Атқа міну мәдениеті



Дата16.05.2023
өлшемі281,9 Kb.
#176906
Байланысты:
Ұлы даланың жеті қыры фото





  1. Атқа міну мәдениеті




  1. Ұлы даладағы ежелгі металлургия






  1. Аң стилі





  1. Алтын адам





  1. Түркі әлемінің бесігі





  1. Ұлы Жібек жолы



  1. Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны





Ұлы Жібек жолы

Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтым­ды, яғни Еуразия құрлығының кін­дігінде орналасуы ежелден әртүрлі мем­лекеттер мен өркениеттер арасында тран­зиттік «дәліздердің» пайда болуына сеп­тігін тигізді. Біздің дәуірімізден бас­тап бұл құрлық жолдары Үлкен Еура­зия­ның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мә­дениет саласындағы байланыстардың транс­континентальды желісіне – Ұлы Жі­бек жолы жүйесіне айналды.


Бұл жол халықтар арасындағы жаһан­дық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынт­ымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.
Керуен жолдарын мінсіз ұйымдас­ты­рып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дә­некері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үн­ді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шы­ғыс және славян өркениеттерін байла­ныс­тырды.
Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Тү­рік империяларының аумағын қамтыды. Ор­талық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену ше­гіне жетіп, халықаралық ауқымда эко­номиканы өркендетуге және мәдениетті
да­мытуға септігін тигізді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет