Тақырыбы: «Мен - ағылшын тілі мұғалімімін.» Мұғалім: Гробова Шолпан
2014-2015 о.ж
Эссе
«Мен - ағылшын тілі мұғалімімін.»
Ұстаз және ұстаздық ұлағат. Осы бір өзара үндескен сөз тіркестерінде қаншама терең де мазмұнды ой, өткен өмір белестерінің қиындығы мен қызығы, жемісті жылдар нәтижесін тапқандай. Бұл туралы көрнекті педагог К.Д Ушинский «Ұстаздың үздік үлгісі – ешнәрсеге ауыстыруға болмайтын күннің нұрлы сәулесі»- деп бағалаған. «Үйретуден балаға...» - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім дегім келеді. Жер бетіндегі адамдардың бәрі осы ұлы есімге қарыздар. Өйткені, ұстаз алдынан өтпейтін еш мамандық жоқ. Ұстаз алдынан бас имейтін адам жоқ. Ол - өмірдегі екінші ана! Мен осы керемет мамандықтың иесімін!