Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесі .
( конференция Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай)
Мақсаты:
1.Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
2.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік
істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақтадан слайд көрсету.Қ.Қайсеновтың интервю. Кітап көрмесі.
Барысы:
Әнұран ойналады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі сыныптан тыс конференциямыз Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі желісінде Ұлы жеңістің 70 жыл толуына байланысты өткіземін. Түрткі сұрақ:
1.Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
2. Қай жылы аяқталды?
3.9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?
4.Қазақстанда Кеңес Одағының Батыры атағын неше кісі алды? ( 518 )
5.Нешеуі қазақ? (97)
Азат: 1941 жылы 22- маусымда фашистік Германия Совет Одағына шабуыл жасады.Бұл соғыстаҚазақстаннан 1 мил 196 мың 164 адам майданға аттанды.Ал еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.Бұрын – соңды болып көрмеген бұл сұрапыл соғысқа Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскери дивизиясы,7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды.
Әлібек: Ел басына қиын-қыстау күн туған сол отты жылдарға көз жіберсек, халқымыздың мәңгі ұмытылмас оқиғаларға толы қаһармандығы көз алдымызға елестейді.1418 күнге созылған сұрапыл соғыста мұз жастанып, қар төсенсе де батырлық көрсетуден таймаған ержүрек жауынгерлер қаншама? Олардың ерлігіне бас иеміз. (1 минут үнсіздік).
Нұрсұлтан: Қазақстандықтар осы соғысқа қатысып, майданда жаппай ерлік көрсетті.518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды.Соның 97-сі қазақ. Бұл атаққа Талғат Бигелдинов, Л. Беда, С. Луганский, И. Повлов екі мәрте ие болды.Біздің Жаңақалалық төрт атамыз Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олар: Сәлім Айтқұлов, Садық Жақсығұлов, Есен Орақбаев, Мәжит Жүнісов.Осы аталарымыздың ерлігімен менің сыныптастарым таныстырады.
Нұрдулат:Жүнісов Мәжит майданда көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы 20 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақтың қаһарман перзенті 1945 жылы 9 сәуірде Прага қаласы үшін кескілескен ұрыста ерлікпен қаза тапты.Туған ауылы Жаңақазанда атамыздың атында көшемен,мектеп бар. Мен осы мектепте оқығаныма мақтанамын.
Бақытгүл:Айтқұлов Сәлім Жаңақала ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген. Барлаушы, Кеңес Одағының Батыры атағын 1943 жылы 29 қыркүйекте Днепр үшін болған ұрыста 231 – гвардия-лық атқыштар полкінің кіші лейтинанты Айтқұлов басқарған взвод жаудың 9 шабуылына тойтарыс берді және 4 рет қарсы шабуылға шықты, жаудың 2 взводын жойды. Жараланғанына қарамастан ер жүрек батыр атамыз өз взводың жау қоршауынан алып шықты. Жеңіс күнін Польша жерінде қарсы алып, елге оралды.
Мирлан:Орақбаев Есен Шегрейұлы Кеңес Одағының Батыры 1922 жылы Чапаев ауданының Киров ауылында дүниеге келген. Алғашқы ұрыстарда – ақ өзін батыл, өжет,жауынгер ретінде көрсете білді. Көп кешікпей оған офицерлік атақ беріліп, зеңбірек бригадасының атқыштар взводына қолбасшылық етті.Жаумен айқаста ол көзсіз ерлік етіп, жүздеген жау офицері мен солдатын жер жастандырды.Қазақтың ержүрек жауынгері бұдан кейін де талай отқа оранған сұрапыл ұрыстарды бастан өткерді.1945 жылы жеңісті көктемінде КСРО Жоғары Кеңесті Төралқасының Жарлғымен Е.Орақбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Жапон басқыншыларын тізе бүктірген соң, батыр атамыз елге оралды.Батыр атамыздың құрметіне Жаңақала ауданының Қызылоба орта мектебіне Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаев есімі берілді.
Жазира:Жақсығұлов Садық Шәкелұлы 1924 жылы Жаңақала ауданында дүниеге келген. 18 жасында майданға сұранып, Курск иініндегі сұрапыл шайқасқа қатысады. Днепр өзенінен алғашқылар сапында өтіп,жау техникасымен адам күштерін шығынға ұшыратып,қаруластарының өзеннен өтуін қамтамас еткені үшін миномет расчетының сержанты Жақсығұловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Атамыз елге аман – есен оралды.
Азат:Жаңақазан ауылында көзі тірі екі соғыс ардагері бар. Олар: Бекқалиев Исқақ ата және Туманов Муса ата.Олардың өмірімен сыныптастарым таныстырады.
Виктор:Бекқалиев Ысқақ 1924 жылы туған.1935 жылы 1 сынып барып, 1942 жылы 7 жылдық мектепті бітіріп, 1942 жылдан 1946 жылға дейін Совет Армиясы қатарында болған.1942- 1943 жылдары соғысқа қатысып, 3 рет жаралы болған.1943 жылы қаңтарда аяғынан жараланып, 4 ай бойы
Ленинград қаласындағы госпиталда емделген.Соғыста жауынгерлік еңбектері үшін бірнеше орден,медалдармен марапатталған.Сверлдовск қаласындағы 1 жылдық гидромет бітіріп,кейін Ташкент қаласындағы гидромет техникумын бітірген.ОҚКМ мекемесінде еңбек етіп,сол мекемеден құрметті еңбек демалысына шыққан.Балаларының бәрі жоғары білімді,үйлі – баранды.
Нұржан:Туманов Муса – 1926 жылдың 16 желтоқсанында Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылының « Жалтыркөл» деген жерінде дүниеге келген . 1936 жыл 4 сыныптық «Жібек» бастауыш мектебінен кейін «Саралжын» орталау мектебінде оқып, 1942 жылы 6 сыныптан соң тұрмыс жағдайына байланысты оқуды жалғастыра алмай , колхоз жұмыстарына араласқан. 1944 жылы қараша айында әлі 18-ге толып үлгермеген Муса атамыз әскер қатарына шақырылып , Ресейдің Орынбор қаласында әскери дайындықтан өтіп, 1945 жылы қаңтар айында алғаш рет Польша мен Германия шекарасында 1-ші Белоруссия майданы 16 армияның 29 атқыштар дивизиясы, 680 атқыштар полк құрамына автоматшы болып ұрысқа кірген. 1945 жылы 2 мамыр күнгі соғыста Берлинді алуға , қатысқан. 3 мамыр күні Германияның Эльба өзені жағасына тоқтаған. Өзеннің арғы бетінде Америка әскерлері, бергі жағында кеңес жауынгерлері болған, Бұл жерде 1945 жылдың 15 қыркүйегіне дейін болып , одан кейін Беларуссияның Могилев қаласының қасында 1950 жылға дейін әскери қызметін жалғастырды, Бүгін де берекесі мол , дәулеті артқан, ұйып отырған үлкен шаңырақ.
Әлібек:Азат, Нұрсұлтан сендер білесіңдер ме? Қасым Қайсенов атамыз туралы 4 сериялы кино түсірілгенін.Барлық ел мойындаған атамызды. Қасым Қайсенов атамыздың «Ерлік істерімді батырлық деп санамаймын » атты бейнебаян көрелік. Атамыздың өмірбаянымен сыныптастарым таныстырады.
Жанаргүл:Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу –Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси – ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери – барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік- Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады.
Саяжан: Қасым Қайсенов II дәрежелі «Богдан Хмельницкий» орденімен , I және II дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медальмен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медальмен , үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және I және III дәрежелі « За заслуги» орденімен марапатталған . Оған Қазақстан халық батыры (Халық Қаһарманы), «Отан» ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.
Нұрсұлтан: «Жау тылындағы баладан » шағын көрніс тамашалайық.
Көрініс:
Анна Ивановна: «Екі балаңызбен комендантқа келіңіз»,- деген шақыру қағаз алды.Ол не істерін білмей сасып қалды.(іс-қимылмен көрсетеді.)
Комендант: Неміс офицері көзілдірігімен сүзе Анна Ивановамен екі баласына бастан аяқ қарап шықты. (Іс-қимылмен көрсетеді.)
Тілмаш әйел:
Фамилияңыз кім? – деп сұрайды.
Анна Ивановна :
Тілмаш әйел:
Комиссар Савченконың зайыбы емессіз бе? – деп сиқырлана күлді.
Анна Ивановна :
Ия, бұрынғы күйеуім комиссар екені рас.Бірақ онан айырылы кеткеніме он бір жыл болды. Кәзіргі күйеуім паровоз машинисі – ұлты қазақ. Одан бір балам бар.Мынау деп, Серікті нұсқады.
Комендант: Неміс офицері орнынан тұрып әрі – бері жүрді.(іс-қимыл көр.)
Тілмаш әйелден екі баланы кезек- кезек нұсқап немісше бірдемелер айтты.
Комендант тілмаш әйелге қарап, басын шайқап бірдемелер айтып, ашу шақыра бастады.
Тілмаш әйел:
Сіз өтірік айта сыз. Комендант қолындағы мәлімет бойынша сіз комиссар Савченконың әйелісіз. Өзіңіз коммунистсіз. Неге жасырасыз? Шыныңызды айтыңыз.Бәрібір шыныңызды айтқызады! Айтыңыз шыныңызды!
Анна Ивановна :
Шыным сол. Шынымды айттым!
Тілмаш әйел:
Онда өз обалыңыз өзіңізге болсын, пан комендантқа шыныңызды айтқаныңыз жөн болатын еді.Бәрібір айтқызамыз!
Комендант:Анна Ивановнаға жақындап барып, оң қолының сұқ саусағын шошайтып «Большевик», «Комиссар!» тебінді.
Анна Ивановна : үндемеді
Комендант: Анна Иванованы бар пәрменімен жақтан салып жіберді.
Серік: Сол кезде «Мама!» деп, бар даусымен айқалап жіберді де алақанымен бетін баса қойды.
Борис: жылады
Комендант: Серікке жетіп барып, жарға сүйеніп тұрған Анна Ивановнаны көрсетіп, мынау «Мама, мама!» -деп сұрады.
Серік: Мама –деп, жауап берді.
Комендант : Серіктен шегініп барып тілмаш әйелден өз тілінде бірдемелер сұрады.Ол әйел «білмеймін» дегендей екі иығын қусырып, басын шайқады.
Тілмаш әйел: Серікті өзіне шақырды
Серік: көзінің жасын сүртіп, аяғын ақырын басып оған жақындады.
Тілмаш әйел:
Мынау сенің мамаң ба?- деп сұрады.
Серік:
Мамам. Менің мамам! – деп іркілмей жауап берді.
Комендант пен тілмаш бір – біріне таңдана қарады.
Тілмаш әйел: Анна Ивановаға жетісіне бір рет келіп,екі балаңызбен тіркеліп кетесіңдер.Қазір жүре беруіңізге болады.
Нұрсұлтан: Ендігі сөз кезегін ұстазымыз Айнұр Теміржанқызына береміз. «Жау тылындағы бала » повесін баяндайды.
Айнұр Теміржанқызы: Ресей жері ---- майор Жомарт Мергенбаев --- әйелі – Жамал ---- ұлы Серік (атасы Мерген ). Полк комиссары ---- Савченконың әйелі ---- Анна Ивановна --- ұлы Боря.Эшелондары өртеніп Украйна жерінде Серіктің жалғыз қалуы. Көпір --- немістердің сұраққа алуы --- Чех солдатының көмегі. Винницада оқыған Иваченкомен кездесу ---- Тамара ----- әкесі Иван Дементьевич --- өгей анасы ---Софья Павловнаға бару.
Николай Абраменконы (партизандар) ---- зайыбы Мария Николаевна, сіңлісі Галия--- ұлы (Виктор аман қалды.5 жасар) . Иван Гаман ата – анадан төртеу.Иван 17 комсомол мүшесі астыртын жұмысының басшыларының бірі.Мария 15, Галя 13 және Миша 11жаста(жендеттердің қолына түсті, өлді.) Игнат Исакович Мишаға көмектесуге келді.
Македон селосынан Катя 2 жаста,Ала 5 жаста, Вова 1 жаста,Серафима 70 жаста тұтқынға алынды.
Ржищев қаласының жанынан тұтқындардың өздеріне үлкен ұра қаздырып, сол ұраға ересектерін атып, кішкентай сәбилерді тірідей көмді.Бірнеше күнге дейін ұра үстіндегі топырақ дем алып жатқан адамның кеудесіндей қимылдап жатты.Шынында да ондағы жатқан жазықсыз жандар ақырғы демін алып, фашизмге қағыс айтып жатыр еді ... Серік пен Борис осы сойқандықты көрді. (53 бет.) Партизан отрядпен аты әскер командирі Гриша Вовка Серікті (Сережа).Барлаудан келе жатқан Серік бірде «Белое озеродағы» балалармен кездесті.Иван Кузьмич Серікті Амангелді деп атайды.
Кіші лейтенант Мұқан (Миша) штабқа алып кетті.Партизандарды Примак Иван Кузьмич басқарды.Подполковник Красюк.Серіктің әкесі келіп алып кетеді.
1959 жылдың күзінде Ленинградтан Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасына хат келді.Абраменко Виктор.Бір жолы каникулға Киев қаласынан менің кітабымды сатып алған.Анамды тұтқынға алған күні мені ауыл адамдары Пи селосына шығарып жіберді.Сол күннен бастап Параска апайдың қолында болдым.3-4 ай жарық көрмедім.1946-1951 жылдары балалар үйінде тәрбиелендім.Витя Киев қаласында Данилевская көшесі, 52 – ші үйде тұрады.
Вания,Мария ,Галия Гамандар мен Илько Витряк , Вася ер жетіп, туған жерлерінде тұрады.Борис пен Серіктен хабар жоқ.
«Өрмекші торы »әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қоямын. Міне, балалар бүін сендер интернет торынан құтылып, көркем әдебиет торына түстіндер.
Нұрсұлтан: 5а сынып оқушылары дайындаған хор. «Жойылсын соғыс», «Соғыстан қайтқан солдаттар».
Азат: Қасым Қайсенов атамыздың сөзімен айтсақ, соғыс зардабы осындай. Соғыс зор апат.Сондықтан дүние жүзіндегі барлық ізгі ниетті адам бейбітшілік болуын тілейді.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |