Аты-жөні Айя Серикбайқызы Шалгимбаева Лауазымы



бет1/3
Дата25.12.2016
өлшемі199,96 Kb.
#4666
  1   2   3
Балабақша атауы _ Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының көз кемістігі бар балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі №82 сәбилер балабақшасы» МҚКК

Аты-жөні Айя Серикбайқызы Шалгимбаева

Лауазымы тәрбиеші

Жұмыс өтілі __28 жыл

Санаты екінші категория

Тақырыбы «Балалар әр түрлі аталады»

Топ даярлық

Аудан: Әлеуметтік орта

Бөлім: Айналамен танысу

Тақырыбы: «Балалар әр түрлі аталады»

Мақсаты: Отбасы туралы білімдерін кеңейту, балаларда құқық туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру.

Міндеттер:

  • Есімге құқықтың маңыздығы туралы түсінік беру;

  • Әр балада өзіне және басқа адамдарға мейірімді қарым-қатынас тәрбиелеу;

  • Балаларды өздерінің аты-жөнін жазуға дағдыландыру;

  • Көз-қозғалыс функцияларды дамыту.

Қажетті құралдар: «Менің баламның есімі» атты ата-аналардың шығармашылық жұмыстары; кез келген баланың «Туу туралыкуәлігі», әр балада қағаздан жасалған «Туу туралы куәлік», жай және түрлі-түсті қарындаштар, схема, фломастер.

Билингвалды компонент: есім – имя, тегі – фамилия, құқық – право.

Жаңа сөздер: есім, тегі, аттас, куәлік, құқық.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күн қандай тамаша!

-Сендер бүгін қайда келдіңдер? (балабақшаға) Сендер қандай балаларсыңдар?

Көркем сөз:

Бала деген бал екен,

Ата-ананың жаны екен.

Жапырағындай ағаштың,

Адамзаттың сәні екен.

-Балалар бізде әдемі, ақылды. Менің оң жағымда кім тұр? Ал сол жағымда ше? Айым, сенің оң жағында кім тұр? Мақсат, сенен сол

жақта қандай бала?

-Есімдерді көруге бола ма?

-Сендердің есімдерің өте әдемі айтылады, рас қой?

Тағы да әдемі болып жазылады. Көрейік, есімдеріңді аналарың қалай әшекейлеп жазғандарын.

Жаңа туған баланың жылауы үнтаспадан естіледі. Екі қуыршақ балаларды енгізеді.

-Олар қайда туады?

-Балалар бірдей ме?

-Неге олай ойлайсындар? Жаңа туған балаларды бір-бірінен айыру қиын. Барлығы бірдей, бір-біріне ұқсайды.



Шеңбер бойынша тұрады.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар басқа балалардың есімдерін атайды.
-Оларды көре алмаймыз, тек қана естиміз.

Ата-аналардың жұмыстарынан жасалған көрмеге барын, оларды бақылайды.

Перзентханада туады. Бұл ұл мен қыз. Үйткені біреуінің бауы қызыл, біреуінікі көк.


Іздену ұйымдастырушы


Сондықтан дәрігерлер перзентханада бөпелерді шатастырып алмау үшін білегіне номері бар белгі байлап қояды. (көрсетеді)

-Сендерді санмен атаса, ұнайды ма? Сонда қалай атайды? Есімдерді кім қояды?

-Есімдерді не үшін қояды? Өмірде есімсіз тұруға бола ма? Адамның өмірінде есімі үлкен маңызды рөл атқарады. Әр адам, өмірге келген соң есімге құқық аладаы. Жәнете әр адамға бұл құқықты растайтын құжат беріледі, "Туу туралы куәлікті" көрсетеді.

-Әр адамда есімінен басқа тегі болады. Тегі әкесінікі беріледі. Мұнда баланың аты-жөні жазылады. Бүгін үйге барғасын ата-аналардан «Куәлікті» сұрап көріңдер.

Тәрбиеші балаларды 2 топқа бөледі.

I топ: «Куәліктерді әшекелейді (шетін және ою-өрнектерді бояйды) содан соң тегін, есімін жазады.

II топ: тәрбиеші әңгіме жүргізеді. – Адамға қалай атынатап сөйлесе, сондай адам деп атуға болады. Мысалы: Батыржан. Ол киім деп айтуға болады? (ұл) Айжан? (қыз) Бекболат-аға? (үлкен адам, ағатай) Самал-апай ше? (апай, тәте). Кейбір адамдардың есімдері бірдей болады. Оларды аттас деп атайды. Біздің топта аттастар бар ма? Сендердің туыстарыңның арасында ше? Оларды қалай айырады? (тегімен)

Д/ойын «Төртінші артық». Төрт есім айтылады, төртінші артық болады. Оны табу керек. Мысалы: Бауыржан, Мерей, Серік, Болат. (Мерей) Айжан, Айгуль, Шолпан, Ерлан. (Ерлан)




-Есімдермен атайды.

Балалардың жауаптары.

«Туу туралы куәлікті» бақылайды.

Бір үстелге есімдері 2 –буындылар отырады, басқа үсьтелге – 3 – буындылар.

I топтың балалары тәрбиешінің қөмекшісімен жұмыс істейді.

II топ тәрбиешімен әңгімелесіп, сұрақтарына жауап береді.

Төрт есімнен 1 артық есімді тауып айту керек.

Суреттерді бақылайды. Ондағы Буратино, Қызыл Телпек, Ақшақар, Колобок (Бауырсақ), Чебурашка аттарын айтады.

Сұрақтарға бір-біреуден жауап береді.


Рефлексия

Екі топтың балаларын тұрғызып сергіту сәт өткізеді. Содан соң екі топ орындарымен ауысады. Тәрбиеші енді I топтың балларымен әңгімелеседі. Жұмыс аяқталған соң тәрбиеші суреттерді көрсетеді. Кім бейнеленгенін сұрайды.

Д/ойын «Бір сөзбен ата». Бірнеше есімдерді айтады, балалар 1 сөзбен айту керек. Мысалы: Самал, Сания, Әлия, Балнұр (қыздар). Ержан, Бекболат, Қанағат, Марғұлан (ұлдар). Әке, ана, аға, қарындас (отбасы).

Ұжымдық жұмыс: схемада қыз бен ұлдың бейнесі, олардың үстінде шарлар (жіпсіз). Шарларда есімдер жазылған. Есімдерді оқып, олардан жіп өткізу: қызға ұлдардың есімдерімен, ұлдарға қыздардың есімдерімен.

Біз бүгін Конвенцияның бір құқығымен таныстық. Ол қандай құқық? Әр бала өз есімін таяқшалардан қалап жазады (құрастырады).

Ұл қолында ту жүрсін,

Қыз қолында гүл жүрсін.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Балаларды мадақтайды.


Есімге құқық деп жауап береді.

Білу керек: Өз есімін, тегін, отбасы мүшелерін.

Өзінде болу керек: Бала құқықтары туралы карапайым үғымдар.



Істей алады: Өз есімін жаза алады, отбасы туралы әңгіме курастыра алады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет