Автор:Қоңтай Ақнұр Ерболқызы
Ауыл: Жалағаш ауданы, Т.Жүргенов
Мектеп, сынып: Әбдікәрім Оңалбаев атындғы №117 орта мектеп, 8 «Б»
Жетекшісі: Гүлзат Дабылова Қожабекқызы
Экология және мен
Экология және біз. Біз дегенім – көпшілік. ... экология және мен.
Мені бұл тақырып ешқашан бей-жай қалдырған емес. Тіпті үнемі санамда жаңғырып тұрады десем болады. Әр ауылдан кетіп, қайта ауылымның іргесіне кірген сайын , ауылды сыртынан көріп еріксіз мүжілемін.
Өмірде әр нәрсенің орны бөлек шығар, бірақ туған жердің табиғаты, еріксіз жұтар ауасы, әрбір түні самалы, мен үшін ерекше. Бірақ , қазіргі күні сол бір ерекшелігімнің жағдайын ойласам, еріксіз есіме түрлі келеңсіздіктерді келтіреді. Неге? Неге десеңіз , айтып та көрейін...
Табиғат – бұл халқымның қорғаны. Өмірдің сәулесі. Арқа тұтар сүйенішіміз. Бірақ , осы сәулемізді, сүйенішімізді өмірдің таусылмайтын «дүниесіне» аяусыз пайдаланып, көзсіз пайда үшін Жер анамның өз ризашылығымен берген несібесінен артықырақ алып, өмірдің иісі шыққан топырағымызды түрлі химиялық заттармен улап, жөнсіз жазалап жатырмыз ба деймін. Әлде қалай?..
Бұған дәлел, мен ауылда тұрамын. Ал ауылымның топырағын, оған өсіп тұрған өсімдігін және сол өсімдіктермен қоректенетін ауылымның төрт түлігін көрсем, еріксіз жүрегім қақ жарылады. Тағы неге? Не үшін? Жайылымнан жайылымға көшіп , табиғатты аялап, әсемдігіне тамсанып келген қазағым қайда? Жүректері мейірімге толы болған, жәндігін жәбірлемеген жерлестерім қайда? Әттең мен оқушымын және қыз баламын . Бұл жағдайға жеткізген кім? Қоғам ба, адам ба? Әлде жаһандану желегінде жүрген заман ба? Қалай ойласам да, көз алдымда: аппақ соры шыққан топырақ, қабырғасын санауға келген, бастарын шұлғи басып, әр шеңгелдің түбінен қорек тауып қалармын деген төрт түлігім, онсызда Қызылордамның экологиясына көнген, денсаулығын берген, бірақ сәл қуаныштан жүректеріне мейірім толтырған қарапайым халқым көлбеңдеп кетпейді-ақ.
Амал не? Менің ойым сан-саққа жүгіреді, мүмкін деген ойларды жағалайды тағы.
Мүмкін, егін шаруашылығын шамадан тыс тыңайтқыштарсыз егуіміз керек шығар!
Мүмкін, егінге қолданған суды тазарту үшін жаңа техника ойлап табуымыз керек шығар!
Мүмкін, есепсіз қолданып жатқан тұщы судың сұрауын тудыру керек шығар!
Мүмкін, әр адам ұрпағы үшін топырақты аялап, құнарын арттырып, тал егіу керек шығар! Мүмкін ..., мүмкін... Білмеймін! Бірақ адамның алғашқы қауымынан қазіргі күнге дейін өмір сүруге қажетті барлық мұқтажымызды мұқалмай берген жомарт табиғатымызға сәл мейіріммен қарап, терең бойлай ойлансақ деймін.
Әрине, бұлай ойлап жүрген мен ғана емес, мен сияқты жүректері жай таппаған жастар да бар деп ойлаймын. Белгілі ұстаз Әл-Фараби бабамыз «Кез келген елдің болашағын көргіңіз келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тұрмыс тіршілігіне қара» демекші, мен елімнің өзім сияқты жастарына зор үмітпен сенемін және еліміздің табиғатына елеусіз қарамайды деп білемін. Қалай болғанда да дамыған елдердің экономикасы мен экологиясын зерттеп, зерделеп соры шыққан топырағымның емін табады , емін табамын деп танимын. Өйткені біздің жастар жалынды, біздің жастар- Отансүйгіш, біздің жастар – табанды!
Қорыта айтқанда, біз қалай болсақ та, табиғатты аялап, қасиетті Жер анамызды қорғауымыз керек! Себебі, табиғат – ол өсімдік, өсімдік ол, ашыққанда – азық, шөлдегенде – сусын, ыстықта – көлеңке, суықта- пана, ауырғанда – дәрі, ренжігенде – сұлу көркімен сабыр, қуанғанда – сән, сыйлық, яғни бұл- өмірдің дәулеті, таусылмайтын қазынасы!
Мен - табиғаттың жанашырымын! Экология және мен!