Астана қаласы №49 орта мектебі



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі286,38 Kb.
#25927
түріСабақ
  1   2
Астана қаласы

№ 49 орта мектебі

Физика пәні мұғалімі: Оразбаева Ж.Т.

Пәннің аты:__________________Физика___________________




Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты



9 сынып







І. Сабақтың тақырыбы: Механика заңдары

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Механика заңдары тақырыптары бойынша білімдерін пысықтап практикалық шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру, ақпараттық құралдар арқылы алған білімдерін есте сақтау қабілеттіліктерін кеңейту.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ.

ІV. Сабақтың түрі: қорытындылау, жүйелеу сабағы

V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, зерттеу, салыстыру, талдау.

VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық оқулық, үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу.

Педагогикалық технология-деңгейлеп-саралап оқыту.

Сабақтың барысы:

1кезең. Ұйымдастыру сәті. Оқушыларды түгендеу. Сабақ мақсатымен таныстыру.

2 кезең. Сергіту сәті.

  1. 2 адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнаса, әрқайсысы неше сағат ойнайды. (2 сағат)

  2. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін бе? (жоқ, түнде күн шықпайды)

  3. Столдың 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш шығады? (5 бұрыш)

  4. Бір жұмыртқа 3 минут піссе, 5 жұмыртқа неше минут піседі? (3минут)

  5. Қояндар бөренені кесіп отыр, 12 рет кескенде неше бөлік шығады? (13 бөлік)

  6. Кірпіштің салмағы 2 кг және тағы жарты кірпіш. Кірпіш салмағы қанша? (кірпіш салм. 3кг

  7. Қос ат 40 км жол жүрді. Әрбір ат неше км жол жүреді? ( 40 км)

  8. Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды?

(2 үйрек,қалғаны ұшып кетті)

3 кезең. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Семантикалық картамен жұмыс.




Ньютонның

І заңы

Ньютон

ның

ІІ заңы

Ньютонның

ІІІ заңы

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Энергияның сақталу және

айналу

заңы

Импульстің сақталу заңы

F = G(m1 m2) / R2










+







Әрекет етуші күшке әрқашан қарсы әрекет етуші күш бар болады.Ол күштер модулі бойынша тең және бағыттары қарама-қарсы







+










Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді.
















+

Денеге басқа денелер әсер етпегенде немесе олардың әсері теңгерілгенде дене тыныштық күйін сақтайды немесе бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.

+
















F1 = - F2







+










Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы өзгермейді.













+




Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тура пропорционал




+













Екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал










+







F = m a




+













E = Eк + Eп = cons













+




4 кезең. Венн диаграммасы Ұқсастығы Айырмашылығы

Ньютонның үш заңы

Ұқсастықтары:

1. Үш заңда әсерлер туралы

2. Күштер туралы

3. Ньютон ашқан

4. Динамаика заңдары

5.Қозғалыс заңдары

6.Инерциалдық санақ жүйесінде орындалады.

Айырмашылығы:

1. Денеге басқа денелер әсер етпегенде немесе олардың әсері теңгерілгенде дене тыныштық күйін сақтайды немесе бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.

2. Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тура пропорционал.

3. Әрекет етуші күшке әрқашан қарсы әрекет етуші күш бар болады.Ол күштер модулі бойынша тең және бағыттары қарама-қарсы



5 кезең. Тест сұрақтары

І-нұсқа

1.Толық энергияның және импульстің сақталу заңдары орындалатын жүйе.

А) Инерциялық жүйе;

В) Ашық жүйе;

С) Тұйық жүйе;

Д) Консервативті жүйе;

Е) Жабық жүйе.

2.Мотоциклдің салмағы 980 Н. Мотоциклдің массасы қандай?

А) 90 кг

В) 98 кг


С) 100 кг

Д) 9,8 кг

Е) 900 кг

3. Күш векторлық шама, оны өлшейтін аспап не?

А) Манометр

В) Динамометр

С) Барометр

Д) Таразы

Е) Термометр.

4. Бала горизонталь жолға шананы итеріп жіберді.Ол белгілі қашықтыққа жүріп тоқтады.Итергеннен кейінгі шананың жылдамдығының өзгеруіне әсер етуші күшті атаңыз.

А) Серпімділік күші

В) Үйкеліс күші

С) Ауырлық күші

Д) Шананың салмағы

Е) Дұрыс жауабы жоқ.

5. Потенциалдық энергияның формуласы:

А) E = mgh

В) E = m / 2

С) I = F t

Д) P = mv

Е) Eк = A

6. Күш импульсінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі

А) кг* м/с

В) Дж


С) Н

Д) Н*с


Е) Н/с

ІІ-нұсқа

1.Берілген шамалардың қайсысы скаляр?

А) Үдеу

В) Жылдамдық



С) Орын ауыстыру

Д) Уақыт


Е) Дұрыс жауабы жоқ.

2.Автомобильдің спидометрі нені өлшейді?

А) Үдеуді

В) Лездік жылдамдық модулін

С) Орташа жылдамдықты

Д) Лездік жылдамдықты

Е) Орын ауыстыруды

3.Волга машинасы 10 м/с жылдамдықпен келе жатыр.Егер бұрылу жолының радиусы

100 м болса, онда центрге тартқыш үдеуі қандай?

А) 1 м/с


В) 0,1 м/с

С) 10 м/с

Д) 0

Е) Дұрыс жауабы жоқ.



4.Қозғалып келе жатқанда шардың үдеуі мен жылдамдығы бағыттас. Бұл жағдайда шардың қозғалыс жылдамдығы қалай өзгереді?

А) Көбейеді

В) Азаяды

С) Өзгермейді

Д) Бағыты жағынан өзгереді

Е) Дұрыс жауабы жоқ.

5. Импульстің сақталу заңының анықтамасына сәйкес формула:

А) F t = m1+ m2

В) P = mv

С) I = F t

Д) m1+ m2= m1 + m2

Е) Дұрыс жауабы жоқ.

6. Дене импульсінің өзгерісі:

А) Кинетикалық энергия өзгерісіне тең;

В) Потенциалдық энергия өзгерісіне тең;

С) Жұмысқа тең;

Д) Күш импульсіне тең;

Е) Қуатқа тең.



6 кезең. Ой толғаныс. Деңгейлік тапсырмалар

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

1.Массасы 900 кг жылдамдығы 72 км/сағ машина импульсі неге тең?

1. Массасы 196 тонна локомативке 0,19 м/с2 үдеу туғызатын қандай күш?

1.Массасы 0,025 тонна дене 20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Осы дене импульсі неге тең?

Екі арбашаның ортасындағы иілген темірді шешкенде екі арбаша екі жаққа қарай 2 м/с2 және 1м/с2 үдеумен қозғалады.Біреуінің массасы 1 кг болса , екіншісінің массасы қандай болады?

2.Юпитер массасы1,9*1027 кг ,ал радиусын 7,2*107 м деп алып, Юпитердегі еркін түсу үдеуін табу керек.

2.Трактор массасы 0,5 т тіркемені 1,6 кН күшпен тартып келеді. Кедергі күші 1,5 кН болса,трактор тіркемені қандай үдеумен тартады

3.Горизонталь бағытта v0=10 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан граната екіге бөлініп кетті.Оның бір бөлігінің массасы 1 кг ,ал екіншісінікі 1,5 кг. Екінші бөлігі бұрынғы бағытпен 25 м/с жылдамдықпен ұшты. Бірінші бөлігінің жылдамдығы мен ұшу бағытын табыңдар.

3.Арба горизонталь бағытта 100 кг массамен, 1 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Арбадан бала 2 м/с жылдамдықпен, арбаға қарама-қарсы бағытта секіріп түседі. Бала секіріп түскеннен кейінгі арба жылдамдығы қандай?

3.Массасы 35 т темір жол вагоны массасы 28 т қозғалмай тұрған вагонға келіп автоматты түрде тіркеледі. Вагондар тіркелгеннен кейін 0,5 м/с жылдамдықпен түзу сызықты қозғалады. Массасы 35 т вагонның тіркелгенге дейінгі жылдамдығы қандай?

7 кезең. Ой топтастыру. Материалды топта



Механика заңдары


8 кезең. Физикалық фокус

3 қатардан бір фокус тауып, оны оқушыларға жасап көрсетеді, жауабын оқушылардан сұрау керек.



9 кезең. Рефлексия Менің сабақтағы көңіл-күйім …

1. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім ...

2. Маған бүгінгі сабақта ұнағаны …

3. Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны …



10 кезең. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

Үйге тапсырма.І,ІІ,ІІІ тарауларды қайталау. Импульс пен энергия сақталу заңдарына Венн диаграмасын жазу. Сөз жұмбақ құрастырып келу тақырыбы «механика заңдары»

Астана қаласы

№ 49 орта мектебі

Физика пәні мұғалімі: Оразбаева Ж.Т.



10 «а» сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Сабақтың тақырыбы: Сұйықтар мен газдар қозғалысы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

Сақталу заңдары арқылы табиғат пен техникада кеңінен

тараған сұйықтар мен газдардың негізгі қозғалыс

заңдылықтарымен танысу.



2.Дамытушылық:

Сұйықтар мен газдардың қозғалыс заңдылықтарын терең

түсіну үшін және физика пәніне деген оқушының

қызығушылығын арттыру үшін эксперименттік тәжірибелер

көрсету.

3.Тәрбиелік:

Оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге, пәнге деген ынтасы мен

қабілетін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі:

Жаңа информация берілетін ірі блок сабағы.



Сабақ әдісі:

Дамыта оқыту, саралап оқыту, сұрақ-жауап әдістері.



Сабақтың көрнекілігі:

қағаз парақ, түтік, воронка, свеча, қағаздан жасалған цилиндр, шаңсорғыш,теннис добы, интерактивті тақтамен жұмыс, үлестірмелі материалдар.



Көрсетілетін демонстрациялар:

Сұйықтар мен газдардың қозғалыс заңдылықтарының дұрыстығын тексеру тәжірибелері



Пәнаралық байланыс: математика, сызу.

Педагогикалық технология деңгейлеп-саралап оқыту.

Сабақтың барысы:

1кезең. Ұйымдастыру сәті.

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.



Қымбатты балалар ! Бүгін біз сіздермен Сұйықтар мен газдардың қозғалыс заңдылықтарымен танысамыз, күнделікті тіршілік өмірде бұл құбылыстар қалай жүретіндігімен танысамыз.

2 кезең. Жаңа оқу материалын белсене де саналы игеруге дайындық.

1.Төрт-бес оқушыға үлестірмелі тапсырма беріледі.

2. Фронтальді сұрау әдісі:

1) Заттардың агрегаттық күйлерін ата

2) Барлық денелер мен заттар қатты дене, газ және сұйық түрінде кездесе ме?

3) Қатты дене, газ және сұйықтарға қандай денелерді жатқызуға болады, біразын ата.

4) Қатты дене, газ және сұйықтар бұлардың барлығы неден тұрады?

5) Қатты дене, газ және сұйықтардың әрқайсысының молекулаларының орналасуы қалай,қалай қозғалады?

6) Сұйықтар мен газдардың қандай қасиеттері бар?

Сергіту сәті. 5 минут

Қызықты сұрақтар


  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  2. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

  3. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

  4. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

  5. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

  6. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

3 кезең.Жаңа білімді игерту кезеңі.

Жоспар:

  1. Ламинарлық және турбулентті ағыстар.

  2. Құбырдағы сұйық қозғалысының жылдамдығы

  3. Бернулли теңдеуі

  4. Қозғалған сұйық ішіндегі қысым

  5. Демонстрацияларды жасау

1) Сұйықтар қозғалысын екі түрге бөлуге болады:

Ламинарлық ағыс сұйықтардың жеке қабаттары бір-біріне қатысты сырғанай отырып, араласпай ағады.Турбулентті ағыс ағын жылдамдығы артқанда әр түрлі қабаттарының араласуы нәтижесінде құйындар түзіле ағады.Сығылғыштығын және қабаттарының арасындағы үйкелісті ескермеуге болатын сұйықты идеал сұйық деп атайды.

2) Көлденең қимасы айнымалы құбырды қарастырайық. Көлденең қимасы

S1 құбырдан V1 көлемдегі сұйық ағатын болса, онда S2 қима ауданы арқылы V2 көлемдегі сұйық ағып өтеді. Олардың жылдамдықтары және. Сұйық сығылмайтын болғандықтан әр бөліктегі қима ауданы арқылы қандайда бір уақыт ішінде бірдей көлемдегі және бірдей массадағы сұйық өтеді

V1 = V2 ; m1 = m2

V1 = S1 l1 ; V2 = S2 l2 ; l1 =t ; l2 = t ;

V1 = S1 t ; V2 = S2 t ; V1 = V2 ;

S1 t = S2 t ; S1 = S2 ; =

бұл қатынас ағынның үздіксіз теңдеуі деп аталады. Екі түрлі қималарда сұйық жылдамдықтары қималардың аудандарына кері пропорционал.



3) Швейцар математигі Даниил Бернулли (1700-1782) жылдары өмір сүрген. Ол энергияның сақталу және айналу заңын пайдалана отырып сұйық ағынының жылдамдығы мен оның қысымының арасындағы сандық байланысты тапты, яғни екі түрлі қималардағы сұйық жылдамдықтары осы қималардан ағып өтетін сұйық қысымдарына кері пропорционал, яғни ағыс жылдамдығы аз жерде сұйықтың қысымы көп болады, ал ағыс жылдамдығы көп жерде сұйықтың қысымы аз болады, бұл байланысты Бернулли теңдеуі деп атады. Сұйық аққан кезде, ол құбыр ішінде орын ауыстырады, орын ауыстыру үшін жұмыс атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет