Ата – аналар жиналысын өткізудегі он құпия



бет1/12
Дата25.01.2022
өлшемі27,8 Kb.
#114568
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ATa analar Papka 1417965621 62972


Ата – аналар жиналысын өткізудегі он құпия

( педагог үшін жаднама)

Ата – аналар жиналысы мектеп өміріндегі ең негізгі атрибут болып саналады. Оны қалайша қызықты және тартымды қылып өткізуге болады?

1.Ата – аналар жиналысын өткізу үшін өзіңе де, ата – анаға да, тиімді уақытты , сәтті күн мен ыңғайлы сағатты таңдап ал.

2.Бала тәрбиесіне қатысты маңызды ең негізігі мәселені анықтап ал. Осының негізінде ата – анамен әңгіме барысында сөйлес.

3.Ата – аналардың отыратын орнының ыңғайлы, жайлы болғанын ұйымдастыр.Мысалы : Үстел мен орындықтарды бір – бірін көріп, естіп отыру үшін дөңгелетіп қой.

4.Олар бір – бірін білмеген жағдайда есімдері жазылған визиткаларды дайындап қой.

5.Ата – аналармен бірге жиналысқа қатысушыларға ережелер дайындап қой.Мысалы : сырт киімін міндетті түрде шешуді ; Пікір талас кезінде үндемей отыруға болмайтынын ;Өзінің пікірін айтуға болатынын ; бір – бірінің тегімен немесе есімімен атауға болатынын айтуға болады.

6.Жиналысқа келген адамдардың уақытын қадірле ! Осыған байланысты регламент құр және оны сақта!

7. Жиналыс барысында ойындар ұйымдастырудың ұжымдық формаларын қолдану керек.

8.Жиналыс барысын ашық , мәжбүрсіз , тіпті де 1 кесе шәй көмектесуі мүмкін.

9.Мәселе сұрақтарды талқылаған да, өмірлік тәжірибеге және педагогикалық тәжірибеге сүйен. Ата – аналар төрағасының және мектеп кеңесінің сөздерін де ұсынысқа алуы керек.

10. Жиналыста нақты шешім қабылдауға мақсат қой!

Сәттілік тілеймін!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет