Аудандық конкурсқа ұсынылған эссе


Ағылшын тілі апталығы. Облыстық семинар. Конкурс «Жас-маман 2013»



бет2/2
Дата13.02.2017
өлшемі343,86 Kb.
#9314
1   2

Ағылшын тілі апталығы. Облыстық семинар. Конкурс «Жас-маман 2013»
Ұстаз ардақты есім. Ұстаз екінші ана. Ұстаз өз шәкірттерінің бойындағы

жақсы қасиеттерді ашуға көп еңбек етеді. Сол ұстаздың бірі – мағанда ұстаздық еткен мұғалім - Шайхиева Гүлшат апай, қәзір зейнеткер жаста. Жазғы демалысымда ауылыма барғанымда жоспарымның бір бөлігі сол ұстазыммен көрісіп амандасу. Менім осы салада жүргенімеде сол кісінің ықпалы тиген шығар.

Әлі күнге есімде алғаш өткізілген ағылшын тілі сабағы. Ол университет қабырғасында жүріп, іс- тәжірибе кезінде болатын. Атырау қаласы, «Дарынды балалар мектебі» 7- ші сынып оқушылары. Оқушылардың жаңа мұғалімге деген көзқарасы, алғашқы сабақ жоспары, көрнекіліктер, ашық сабақтар, әр оқушымен жүргізілген жеке жұмыстар. Алғашқы жоспарым қолымда дірілдеп, екі көзім оқушыларда, жүрегімдегі қорқыныш, бірақ, оқушылардың жылы жүзі, сабаққа деген ынта мен сенімі менім бойымдағы жігер қайратымды күштеп, сабақты таңғажайып бір ертегіге айналдырғандай болды. Осындай қорқыныш пен үрейлене кірген бірінші сабағым, яғни ұстаздық сабағы басталды.

Мен ағылшын тілі мұғалімімін. Менім алдымда екі жол саласы болатын, бірі аудармашы мамандығы болса, енді бірі ағылшын тілі мұғалімі. Мен өз таңдауымды дұрыс жасағаныма сенімдімін.Үнемі ізденіс үстінде жүріп, сабақты әсерлі де қызықты ету, балаларға білім нәрін сусындау менім алға қойған мақсатым.




Ашық сабақ 5 «г» сынып Сабақтан тыс іс-шара 8 «в,г»сыныптар Сабақтан тыс іс-шара 1 «а» сыныбы

2010 - 2011 о.ж «Do you know holidays» 2012-2013 о.ж 2014-2015 о.ж
Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту ағылшын тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Ағылшын тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздеріне ой жүгіртсек, мұғалім мамандығындағы менің парызым алдыма білім алуға келген әр баланың қолынан жетектеп өмір жолының дұрыс бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, ата дәстүрді құрметтеген, ең бастысы Отанын сүйетін азаматты тәрбиелеу, осы жолда еңбектену, іздену, мақсатқа жету...


Ал, көздеген мақсатқа жету менің қолымнан келеріне сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет