САБАҚ №7 Тақырыбы: Эпителий тіні. Жабынды эпителий. Безді эпителий.
Сабақтың соңында студент:
Әртүрлі типтегі эпителилердің микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысы туралы теориялық білімін қалыптастырады және атқаратын қызметіне қарай құрылымдық ерекшеліктерін салыстыруды үйренеді.
Бір қабатты және көпқабатты эпителидің әртүрлі типтерін микроскоптардан, үлгілерден, электронограммалардан және микросуреттерден анықтайтын тәжірибелік дағдыны қалыптастырады.
Мүшелердің құрамындағы жабынды мен безді эпителилердің әртүрлі типтерін микроскоптық және ультрамикроскоптық деңгейде анықтай алады.
Ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқыту және білім, біліктілік дағдыларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастапқы дағдыларын дамыту.
Әдебиеттер:
Негізгі: Гистология, эмбриология, цитология. 6-шы басылым. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина. Қазақ тіліне аударған Р.Ж. Есимова., К.Т. Нүрсейтова - М., ГЭОТАР-Медиа баспа тобы, 2014, 118-137 беттер.
Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Гистология, цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы. Алматы. «Эффект» баспасы, 2012, 37- 45 беттер.
Қосымша: Абильдинов Р.Б., Ергазина М.Ж., Юй Р.И. Толковый словарь основных гистологических терминов на казахском, русском и английском языках. Алматы, «ZAMANPRINT» баспасы, 2017, 122 б.
Гистология, цитология және эмбриология. Атлас. Алматы, 2006. (Авторлары Абильдинов Р.Б., Юй Р.И., Аяпова Ж.О.) Алматы : Эффект, - 416 б.
Электронды ресурстар: Мяделец О.Д. Гистология, цитология и эмбриология человека часть -1. цитология, эмбриология и общая гистология. Витебск, 2014- 439 б. https://core.ac.uk/download/pdf/53873514.pdf
Тақырып бойынша видео материалдар қарау:
YouTube : Ткани. Эпителий. Железы. Видео лекция С.М.Зиматкин https://youtu.be/2GKCvPUeiEg
Сабақты өткізу түрі: бастапқы білім деңгейін анықтау үшін (ауызша және жазбаша жауап алу), кесте толтыру, сабақтың тақырыбы бойынша ситуациялық есептер шешу, (№2-8) практикалық дағдыларды тапсыру.
Бақылау: бағалау жиынтық түрінде, ауызша жауап беру, ситуациялық есепті шешу, практикалық дағдыларды тапсыру арқылы (бағалау парағымен) бағаланады.
БОӨЖ тапсырмалары: сапалы хатттама толтырып, суретін салып, анықтап, гистологиялық құрылымдарына сипаттама беру.
БОӨЖ бақылауы: кеңес беру кезінде кері байланыс түрінде жүргізіледі.