|
Атырау облысы, Атырау қаласы
Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп – лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Стамғазиева Ақтоты Умбетовна
|
Тақырыбы
|
Қажымұқан -ерен күш иесі
|
Мақсаты
|
Оқушылар қазақ балуаны жайлы оқығанды еске түсіре отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді,ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыланады, шыншылдыққа,батылдыққа дағдыланады
|
Жалпы мақсат
|
Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
|
Күтілетін нәтиже
|
Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және тақырыптың идеясын ашады, қорытынды пікір айтуға үйренеді.
|
7 модульдің қолданылуы
|
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Кім жылдам,Миға шабуыл,Жигсо, Ойлан тап,Эссе
|
Қолданылатын ресурстар
|
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
|
Сабақ барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
|
«Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу.
«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
|
Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Топ ішінде тәртіп ережелерін құрады.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.
Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.
|
Білу
Миға шабуыл
Интерактивті тақтаға «Қайталау–білімнің шыңы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,
|
Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.
1.Отыз пұт май қатырған кеспекті шанаға бала қалай салды ?
2.Масликовқа Мұқан не үшін келді ?
3.Городовойды неге шақырды ?
4.Лебедев мектебі Мұқанға не үйретті ?
5."Черный Иван" атануының себебі қандай ?
6.Мұқанның жеңіл өнері қандай еді ?
|
Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
|
Түсіну
Постермен қорғау
|
Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату. Постер арқылы тақырыптарын қорғату
|
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.
Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап, ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды
|
Қолдану
Ойлан тап
|
Қажымұқанның өзге де жерлерге барып өнер көрсеткені туралы қосымша мәтіндер беріледі.
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу
Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып,сосын топпен талқылайды.
|
Талдау
Ойлан,жұптас,талқыла
|
Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар таратылады.
1.Мұқанның сыртқы түрі,мінез-құлқын сипатта.
2.Балуанның өсу жолына жоспар жаса.
3.Мұқанға достық көмекке келгендер туралы айт.
4.Добрый-Рабый хатының Мұқан тағдырына әсері.
|
Әр топтан оқушылар шығып айтады.
|
Жинақтау
Еркін жазу
|
Тапсырмалар бойынша әр топ Эссе жазу, бағалау.
1."Шана сүйреген Мұқан"
2."Қайырымды Мұқан"
3."Өнерлі өрге жүзер"
4."Қажымұқан-ерен күш иесі"
|
Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу
|
Бағалау
|
Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек
|
Әр топтан топ басшысы бағалау парағы бойынша бағалайды
|
Рефлексия
|
Стикерлерді толтыру
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ кестесін толтыру
|
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.
|
Үйге тапсырма
|
"Мен үлгі тұтатын жан" тақырыбына ой-толғау жазу.
|
|