16-желтоқсан «Тәуелсіздіктің дара жолы» дөңгелек үстел.
Қатысушылар 8-сынып.
Барлығы: 21 оқушы
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге атсалысу.
Дөңгелек үстелдің барысы:
- Армысыздар қадірменді оқушы қауым! Бүгінгі «Тәуелсіздіктің дара жолы» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймын. Қазақстан Республикасы бүгінде Тәуелсіз, демократиялы, зайырлы , егеменді мемлекет болып отыр. Қазақстан Республикамыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ел болып танылуында, әлемге әйгілі болуына зор ат салысып, көп еңбек терін төккен адам. Бірақ осы бүгінгі терезесі тең, аспаны ашық құбыласы түгел заманға біз Тәуелсіз Қазақстан жастары қалай қол жеткіздік?
(Оқушылар жауабы тыңдалады)
Жұмабек М
- Ия, Тәуелсіздік жолы бізге оңай жолмен келген жоқ. Көптеген қан төгіспен, зор күштің арқасында егеменді ел болып отырмыз. Қазір біраз тарихқа тоқталайық. Сонау 18 ғасырдан бастап Қазақ хандығы басынан қилы замандарды өткерді.
Мұғалім:
- Абылай атамыз үш жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығын қолында ұстап қалмақ болды. Бірақ ел басына күн туған заманда бұл мүмкін бе еді?!
Нұртолған
- Әрине ол қиын сұрақ. Абылай тарих сахнасынан кеткеннен кейін де көптеген қас батырларымыз ұлт-азаттықты аңсап, отаршыл саясатқа қарсы шыққан жоқ па? Әрине шықты, бірақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар заманда сатқындық, жеке бас мүдделігі бірінші сапқа шығып, ұлт мүддесі аяққа тапталды.
Ернар
- Қазақ атамыз басынан қилы замандарды өткере отырып, бүгінгі арайлы таңға қол жеткізді. 2012 жылдан бері 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып аталып өтуде. Бұл мерекені атап өту туралы мәжіліс депутаттары ұсынып оң шешімін алған еді.
- Президент туралы слайд көсетіледі.
Мұхамер Сезім: «Елі сүйген Елбасы» тақырыбында баяндама оқиды.
- 16-желтоқсан күні 1991 жылы Тәуелсіздік туралы Заң қабылданған күннен бастап бұл күн тарихта елеулі оқиғалардың бірі болып саналады. Осы күннен бастап жас егеменді елдің тарихы басталды. Қазақстан Республика болып жарияланып, жаңа тарих беттерін ашты. Егеменді Қазақстан Республикасының тарихында Елордамыздың тарихы ерекше. 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстанның ресми астанасы болып жарияланады. 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола Астана деген атқа ие болады. 1998 ж. 10 маусымынан бастап жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті. Сол күннен бастап Есілдің сол жағалауында жаңа қала бой көтерді. Мұнда құрылыс жүргізетін инвесторларға салықтық жеңілдіктер берілді.