Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп. Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз береке, бірлік ала келді
Жүргізуші:Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз береке, бірлік ала келді.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ата-аналар! Мінекей өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді бастаймыз.
Өнер десе жайнаймыз,
Сандуғаштай сайраймыз.
Алтын күзге арнаған
Әнімізді шырқаймыз.
Ән «Күзгі вальс» Жүргізуші: Балалар, күзде болатын өзгерістерді тақпақпен айтып беріңдерші.
Балалар тақпақтар айтады. Сымбат: Дархан: Ән салыңдар күліңдер Қуандырып біздерді Жайнап гүлдей жүріңдер Өлкемізге күз келді Күздің тойын тойлайық Кел жемісті алтын күз Би билейік ойнайық. Кемелденсін халқымыз
Сезім: Жомарт:Күздің қазан айында Қарашы күз келді, күз келді Алма, алмұрт піседі Сары алтын жауыпты іздерді Жапырақтар сарғайып Құс біткен керуен түзеді Сыбдыр-сыбдыр етеді Көңілсіз неліктен күз енді
Шынар: Асылан:Жемісін мол теретін Күн суытып Күз дос екен бізбенен Жапырақтар түседі Бәрін тауып беретін Астық жеміс жиылды Жомарт екен күз деген Қамбамызға құйылды
Димаш: Ерасыл: Ұшты талдан жапырақ Ақтарады мырза күз Сары көбелек секілді Уылжыған жемісті Аспанда жай шатырлап Күзге бізде ризамыз Тамшы жерге секірді Аянбаған ел үшін
Жүргізуші: Мінекей, күз келіп, күн суытып, аспан бұлттана бастады. Қанекей бұлттарым ортаға шығып өнерлеріңді көрсете қойыңдар.