Астанадағы Қазату-да С



Дата27.02.2020
өлшемі103 Kb.
#57462
http://www.inform.kz/kaz/articlecomm/2445590
02 Наурыз 2012, 16:24

Астанадағы ҚазАТУ-да С.Сейфуллинді еске алуға арналған кеш өтті



АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «С.Сейфуллин - тұғыры биік тұлға» тақырыбында қазақтың қайсар ұлы, өршіл ақыны Сәкен Сейфуллинді еске алуға арналған кеш өтті.

Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кешке университет ректоры Ақылбек Күрішбаев қатысып, сөз сөйледі.

Аз ғана ғұмырында Қазақ елі мен халқына өлшеусіз, мол мәдени мұра қалдырып, олардың дамуына сүбелі үлес қосқан ақынның өмірбаяны мен шығармашылығының қалтарысы мол қатпарларынан сыр шерткен бұл кешке, С.Сейфуллинді тану мен дәріптеуге үлес қосқан белгілі қоғам қайраткерлері, ақындар қатысты. Атап айтқанда, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Серік Тұрғынбекұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негімов, сәкентанушы, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әбсеметовтар келді.

Сондай-ақ кешке Сәкен Сейфуллиннің туыстары Құралай Камилова мен Мұрат Балғанбаев, сондай-ақ ақын мұраларын жинақтауға үлес қосқан мұражай қызметкерлері, С. Сейфуллин мұражайының алғашқы директоры Роза Асылбекова, ҚР Президенттік мәдениет орталығының қызметкері Асия Сүлейменова шақырылды.


Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов пен Сәкеннің бейнесін сомдап жүрген, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері Қанат Жүнісов ақынның әндерін асқақтата орындап, оның мұраларына деген жастардың бойындағы сүйіспеншілікті оята түсті.  

Іс-шара барысында гуманитарлық факультеттің ұжымы «Ақын рухымен сырласу» атты қойылым көрсетті. Онда Алаштың ардақты ақыны ұрпақ санасын ашу мен нұрлы болашақты көрсету үшін аянбай күрескені, сол үшін жазықсыз жазаланып, өлімге кесілсе де, өз рухани ұстанымы мен ұлтына деген адалдығынан бас тартпаған өршіл қайсарлығы көрсетілім желісі етіп алынды. Оған деген бүгінгі ұрпақтың ілтипаты мен құрметі айшықталған қойылым көпшілік көрерменнің көңілінен шықты. Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері Қуандық Қыстықбаев университет сахнасында студенттермен бірге өнер көрсетіп, Сәкен бейнесін сомдады.
Каталог: assets -> docs
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
docs -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
docs -> Емтиханға қалай дайындалу керек? Психологиялык дайындық қандай болу керек?
docs -> Дүниеден қайту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет