№12
соөж
Қазақта
ауызша тарихпен бірге жазбаша тарих та болды. Оның негізін салған, ХVІ
ғасырда өмір сүріп, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының сол дəуірдегі
ата тарихын хатқа түсіріп, артына өшпес мұра қалдырған тарихшы, ғұлама ғалым
Қадырғали
би Қосымұлы Жалаири (кейде Жалайыри деп те жазылып жүр).
1.
Тəуелсіздігіміздің арқасында «Қадырғали би Жалайыри» қоры көп жылдан бері
дарынды данамыздың еңбектерін жинап, зерттеп, жарыққа шығарды. 2007 жылы
Алматыда Х.М.Ғабжалилов басқарған Алаш тарихи
-
зерттеу орталығынан екі томдық
«Жалайыр» деген атпен шыққан еңбекте Қадырғали би
туралы өте құнды деректер
басылды.
Тағдырдың жазуымен өмірінің көпшілік
бөлігі өзге ел, өзге жерде
өткенімен
Қадырғали
Жалаири өзінің туған елін, халқының мұрат
-
мақсатын
қашанда жадында ұстады. Ол қазақ жұртының тарихын тарқататын, кейінгіге нұсқа
болатын «Жамиғ ат
-
Тауарих» («Жылнамалар жинағы»,
немесе «Шежірелер
жинағы») атты кітап жазып қалдырды. Ал белгілі отандық ғалымдар Р.Сыздықова
мен М.Қойгелдиев (Қойгелді) кемеңгер тарихшының кітабын жан
-
жақты зерттеп,
«Қадырғали би Қосымұлы жəне оның «Жылнамалар жинағы» атты монографияны
жарыққа шығарды. Қадырғали бидің кітабында халқымыздың шығу тарихы
ғылыми
тұрғыда баяндалған. Өзінің көрген
-
білгенін, көкейге түйгенін жазып
қана қоймаған.
Өзінен бұрынғы шығыс елдеріне кеңінен танымал Парсы мемлекетінде министр
қызметін атқарған Рашид ад
-
Дин еңбегінен («Джами ат
-
Тауарих» атты кітабы)
қазаққа қатысты жерлерін аударып, шығармасына арқау еткен.
Рашид ад
-
Диннің еңбегі екі кітаптан тұрады. Соның бірінші бөлімінің қысқартылған
нұсқасын аударып, өз еңбегіне қосқан. «Қадырғали би Қосымұлы жəне оның
«Жылнамалар жинағы» атты кітаптың авторларының айтуынша: «Мұнда түркі
-
монғол тайпаларының Шыңғыс хан империясы құрылғанға дейінгі қоғамдық
өмірі,
Шыңғыстың тоғызыншы атасы Бұланжардың өмірге келуі жəне оның Шыңғыска
дейінгі ұрпақтары жайлы аңыз, Шыңғыстың өмірбаяны жəне оның Газан ханға
дейінгі ұрпақтарының тарихы баяндалады. Шыңғыстың яса
-
заңдарын қосқанда
мұнда барлығы 24 дастан берілген.
Бізге жеткен деректерден Қадырғалидың əкесінің аты да бірде Қасым, ал енді бірде
Хосым, тіпті кейде Қосын, Көшімбек болып та жазылып жүргенін байқаймыз.
«Мұсылман ғалымдары» атты жинақта: «Қадырғали Қосынұлы (Қосымұлы)
Жалайыри 1530 жылдары туып, 1605 жылдары шамасында қайтыс болған. Өз өмірі
туралы өте аз мəлімет қалдырған. Біздің қолымызда бар деректер бұл құрметті
адамның өмірін баяндау үшін жеткіліксіз», —
деп жазылған . Ал «Қазақстан тарихы.
Энциклопедиялық анықтамалық» деген еңбекте мынандай дерек келтірілген:
«Қадырғали
Жалайыри, Қыдырғали
Қосымұлы Жалайыри, (1555–
1607)
—
орта
ғасырдағы қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі. Жалайыр тайпасынан
шыккан. Жалайыри атануы осыдан. Ата
-
бабалары Қарахан заманынан бері үздіксіз