Ақсу негізгі мектебінде бастауыш сынып онкүндігінің



Дата13.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#78446
Байланысты:
Ашылуы1


Ақсу негізгі мектебінде бастауыш сынып онкүндігінің

ЕСЕБІ


10.02-21.02 аралығында бастауыш буында онкүндік өтілу керек еді.Осыған орай онкүндік жоспары құрылды. Жоспардың алғашқы күнінде ашылу салтанаты болды. Бұл іс-шара А.Кұнанбаевтың 175 жылдығымен ұштасып өткізілді. Оқушылар жоспармен таныстырылып, алдағы күндерге тапсырмалар берілді.



Жоспар бойынша екінші күні 4 сынып жетекшісі Смаилова Ляйла Кайыркенқызы бастауыш сынып оқушыларына «А.Құнанбаев ұлы тұлға» атты іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: Ұлы ақынымыз бен жазушымыздың өміріне шолу жасау. Бұл іс-шарада оқушылар Абай атамыздың өмірбаянымен танысты. Видео тамашалап,қызықты сұрақтарға жауап алды.





13 ақпан күні 2 сыныпта қазақ тілінен «Зат есім» тақырыбында ашық сабақ өтті.Ашық сабақта тақырып бойынша түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындалды. Мақсаты бойынша зат есімді басқа сөз таптарынан ажырата алып, білімдерін толықтыру болатын. Бұл қайталау сабағы болғандықтан сыныптың тең жартысы балалары тапсырмаларды орындай алды.



Онкүндіктің төртінші күні 3 сынып жетекшісі Кокашева Алуа Келденовна Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мәнерлеп оқу сайысын өткізді.Сайысқа бастауыш буынның барлық балалары қатысты.Ұлы ақынымыздың керемет туындылары оқылды.Сайыс өте жақсы деңгейде өтті. Тыңдармандар тамаша ойда болды.Оқушылар дайындаған өлеңдерін оқып тиісті сыйлықтарын алды.





Ақсу негізгі мектебінде 17 ақпан күні мектепалды даярлық тобы мен 4 сынып оқушылары аралығында «Тіл – татулықтың тірегі» атты үш тілде сайыс сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту; ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан тіл үйренушілрге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру.

Дамытушылық: Тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету; тіл үйренушілердің ой-өрісін дамыту. Тілдің көркемділігін, байлығын көрсету. Тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Тілге құрмет жайлы мағлұматтарды тіл үйренуші ұғымына сай түсіндіру. Олардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сайыс сабаққа Карабаева Э.М жауапты болды. Балалар өте жақсы қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Оқушыларды 2 топқа бөліп, тапсырмалар 2 топқа арнал,арналған болды. Балалар әр кезеңнен де өтіп барлық тапсырмаларды орындай алды.

3сынып оқушыларында математика пәнінен « » тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсатына оқушылар жете алды. Жоспарланған барлық тапсырмалар орындалды. Сынып оқушылары белсене жақсы қатысты.Тапсырмалары өте қызықты болды.Мұны қатысушы қонақтар да атап өтті.

19 ақпан күні мектепалды даярлық тобында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні бойынша ашық сабақ өтті. Сабаққа даярлық тобының оқушылары түгел қатысты 5 оқушы, ұстаздар қауымы келіп қатысты. Сабақтың тақырыбы: «7 саны және цифры» болды. Мақсаты: 6 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 7 санын жазуға үйрету.


Тәрбиешісі Карабаева Эльмира өз мақсаты жете алды. Балалар сабаққа жақсы қатысып, сабаққа мұғалімдер тарапынан жақсы деген баға қойылды. Балаларда өздеріне сай бағаларын алды. Сабақ өте жақсы өтті.

Онкүндігіміздің соңғы күні Абай атамыздың «Қарға мен түлкі» атты керемет мысалымен жабылды. Бұл іс- шараға ә сынып жетекшісі Ракишева Айгерім Ерсайынқызы жауапты болды. Ертегі негізінде өткізілген бұл іс-шараның мақсаты-оқушыларды достарын қадірлеуге,отанын сүюге,аңғалдық пен мақтаншақтық сияқты жат қасиеттерден аулақ болуға, тәрбилеу болатын. Ертегіні дайындық тобы мен бастауыш сынып балалары сомдады.Іс-шара соңында мысал мазмұны талданды.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет