып жүрген мағынасының орнына жаңа мағына қосып алады да, тілде жаңа мағынасында қолданыла бастайды.
Осы ретте зерттеушінің талдаған жалғау сөзіне тоқталсақ, жалпы қолданыста жалғау деп “бір жіпке септелетін екінші жіптің үзігін” айтса, тіл білімінде “сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді жалғастырып, сөз өзгертіп тұратын қосымшаны жалғау дейді” деп келтіреді. Ал біздің қарастыратын мәтіндерімізде нақ осы сөз “абонент пен абонентті қосу – жалғау (коммутация)” мағынасын беретін атау ретінде қолданылып жүр. Демек, жалғау сөзі тіл білімі термині ретінде де, техника саласы термині ретінде де өзінің о бастағы беретін мағынасына негізделіп жасалынғаны аңғарылады.
Семантикалық тәсіл бойынша жасалған терминдер біз талдайтын оқулықтарда да кездеседі .Мысалы, әдебиетте жиі қолданылатын көз сөзі.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде“ 9 түрлі мағынада қолданылатыны көрсетіледі. Соның біріншісі ғана- оның тура мағынасы – көру мүшесі.
Осы көз сөзі біздің қарастыратын мәтіндерімізде ауыспалы мағынада, нақты айтқанда “белгілі бір нәрсенің алынатын орны, қоры” деген мағынада
Тілімізде бұрыннан қолданыста бар, белгілі бір ұғымның атауы ретінде қалыптасқан сөздер қазіргі ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде өмірімізге еніп келе жатқан жаңа ұғымдардың атауы болып қалыптасуы олардың атқаратын қызметтерінің ұқсастығына негізделеді. Мысалы, тура мағынасындағы желі сөзі мал шаруашылығымен айналысқан әр қазаққа қандай ұғынықты болса, заман ағымына сай хабар жеткізу үшін пайдаланылатын құрылғыны желі деп атауда байырғы қолданыста бар желі сөзінің атқаратын қызметі ассоциацияланады. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі кезде жиі кездесетін желі, өрнек, кесте, өріс сөздерінің де өз оқырманы үшін танымдық маңызы бар екендігі талассыз.Мысылға келтіретін болсақ:Желі – зат. 1. Мал сауған кезде төлдерді (құлын, бұзау, қозы-лақ) байлау үшін екі қазыққа кере тартып байлаған арқан.
“Шоқан жылқының, желідегі құлындардың суретін салып, ермек етіп жүрді”.
Ауыспалы. Бір нәрсенің ұзын ырғасы, бір-бірімен байланыстылығы, сабақтастығы.
Ауыспалы. Тех. Жүйе, торап.
Демек, “Түсіндірме сөздікте” “ауыспалы мағына” деп беріліп тұрғаны ғылым саласындағы жаңа қолданысына сәйкес терминденген сөз. Яғни тілде бұрыннан бар сөздің ұқсас мағынасы ассоциацияланып, таным арқылы жаңғырған.
Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуын қазақ тілі грамматикасының (сарфы) жазылуымен тікелей байланыста қарастырған жөн. Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енеді.Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән дефинициясын да (ғылыми анықтамасын) берген. Ол дегеніміз – ғылыми ұғымның, өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы, «Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады» (Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш// А.Байтұрсынов шығармалары. –Алматы, 1989. –192-б.) Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын (түр-тұрпатын – А. Б.) анықтаған, екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес өзге ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни әрбір ұғымның мазмұны мен көлемін анықтаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын (айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелілік ерекшелігін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылыми ұғымдардың арасындағы жүйелілік құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтың – шумақтан, шумақтың – тармақтан, тармақтың – бунақтан, ал бунақтың – буыннан құралатындығын сатылай көрсету арқылы ұғымның микрожүйесінің өзіндік табиғатын танытқан.
Қазақ тілінің терминологиялық қорының қалыптасуына негіз болған басты көз ұлт тілінің өз байлығы екендігі сөзсіз. Оның бастауларын әріден, түркі тілдерінен, төл тіліміздің тармақталып дербес даму тарихымен байланыста қараған жөн. Бұл терминология тарихын диахронды зерттеу барысында зерделенетін мәселелер. Ал бүгінгі қолданыстағы арнаулы лексикамызды құрайтын жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезеңде басылып тұрған «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» газеттерінің беттерінен кездестіруге болады. Ал нақты ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен, олардың өзге тілдерден аударылуымен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі аяқталған ғасырдың бірінші онжылдығынан басталады. Яғни бұл дегеніміз, қазіргі қазақтың ғылыми терминологиясының тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастауы да дәл осы кезеңмен байланысты деген сөз. Академик З.Қабдолов әдеби-теориялық категориялардың этимологиясын, олардың мән-мағыналық жүгін төл әдебиетіміздің өз ішінен тапқандығын дөп баса айтады. Мәселен, «..әдебиеттің Аристотель белгілеген негізгі үш тегін, яки жанрын (эпос, лирика, драма) грек тілінен түп-түгел қазақ тіліне ауыстырып алады да (А.Байтұрсынов «Дарынды сөз» тарауында: эпосты – әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс деп атайды), әр жанрдың түрлерін өзіміздің төл әдебиетімізден іздейді. Мысалы, лириканың алғашқы үлгілерін қазақтың сонау тұрмыс-салт жырларынан іздеп табады. Сонда, ең жеңілі жоқтау – эпитафияға, мақтау – одаға, даттау – сатираға балама болып шыға келеді. Дәл осы ретпен әдебиеттің үшінші тегін Аристотельше «драма» деп емес, Ақаңша «айтыс-тартыс» деп алады да, осы жанрдың түрлерін, айталық, трагедияны – мерт, яки әлекті тартыс, драманы – сергелдең, якиазапты тартыс, комедияны – арамтер, яки әурешілік деп атайды»
Қорыта келгенде ғылымның дамуына орай терминологияның да дамып отыруы табиғи құбылыс. Қазақ зиялыларының,әдебиет танушылардың, филологтардың қалыптастырған терминдер жүйесі де қазақ әдебиеттану ғылымы дамыған сайын жаңа элементтермен толыға түсуде. Ғалымның осындай тұтас терминдер жүйесін қалыптастыруы – қазақ әдебиеттануы терминологиясының негізін қалыптастырып, оның өзіндік ерекшеліктерін дамыту үстінде.
