Сабақтың тақырыбы: Есепті шешу процесі және оның кезеңдері Есеппен жұмыс әдістемесі 4 кезеңнен тұрады



Дата04.11.2023
өлшемі28,67 Kb.
#189458
түріСабақ
Байланысты:
phpjmOKOd


Сабақтың тақырыбы: Есепті шешу процесі және оның кезеңдері

Есеппен жұмыс әдістемесі 4 кезеңнен тұрады:
1 кезең – есептің мазмұнымен таныстыру.
2 кезең – есептің шешуін іздеу.
3 кезең – есепті шешу .
4 кезең – есептің шешуін тексеру.
1.Есептің мазмұнымен таныстыру дегеніміз – оны оқып шығып, онда келтірілген жайттарды көз алдына келтіру. Есепті балалар оқиды. Мұғалім есепті балаларда тексі жоқ жағдайда немесе олар оқи алмайтын кезде ғана оқиды. Есепті дұрыс оқудың маңызы зор.Мысалы «бар еді» «кетіп қалды », «қалды», «бірдей болды »т.сс.сөздерді баса айту , есепке қойылатын сұрақты дауыс көтере айту керек.
2. Есептің шешуін іздеу.Есептің шешуін іздестіру және жоспарын құруда, яғни бұл кезеңде оқушыларға шамаларды, деректер мен ізделіндіні бөліп көрсетуге, олардың арасындағы байланысты анықтауға көмектесетін тәсілдер қолданылады, сөйтіп осылардың негізінде арифметикалық амалдарды алулары тиіс.Балалар шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлуге көмектесетін, олардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын арнай әдістер пайдаланылады. Мұндай әдістерге :а) Есепті иллюстрациялап көрсету.ә) Есепті талдау.б) Шешу жоспарын құру.
Есепті иллюстрациялау- есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін , көрнекілік құралын пайдалану иллюстрация нәрсе немесе схема түрінде болады. Нәрсені иллюстрациялаумен қатар 1 сыныптан бастап схема түрінде түсіндіру пайдаланылады, ол – есепті қысқаша жазу.
1. Заттық иллюстрация – есепте сипатталған өмірлік жағыдаятты анық түсінуге көмектеседі және амал таңдап алуға ықпал етеді.
2. Схемалық иллюстрация – шамалар сандар (деректер мен ізделінді) және олардың арасындағы байланысты қолайлы түрде көрсетуге болатын есептің қысқаша жазылуы. Бастауыш мектептің барлық сыныптарында қолданылады, өйткені оқушыларда көрнекі – схемалық ойлау қалыптаса бастайды.
а) Сөздер, сандар, белгілер көмегімен:
І – 15 сөз Болғаны – 20 м
ІІ - ?, 5-еуі артық Кеткені - ?, 5 м және 8 м
Қалғаны - ? м
ә) Кесте түрінде: пропорционал және кері пропорционал шамаларға арналған есептер үшін.
б) Сызба түрінде көбінесе қозғалысқа арналған
в) График түрінде: ұзындықты табуға және шамалар арасындағы байланысқа (артық, кем, сонша) берілген есептер үшін
І 50 м

ІІ ? 3 есе артық

г) Схема түрінде:

Мұнда иллюстрация оқушылардың көздерінше орындалады, тіпті олардың өздері мұғалімнің басшылығымен кейінірек өз бетімен орындаса, жақсы болады. Ол деректер мен ізделінді арасындағы байланысты анықтауға, амал таңдауға және еспті шешуге көмектеседі.
3.Чертеж арқылы иллюстрациялауға болады. Оқушылар оқу жылының басына қарай костюм, бәтеңке және тымақ сатып алды. Костюм 24 сом тұрады. Ол бәтеңкеден 3 есе қымбат, ал бәтеңке тымақтан 2 сом қымбат. Барлық сатып алған зат қанша тұрады.1 сомды ұзындығы 1 см кесінді түрінде кескіндеп, чертеж сызамыз.
К ______________________
Б ___________
Т _________
Есеп шартын нәрсе түрінде кескіндеуге болады. «Балалар төбешіктен төмен қарай сырғанап ойнап жүр.Олардан 5 қыз бала, 2 ер бала үйлеріне кетіп қалды: Барлығы қанша бала үйлеріне кетті.»
Есепті талдау. Мәтін бойынша есепті талдау – екі әдістен тұратын логикалық тұжырымдар тізбегі.
І әдіс –аналитикалық – шешуді есептің негізгі сұрағынан шартына қарай іздеу жолы:
Болғаны - ? 10 д. Және 5 д
Сыйлады – 3 д.
Қалғаны - ? д.

Есепте нені білу керек? (қанша дәптер қалды?)
Осы сұраққа жауап беруге болама? (жоқ).
Неліктен? (неше дәптер болғаны белгісіз).
Табуға бола ма? (иә, жолды және тор көз дәптердің қанша болғаны белгілі)
ІІ әдіс – синтетикалық – деректер мен ізделінді арасындағы байланысты тағайындауда деректерден негізгі сұраққа қарай іздеу.
3. Есепті шешу. Есепті шешу - шешу жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау. Әр амалды орындағанда нені табатынымызды түсіндіріп отыру міндет. Есепті шешу ауызша және жазбаша орындалады.
4.Есеп шешуін тексеру- оның дұрыс немесе қате екендігін тексеру.

Сұрақтар:



  1. Есепті иллюстрациялау дегеніміз не?

  2. Есепті шешу дегеніміз не?

  3. Есепті мазмұнымен таныстыру дегеніміз не?

Үй жұмысы: Тақырыпқа сәйкес мысалдар құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет