Аталық (еркектің) жыныс мүшелері ішкі және сыртқы мүше болып екіге бөлінеді



Дата13.12.2021
өлшемі25,82 Kb.
#100225
Байланысты:
жыныс мүшелері


Аталық (еркектің) жыныс мүшелері  ішкі және сыртқы мүше болып екіге бөлінеді. Ішкі жыныс мүшелеріне: ен, ен қосымшасы немесе сағағы, ұрық шығаратын және ұрық шашатын жолдары, шәует қуықшасы, куықалды безі және бадана (үрпі) безі, ал сыртқы жыныс мүшелеріне: ұма және еркектің жыныс мүшесі жатады.

Ен — ұма ішінде орналасатын жыныс безі. Оның пішіні — сопақша, ұзындығы — 4,5 см, ені — 3 см, қалыңдығы — 2 см, салмағы 15-30 грамм. Ен аралас бездерге жатады, өйткені онда негізінен ұрық (сперматозоид) жетіледі және ішкі бездер тәрізді гормон бөледі. Еннің шеткі және ортаңды беттері, алдыңғы, артқы екі жиегі, жоғарғы ұшы және төменгі ұшы болады.

Еннің сырты ақ түсті талшықты қабатпен қапталады. Оны ақ қабат  дейді. Ен паренхимасы сол қабаттың астында жатады. Паренхиманың арасына ен аралықтары орналасады. Одан желпуіш тәрізденіп көрінетін еннің парен-химасын бірнеше бөлшектерге  бөлетін перделер түзіледі. Ондай бөлшектердің саны 250-300-ге дейін жетеді.

Ен сағағында 12-15 бөлшектер болады. Олардың ішіндегі иректелген жолдардың ұзындығы — 6-8 м. Ол ирек жолдар бір-біріне қосылып, ен сағағының құйрық жағынан ұрықты әкететін жолға айналады.

Ұрықты әкететін жол  — ен сағасынан шәует қуығына дейін созылатын жұп түтік. Ол еннің артерия, вена және жүйкелермен қабат ұмадан жоғары қарай ұрық бауының ішімен шат түгігі арқылы құрсақ қуысына енеді де ен тамырларынан ажырап, ішпердемен жабылған күйі төмендеп, қуыктың түбіне қарай иіледі де оның алдындағы безге келеді. Оның ұзындығы — 40-45 см, ені — 2,5 мм, қабырғасы кілегейлі, бұлшықетті және бірікпе қабаттардан түзіледі.

Шәует қуығы— ұрық әкелетін жолдың шетіндегі қуық артына иілген қапшық түтік. Шәует қуығы – иілген күйінде 4-5 см жазған кезде 12 сантиметрге жететін мүше. Оның жоғарғы кеңейген бөлігін — денесі дейді, теменгі жағы сүйірленіп, түтікке айналады. Ол шәует шашатын жолға  жалғасады.

Қуыкалды бездің жоғарғы жалпақ жағы — негізі қуыктың түбіне және шәует қуығына беттеседі. Оның ұшы (арех) төмен қарай бағытталып, несеп-жыныс көкетіне жетеді, ал алдыңғы беті — қасағаға жанасып жатады.

Қуықалды бездің көлденең  қимасы

— 4 см, ұзына бойы — 3 см, қалындығы

— 2 см, салмағы — 20-25 г. Бездің оң және сол бөліктері ортасындағы жылғасымен бөлініп тұрады. Оның ортаңғы артқы бөлігін бездің мойнағы  дейді. Кейде без мойнағы әр түрлі себептерден шамадан тыс ұлғайыл, зәр шығатын жолды қысады да кіші дәретті қиындатады.

Еркектің сыртқы жыныс мүшелері. Ұма (енқалтасы)—өзара қатынаспайтын, ортасы пердемен бөлінген бұлшықетті тері қалта тәрізді мүше. Ұма еркек жыныс мүшесінің түбінде төмен салбырап орналасады. Ұманың қабырғасы жеті қабаттан түзіледі, олар: тері, бұлшықет қабаты, ұрықтың сыртқы шандыр қабаты, енді көтеретін бұлшықет, енді көтеретін бұлшық-еттің шандыр қабығы, ұрықтыц ішкі шандыр қабығы  және еннің қынап қабаты болып саналады. Бұлшықет қабатынан пайда болған ұма пердесі ұмадағы екі енді екіге бөліп тұрады.

Еркектің жыныс мүшесі. Еркектің (аталық) жыныс мүшесі зәрді қуықтан сыртқа шығару және аталық ұрықты аналық жыныс жолына енгізу қызметін атқарады. Бұл мүше жұмырланып, үш үңгір және қуысты денелерден тұрады. Оның екеуі—үңгірі дене және сыңары — кеуекті дене. Екі үңгірлі дене де жұмыр денелі, ал ұштары сүйір болып келеді. Қасаға сүйегіне тірелетін ұштары екі жаққа ажырап, аша  түзеді. Бұл екі денені ақ қабық орайды. Екі дененің аралығындағы үстіңгі сайда мүшенің арқа венасы, ал астыңғы сайда кеуекті дене орналасады. Ерекше жуанданып, еркек жыныс мүшесінің басын түзеді. Бұл дене де сырт жағынан ақ қабықпен оралады.

Еркек жыныс мүшесінің қасаға сүйегіне тірелген жағы — түбірі, алдыңғы жуан бөлігі — басы, ортаңғы бөлігі — денесі, үстіңгі жағы — арқасы,  басынан кейінгі жіңішкелеу жері — мойын, ал басының айналасындағы кенересі — кенере  деп аталады. Жыныс мүшенің басында зәр және шәует шығатын түтіктің тік саңылаулы тесігі болады.

Еркек жыныс мүшесінің терісі өте жұқа болады және мүшенің басындағы кенерені жауып тұрады. Мұны күпек деп айтады, күпектің денесін астыңғы жағынан теріге жалғайтын бөлігі күпек жүгеншесі  болып табылады. Күпектің ішкі бетінде оның өнімі мен мүшенің басын және мойнын жұмсартып тұратын майда бездер болады.

Қазақ баланы сүндетке отырғызғанда жыныс мүшесшің мойын тұсынан айналдыра кесіп алады.

Еркектің жыныс мүшесінің терісі мен қабаттарын ұманың алдыңғы тамырлары, жыныстың үстіңгі артериясы  жабдықтайды. Үңгірлі және кеуекті денелер батыңқы жыныс артерияларымен  жабдықталады. Веналық қан жыныс мүшесінің жонындағы батыңқы Венамен және артерияға аттас веналармен сондай-ақ, жыныс венасының ішкі тармағымен қайтады. Сарысу жолдары да жыныс мүшесінің қан тамырлары бойымен кайтып, мықын және шат сарысу жүйесіне қосылады. Бұл мүшені негізінен жыныс жүйкелері  жүйкелендіреді.

Үрпі немесе зәр (несеп) шығаратын жол – қуықалды безін, несеп-жыныс көкетін, кеуекті денені қамтитын, ұзындығы 18 см түтік. Үрпі қуықтағы тесіктен  басталып, жыныс мүшесінің басындағы тік саңылаулы тесікпен  аяқталады

Үрпінің үш бөлігі: қықалды бөлігі, қабыршақты бөлік  және кеуекті бөлігі  болады.

Қуықалды бөлігі қуықалды безінің бойымен тік төмен құлдырайды, оның ұзындығы 3 см. Бұл бөліктің ортасы аздап кеңейеді де астыңғы қабырғасында ұзыншалау келген үстірт төмпешігі, төмпешіктің тебесінде қуық-алды безінің жатыршасы  болады. Ұрық шашатын жолдың тесігі осы жатыршаның екі жығынан ашылады, қуықалды безінің түтігі де осы жерден ашылады.

Қабыршақты бөлігі қуықалды бөлігінен басталып, кеуек дененің буылтығьша дейін созылады. Бұл—өте қысқа (1,5 см) бөлік, тесігі де тар, несеп-жыныс кекетін тесіп ететін жері, онда үрпінің ерікті бұлшықет қыспағы болады.

Кеуекті бөлік — кеуекті дененің ішінде орналасатын ең ұзын (15 см) бөлік. Оның түбі мен бас жағында — екі жерде кеңейген шұңкыр бөліктері бар, ал басында қайың тәрізді шұңқыры болады.

Үрпінің жалпы пішіні 8 тәрізді, үш жерінен: үрпінің ішкі тесігі аймағынан, несеп-жыныс көкеті тұсынан және үрпінің сыртқы тесігінің аймағынан жіңішкереді.



Ұрық бауы  ең алғашқы эмбриондық кезенде құрсақ қуысында болады да кейін жетілуіне байланысты шат түтігінен сыртқа шығып, ұманың ішіне келеді, оның ұзындығы — 15-20 м. Ұрық бауы ұрықты әкететін жолдан, ен артериясынан, ұрықты әкететін жолдың артериясынан веналық өрімнен, ен және сағақ сарысу тармағынан, жүйкелерінен, нәзік талшықты байламдарынан құралады. Осы құрамдарды ең ішкі жағынан ұрықтың ішкі шандыр қабығы  орайды. Мұның сыртына қарай енді көтеріп тұратын бұлшықет, бұлшықеттің қабығы, олардың сыртында ұрықтың сыртқы шандыр қабығы, одан кейін бұлшықетті қабат және ұманың терісі орналасады.

Әйелдердің жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы жыныс мүшелеріне; шат аралығы қасаға,үлкен және кіші жыныс еріндері, шүрті шошақай, қыздық пердесі,қынап сағасы және сағаның үлкен бездері бартолин бездері, ал ішкі жыныс мүшелеріне, қынап,жатыр,жатыр түтікшелері, аналық бездері жатады. Сыртқы жыныс мүшелері: Шат аралығы-құрсақтың төменгі жағына, шаштың арасына орналасқан.Жыныстық жас толған кезде оның үстін түк басатын, өте көп тер асты май шелдерінен тұратын томпақтау, табаны жоғары қараған үш бұрышты аймақ.Үлкен жыныс еріндері тері және май бездеріне бай, екі қатпарлы теріден тұрады.Олар бір-бірімен алдыңгы және артқы жақтарынан түйісе қосарланып, алдыңгы және артқы жабысқан жерлерімен қосылады. Үлкен жыныс еріндерін жыныс саңылауы бөліп тұрады. Үлкен жыныс еріндерінің төменгі қатпарларында қынап сағасының үлкен бартолинді бездері орналасқан, олар жыныс қатынасы кезінде сұйық зат шығарады. Бұл-қынапты және жыныс еріндерінің арасын ылғалдандырып, шәухет сұйығын сұйылтып жыныс қатынасын жеңілдетеді. Кіші жыныс еріндері-үлкен жыныс еріндері тәрізді ,соның ішкі жағына орналасқан, екі тері қатпарынан тұрады.Бірақ өте жұқа, нәзік,қызғылт түсті терімен жабылған.Қалыпты жағдайда үлкен және кіші жыныс еріндерінің ішкі беттері өзара жымдасып, жыныс саңылауын жауып тұрады.Ол үлкен жыныс еріндері мен қынаптың құрғап қалуынан, ішке жұқпалы ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды.Шүрті-конус тәрізді, ерлер жыныс мүшесіне ұқсайтын, жыныс саңылауының алдыңғы бұрышында орналасқан, жыныс сезім мүшелеріне жатады.Ол екі үңгір денеден, қан тамырлары мен көптеген жүйке нерв өрімдерінен тұрады. Қынап сағасы дегеніміз-алдыңгы жағы шүртімен,артқы жағы түйісе қосарланатын және екі бүйірі кіші жыныс еріндерінің ішкі жағымен қоршалған кеңістік.Қынап сағасына үлкен бездер секреті мен несеп жолы шығады.Қыздық перде дегеніміз-сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін бөліп тұратын жұқа дәңекер тіннен тұратын,тасалау жер болып табылады.Қыздық перденің ортасында түріне және орналасуына қарай әр түрлі тесігі болады. Осыған байланысты сақина, жарты ай,дөңгелек,тісті түрлері болады.Алғашқы жыныс қатынасында қыздық перде жыртылады, бұл кезде әр түрлі қарқында қанайды. Мұнан кейінгі қалдығын қыздық перденің гименальды бүртіктері, ал босану кезіндегі қосымша жыртылыстан кейін мирта шоғының бүртіктері деп атайды. Ішкі жыныс мүшелері. Қынап дегеніміз — ересек әйелдерде ұзындығы орташа есеппен 8-10 см болатын бұлшық және дәнекер талшықтарынан тұратын түтік.Ол кіші жамбас қуысында орналасқан,алдыңғы жағынан несеп ағар жолымен, ал артқы жағынан тік ішекпен түйіседі.Қынаптың қабырғалары бір-бірімен түйісіп жатады,ал жоғарғы жағында жатыр мойнының қынап бөлігі күмбез тәрізді ойық болып келеді.Осы ойықтау бөлікті қынап күмбезі деп атайды.Қынап күмбезінің алдыңғы, артқы жақтары және екі бүйірінен тұратын төрт бөлігі бар. Солардың ішінде басқаларынан тереңдеу жатқан артқы күмбездің орны ерекше. Онда жыныс қатынасы кезінде шығатын шәухет жиналады.Қынап қабырғасы шырыш қабығынан,бұлшық ет қабатынан және айнала қоршап жатқан шелден тұрады. Шырыш қабығы көп қабатты тегіс эпителий клеткесынан тұратын,түсі қызғыштау келген,өте көп қатпарланып,сәл өзгерген теріден тұрады. Бұл қатпарлар әйелдер босанған кезде, қынап бұлшық  еттерінің жиырылып созылуын қамтамасыз етеді.Шырыш қабығы қартайған шақта жұқарып,қатпарлары жоылып кетеді. Қынаптың шырыш қабығыңда бездері жоқ.Бірақ қан, лимфа тамырларының ісініп,сыртқа шығатын сұйықтықтарының,жатыр,мойынша бездері бөлетін сұйық заттардың нәтижесінде қынап үнемі дымқылданып тұрады.Сонымен қатар қынап тінінің түсетін клеткалары,ақ қан түйіршіктері,микробтар болады.Дені сау әйелдерде бұл сұйық зат сүтке ұқсас, ақшыл түсті, өзіңдік иісі бар, реакциясы қышқыл болады. Осындай орта қынаптағы Дедерлейн таяқшасының тіршілік әрекеті кезінде бөлініп тұратын ақ сүт қышқылына байланысты. Бұл таяқша дені сау әйелдердің қынабында болатын микробтар. Дедерлейн таяқшасы қынаптың шырышты қабығындағы гликогенді ақ сүт қышқылына дейін ыдыратып, ол қышқыл реакциясын туғызады. Ақ сүт қышқылы қынаптың ішінде ауру тудыратын микробтарды жояды да, қынаптың өздігінен тазаланып тұруына себебін тигізеді. Микрофлора түрлеріне қарай қынаптың тазалығы 4 дәрежеге бөлінеді. Бірінші дәрежелі тазалықта қынап ішіндегі заттарда реакциясы қышқыл таяқша-микроб пен эпителийлік клеткалар болады. Екінші дәрежелі тазалықта қынаптағы таяқша-микробтар азая бастайды, әр түрлі бактериялар, коккилер, лейкоциттер пайда болады, реакциясы қышқыл күйінде қалады.Бірінші және екінші дәрежелі қынап тазалығы дені сау әйелдерге тән қасиет. Үшінші дәрежелі тазалықта таяқша-микробтар өте аз, бактериялар, коккилер, лейкоциттер өте көп, әлсіз сілтілі реакциялар болады. Төртінші дәрежелі тазалықта қынапта таяқша-микробтар болмайды, басқа әр түрлі коккилер, іш таяқшасы, трихомонада сияқты микробтар, лейкоциттер көбейеді.Үшінші және төртінші дәрежелі тазалықта жатыр ішінде әр түрлі микробтардың өсіп-өнуіне, олардың ауру тудыруларына қолайлы жағдай туады. Жатыр — іші қуыс, жылтыр бұлшық еттен тұратын, алмұртқа ұқсас, алдыңғы және артқа жақтары сәл тығыздала түскен жыныс мүшесі.Ол кіші жамбас қуысында орналасады. Жатыр мынадай бөліктерден тұрады
1. Жатыр денесі немесе тұтас бөлігі. 2.Жатыр мойны. 3.Жатыр денесі мен мойын аралығы.

Жатырдың жоғарғы дөңестеу, томпақтау болып келген жері жатыр түбі деп аталады.Жатыр қуысы үшбұрышты, жоғарғы бұрыштарында жатырдың ашылмалы тесік түтікшелері орналасқан.Төмен қарай жатыр қуысы тарылып,жатыр денесі мен мойын аралығына жалғасып,жатыр мойнының ішкі ернеуімен аяқталады. Жатыр мойны — өте жіңішке, оның төмеңгі жағында қынап күмбезінен төмен жатқан, қынапқа жақын сол сияқты күмбезден жоғары және қынаптан жоғары жатқан бөліктері болады. Жатыр мойнының ішімен ұзыңдығы-1-1, 5 см болатын жіңішке мойынша каналы өтеді.Жоғарғы жағы ішкі, ал төменгі жағы жатыр мойнының сыртқы ернеуімен аяқталады.Жатыр мойнының сыртқы ернеуі қынапқа қараған жағына ашылады.Ол бұрын босанбаған әйелдерде дөңгелек, ал босанған әйелдерде бұрынғы босану кезіндегі жарық,жыртылу,шатынаған жерлердің нәтижесінде көлденең, саңылау тәрізді болады. Жатыр мойнының каналында шырышты тығын болады.Ол бездер бөлетін сұйық зат.Шырышты тығын қынаптан жатырға микробтардың өтуіне кедергі жасайды.Ересек әйелдердің жатырының ұзыңдығы жатыр мойнының сыртқы ернеуінен басталып, жатыр түбінің ішкі қабатына дейін есептегенде 7-9 см болады. Бұл есептеу бойынша ұзыңдыктың үштен бір бөлігі жатыр мойнының үлесіне тиеді. Жатырдың түбі тұсындағы жатырдың ені 4,5-5 см, ал қабырғасынының  қалыңдығы 1-2 см болады. Жатырдың қалыпты, жүкті емес кезіндегі салмағы орташа есеппен 50-100 гр-ға дейін болады. Жатырдың қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты-шырышты — эндометрий қабығы деп аталады. Онда бір қабатты цилиндрлік жыбырлағыш эпителилер мен көп түтікті бездер орналасқан. Жатырдың шырышты қабығы екі қабаттан тұрады, яғни бұлшық ет қабығына жанасып жатқан базальды және етеккір циклі кезінде бір қалыпты,ритмді өзгеріске ұшырайтын функциональды қабаттарынан тұрады. Функциональды қабат өсіп-өнгіш, базальды қабат арқылы бұрынғы қалпына келтіріліп отырылады. Жатыр қабырғасының көп бөлігін ортаңғы бұлшық ет қабаты алып жатады. Бұлшық ет қабығы сыртқы, ішкі бойлық және ортаңғы циркулярлық қабаттары болып бөлінеді. Олар жазық бұлшық ет талшықтарынан тұрады.Сыртқы серозды қабаты жатырды жауып жататын іш пердесі болып табылады. Жатырдан қуыққа қарай, іш пердесі тереңдеу келген қуық-жатыр,ал тік ішекке қарай ішек-жатыр кеңістіктерін құрайды. Жатыр кіші жамбас қуысында қуық пен тік ішек аралығыңда орналасқан. Жатыр денесінің алға симфизге қарай орналасуын антеферзия деп атайды. Симфиз-қасағаның /шат аралығы/ буындасып,мүшенің тұтасып біткен жері болып табылады.Бұл кезде жатырдың денесі жатыр мойнымен алға қарай ашылатын доғал бұрыш жасайды, оны антефлексия деп атайды. Жатыр мойны сәл артқа қарай ығысқан жатыр мойнының сыртқы ернеуіне, артқы қынап күмбезіне жанасады. Қалыпты жағдайда жатыр өзі қозғалғыш келеді. Оның орналсуы кіші жамбас қуысында орналасқан мүшелердің /қуық пен тік ішек/ толуына байланысты өзгеріп отырады.Жатыр — бала туу қызметін орындайды. Жыныс мүшелерінің жетілуі кезінде, жатырдың шырышты қабығында бір қалыпты, ритмді,қайталанып отыратын өзгерістер әйелдің жүкті болуына жағдай жасайды. Жатыр жүктілік кезінде баланың жататын орны болып табылады. Жатырда ұрықтанған бала дамып,өсіп жетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет