Айгүл Жұбаназарова Бертайқызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Т. Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің
музыка пәнінің мұғалімі «Айгөлек ән-би» байқауы сценарийі Айсезім:Армысыздар Аманкөлдік ағайын!
Шынболат:Қош келдіңдер,жарқырасын маңайым!
Гүлнұр: Айгөлектің жұлдыздарын жайнатып,
Бірге: Өрендерді қолдайық,думандатып.
Айсезім: «Айгөлек ән-би »байқауы екінші рет мектебімізде музыка пәнінің мұғалімі Жұбаназарова Айгүл апайдың ұйымдастырылуымен өткізілгелі отыр.
Шынболат: Иа,былтырғы байқау 1 және 6 кластар аралығында өтсе,биылғы байқауда «Айгөлек ән-би» байқауының ауқымы кеңейіп,1 және 10 кластар аралығында өтпек,байқау шарттары өзгеріссіз,өз қалпында сақталады.
Гүлнұр: Ал жеңімпаздарды анықтауда ерекшеліктер бар. 7-11 жас аралығанда 1-5 класс өнерпаздары, 12-16 жас аралығанда 6-10 класс өнерпаздары өнер көрсетіп,марапатталатын болады.
Айсезім: Жылдан-жылға айгөлек өнерлі балаларды іріктеуде қызмет етіп келеді және жалғасын таба бермек.
Шынболат: Дұрыс айтасын,Айсезім. Қыздар сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр,қарсы болмасаңдар? Былтырғы айгөлектің бас жүлдесін алған жеңімпаз естеріңдеме?
Шынболат: («Бал балалық балдырған шақ сан арман,сан арман» әндетіп шығады)
Гүлнұр: Шынболат сенің әншілік өнерің бар екенін біз білеміз,бүгінгі кеште сен жүргізушісің?
Шынболат: Білем,Гүлнұр,осы әнмен Мейіржан бас жүлдені жеңіп алған,Мейіржанның жүлделі ізін суытпай «Бақытты біздер баламыз» (әнімен орындайды) деп ән салар кішкентай әнші қыз келіп тұр
Айсезім: Ендеше не тұрыс,достар қошеметтеп шақырмаймыз ба?
Гүлнұр: ән жанры бойынша 7-11 жас аралығында өнер көрсететін «Бау-бақша белдер» әнімен алдарыңызда
Бірге : Төлепберген Жүзік.
Айсезім: Би жанры бойынша 12-16 жас аралығанда өнер көрсететін 10 кластың бишілерін сахна төріне шақырамыз.
Шынболат:Айгөлектің жұлдыздарын бірге жағар көрермен,қошеметтеп,көңілді отырамыз.
Айсезім: «Екі ішектің бірін қатты,бір сәл-сәл кем бұра,Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра»
Шынболат:Қазақтың қоңыр домбырасымен,бүрмелі көйлегімен сызылтып ән салар Шандоз Шұғала сахна төрінде.
Гүлнұр: Халықтың әні «Балапан қаз»
Айсезім: Қазақтың халық әнін қазақ биімен жалғайтын 9-класс бишілерін сіздердің қошеметтеріңізбен сахна төріне шақырамыз.
Шынболат:Бабадан қалған мұраны,әсем әнге қосатын Кенжегүл қыздарыңыз өз кезегін күтуде.
Гүлнұр: Мұны мен білемін,Шынболат менің кластасым,әрі досым (жымыйып айтады) сыныбымыздың әншісі Айдосқызы Бағдат,сіздерге халық әні «Маусымжанды» тарту етеді,қабыл алыңыздар.
Айсезім: Үміттерін үкілетіп,сыныптастырының сенімдерін арқалап өз кезегі күтіп тұрған 7-кластың бишілеріне сахна төрін ұсынсақ.
Шынболат: Сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен,сахна төрінде 7-кластың бишілері.
Гүлнұр: 7-11 жас аралығындағы ән жанры бойынша ең соңғы өнерпазға кезек келді.
Айсезім: «Сүгірдің термесін» сіздерге тарту етер Жангелді Асылтай,қошеметтеп отырамыз.
Шынболат: 12-16 жас аралығында би жанры бойынша соңғы нүктені қоятын 6-кластың биші жігіттеріне сахна төрін ұсынамыз.
Айсезім:Асқару тау әкелер мен ақжаулықты аналарға әнін арнайтын,10-кластың намысын қорғайтын Нұрлыбек ұлы Азамат «Анашым-Әкешім» әнімен өз кезегінде сахна төрінде.
Шынболат: Әкелеріміз бен аналарымыз аман болсын!
Гүлнұр: «Айгөлек ән-би» байқауына қатысушылардың өнері осымен аяқталды.
Айсезім: Қазылар алқасын ақылдасу бөлмесіне қошеметтеп шығарып саламыз.
Шынболат:Құрметті көрермен кеш өз жалғасын байқау қонақтарының әсем әндерімен жалғасады.
Гүлнұр: Амантайұлы Иманғали
Шынболат: Бердібайқызы Гүлназым
Айсезім: Сағатұлы Бағдат
Айсезім: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың бір топ өлеңдеріне кезек береміз.(Шынболат,Жүзік,Бағдат,Санатбек)
Шынболат: Қазанғап Гүлнұр «Айгөлек» әнімен
(Қазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттайды.)
Айсезім: Өнерді сүйіп,өнерге қолдау жасайық,
Шынболат: Әрдайым халқым тек жақсылықта жолығайық.