Аширова А.Т., Умирбекова Р.К.
К. ф. н., доц. кафедры государственного языка КазНУ им. Аль-Фараби
г. Алматы, Казахстан
ТЕРМИН – НЕОТЪЕМЛЕМАЯ ЧАСТЬ КАЗАХСКОЙ НАУКИ
После обретения независимости, казахскому языку и его судьбе стали уделять особое внимание. В связи с этим развивающаяся с каждым днем наука уделяет большое внимание на формирование своей терминологии, дает точное понятие на основе языка, разделяет их на разные конкретные категории. В связи с развитием общества в соответствии новым требованиям и процветанием науки, знания и техники, термины приобретают национальный характер, которые напрямую связаны с историей, культурой, литературой и обычаями каждого народа. Смысл термина не меняется, служат специализирующими, ограничительными обозначениями характерными для определенной сферы науки и техники. Поэтому термины-слова отличаются от общей лексики и относятся к специальным группам слов.
Ashyrova A.T., Umyrbekova R.K.
Al-Farabi Kazakh National University
Faculty of Philology, Literary Studies and World Languages
Chair of State Language
Almaty, Kazakhstan
TERM – AN INTEGRAL PART OF KAZAKH SCIENCE
After independence, the Kazakh language and his fate has been given special attention. In this regard, developing with each passing day science pays great attention to the formation of its terminology, gives exact concept on the basis of language, divides them into different specific categories. In connection with the development of society according to new requirements and prosperity of science, knowledge and technology, the terms take on a national character, which is directly related to the history, culture, literature and customs of every nation. Meaning of the term does not change, are specialize restrictive notation specific to a certain field of science and technology. Therefore, the terms-words differ from the common vocabulary and refer to specific groups of words.
The main objective in terms of training: teaching profession words in the native language of the future specialist, enriching vocabulary. Term use of the words in the future course of their education and business, their comprehensive knowledge of the importance of having highly educated professionals. In addition, students have used the term system, professional scientific and technical knowledge of the Word of works written in the style of functioning, that is, the formation of students' skills in scientific literature teacher, through research, that adjustment is not required. Caution must be exercised, because the words are associated with the profession, the term learning. Conclusion: The long-term agreement to comply with the rules of the inexorable logic of classification.
The researchers noted the conclusion of a new word in the traditional three-way: synthetic or morphological (on request), analytical or syntax (merger of two root words, or by a combination of registry), lexical, semantic or lexical (without changing the appearance of the new meanings of the word). In the course of studying the conditions of the profession in the way of their creation
It should be emphasized. So I want to be different ways in terms of creating:
Пайдаланылған әдебиеттер:
А. И. Тілембекова «Техникалық терминдердің жасалу әдістері»
Әбдірәсілов Е. Қазақ терминографиясының жүйесі. –Астана.2005.
Ә.Ө.Айтбайұлының «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы», «Қазақ терминологиясының мәселелері».
Ә. Т. Қайдаридың «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас».
Ш.Құрманбайұлының «Қазақ лексикасының терминдену үрдісі».
Заявка на участие в конференции Приложение 1
Ф. Аширова
И. Анар
О. Тишибаевна
Место работы КазНУ им. Аль-Фараби
Должность преподаватель
Ученая степень кандидат филологических наук, доцент
Звание кандидат филологических наук
Дом. адрес/адрес для отправки сборника
г.Алматы улица Жубанова 32 индекс 050063
Тел. 8 (701) 3143501
Е-mail anara_314@mail.ru
Заявка на участие в конференции Приложение 1
Ф. Умирбекова
И. Роза
О.
Место работы КазНУ им. Аль-Фараби
Должность преподаватель
Ученая степень кандидат филологических наук, доцент
Звание кандидат филологических наук
Дом. адрес/адрес для отправки сборника
г.Алматы
Тел. 8 (702) 4608612
Е-mail umyrbekova.roza68@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |