АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Есенов университеті және Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу
орталықтарының қауымдастығы Сіздерді
Академик Ш. Есеновтың 95-жылдығына арналған
"Ғылыми
жаңғыру:
тұлға
мұрасы"
атты
халықаралық
ғылыми-тәжірибелік
конференцияға
қатысуға шақырады.
Өтетін уақыты
: 14 қазан, 2022 ж.
Өтетін орны
: Ақтау қ., 32-шағын аудан, Есенов университеті, конференц зал (2 қабат)
Жұмыс тілі
: қазақ, орыс, ағылшын
Негізгі мақсаты:
Академик Ш. Есеновтің еліміздің ғылымын дамытуға қосқан ғылыми
үлесінің ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін қарау және талқылау; ғылыми идеялары мен
мұрасын жан-жақты насихаттау; ғалымның өмірі мен қызметі, ғылыми білімдері мен
жетістіктерімен алмасу мақсатында елдің өскелең ұрпағына патриоттық және адамгершілік
тәрбие беру үшін ғылыми алаң құру.
Конференцияға қатысушылар:
Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу
орындарының ғалымдары, ғылыми қайраткерлер мен бизнес-құрылымдардың өкілдері.
Конференция бағдарламасы:
09
00
– 09
30
– Академик Ш. Есенов ескерткішінің алғашқы тасын қалау рәсімі
09
30
– 10
00
– Кампус тур. Конференцияға қатысушыларды тіркеу
10
00
– 13
00
– Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырыс
14
00
– 17
00
– Бағыттар бойынша секциялық отырыстар. Конференцияның жабылуы
Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
№
Конференция секциясының атауы
Хатшы
E-mail
Байланыс
деректері
1
Трансформациялық процестер жағдайында
қазіргі заманғы ғылымды, технологияларды
және білім беруді дамыту
Нурова К.
kunduz.nurova@yu.edu.kz
8-707-8843726
2
Геологиядағы
ақпараттық
және
коммуникациялық технологиялар
Тайжанова Л.
lyailim.taizhanova@yu.edu.kz
8-776-1824267
3
Жер қойнауын пайдаланудың құқықтық
аспектілері және әлеуметтік даму мәселелері
Петросянц Т.В. tatyana.petrossyantc@yu.edu.kz
8-705-2014318
Конференция қорытындысы бойынша материалдардың электронды жинағы шығарылады.
Электрондық нұсқадағы баяндамалардың мәтіндері 2022 жылғы 24 қыркүйекке дейін (қоса алғанда)
қабылданады. Ақпарат телефондары: 8 (7292) 788-788 (259).
ЖАРИЯЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Баяндамалар электронды нұсқада doc немесе rtf кеңейтімі бар файлдар түрінде (тіркеме арқылы
электрондық пошта арқылы) ұсынылады. Баяндама файлы бірінші автор тегімен жазылуы керек – бірінші
автордың тегі бойынша (мысалы, IGCE.doc; Ivanov.doc).
Жариялау материалдар: міндетті түрде ӘОЖ, аннотация, түйін сөздер болуы тиіс, мәтін Word 6.0
редакторында терілуі тиіс, парақ форматы – А4, Times New Roman Cyr қарпінде, әріптердің көлемі 12,
жиектері 2,5 см, баяндама көлемі 6 беттен аспауы тиіс.
Аннотация мәтіннің басында мақала келтірілген тілде беріледі (40-50 сөз).
Түйін сөздер мақаланың мазмұнын толығымен қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір нақты материал үшін
маңыздылығы жағынан 5 түйін сөзді көрсетіңіз.
Баяндама тақырыбы: бас әріптермен, ортасында авторлар: тегі және аты-жөні (титулдары
көрсетілмейді), ведомстволық тиістілігі көрсетілген ұйымның толық атауы – ортасында.
Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында "ӘДЕБИЕТТЕР" тақырыбымен орналастырылады. Әдебиеттер
тізімінде авторлардың тегі мен аты-жөні, жұмыстың атауы көрсетіледі.
Ұйымдастыру комитеті
Достарыңызбен бөлісу: |