АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІКТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Еліміздің басты байлығының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауыл жерлерінің даму деңгейі қашан да қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығын анықтайтын фактор болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы жерлерін нарық айналымына енгізу. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануымен және дамуымен тікелей байланысты. Ауылшаруашылық жерлердің құнарлығын арттыру, ұтымды пайдалану ішкі шаруашылық жерге ауыспалы егіс түрлері негізінде орындалады [1].
Мақалада бүгінгі күні кең тараған агроқұрылым түрі – жерді пайдаланудың ішкі шаруашылық жерге ауыспалы егіс түрлерін орналастыру болып келеді. Ауылшаруашылығы жерін территориялық ұйымдастыру барысында ауыспалы егіс түрлерін таңдау және оны ұйымдастыру жұмыстары жасалған.
Ішкі шаруашылық ауыспалы егіс түрлерінің негізгі ерекшелігі - ауылшаруашылық кәсіпорындарын өндірістік-территориялық ұйымдастыру - адамдардың еңбегін, ауыл шаруашылық техникаларын тиімді пайдалану, топырақ құнарлығын қорғау және жақсарту, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту іс әрекеттері бір-бірімен байланыста, кешенді орындалады.
Ауылшаруашылық дақылдарын және парды агротехникалық дұрыс кезектестіру өсімдіктердің өнімділіктерін, топырақтың құнарлылығын көтереді, танаптарда арам шөптердің және әртүрлі аурулардың дамуын тоқтатады.
Ауыспалы егістіктердің жүйелерін жобалау, олардың типін, түрін, санын анықтау, егістік массивінің мөлшерін, территорияда орналасуын, егістік пен пардың кезектесу схемасын белгілеу.
Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.
Ауыл шаруашылығы саласында ауылшаруашылық алаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің үйымдастырылуы территорияның негізі қалыптастырылады.
Ауыл шаруашылығы саласына сәйкес негізгі міндеттері келесі жіктеулермен айқындалады:
Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму
жағдайларын жасау;
жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыру;
топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны
сақтау және жақсарту, тұрақты агроландшафттарды жасау;
жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптастыру
және дамыту.
Әрбір келесі егілетін дақыл бұрынғы егілген дақылдың топырақта қалдырып кеткен қолайлы химиялық заттарын пайдалана алуы керек. Танапта бірнеше жылдың ішінде егілетін өсімдіктердің бірінен соң бірінің ауысу ретін агрономиялық талапқа сәйкестендіреді. Сонымен, белгілі бір танапта егілетін өсімдіктердің түрлерінің жыл сайын өзгеріп отыруын, ауыспалы егіс деп атайды.
Ауыспалы егіс үнемі жоғары түсім алу, топырақтың құнарлығын сақтау және жақсартып отыру мақсатында колданылады. Ол егін шаруашылығы жүйесінің арқауы болып есептеледі. Ауыспалы егістің түріне сәйкес барлық ұйымдастырулық-экономикалық шаралар белгіленеді. Сондықтан, ауыспалы егіс жерді, өндіріс құралдарын, адам күшін ұтымды пайдалану, яғни осы саладағы өндірістің тиімділігін арттыру үшін аса қажетті жағдай болып есептеледі.
Ауыспалы егістің үш түрі болады: алқаптық, мал азықтық және арнайы.
Осы аталған ауыспалы егістің үш типінің әрқайсысы өзінің құрамындағы дақылдардың үлестеріне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты жаңадан құрылып, жұмыс істеп жатқан ауыл шаруашылығы бөлімшелері және шағын кәсіпорындар да осы звенолар сияқты ауыспалы егістің белгілі бір дақылдарын өсіруге бейімделуіне болады. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, егін шаруашылығымен шұғылданған кәсіпорындар ауыспалы егістің ұсақ түрлерін қолдана алады.
Мал азықтық ауыспалы егістің орналасуына және құрамына байланысты келесі түрлері болады: ферма және лагерь қасындағы және шабындықты- жайылымды.
Шаруашылықта ауыспалы егістің бірнеше түрі қолданылады. Ауыспалы егісті жобалауда шаруашылықтың келешекте даму жолы, алдындағы міндеттері есепке алынады. Сонымен қатар егістіктің ең тиімді түрін және құрамын жоспарлау қажет. Бұл өте жауапты және күрделі мәселе. Оны қателеспей шешу үшін әрбір аймақтарға арналған егін шаруашылығы жүйесін жүргізу ұсыныстарын қолданулары қажет.
Егістің құрамына қойылатын негізгі талап – әрбір гектардан мүмкіндігінше аз шығыннан көп түсім алу. Сондықтан ауыспалы егісті жобалағанда тек дақылдың түрі мен көлемін ғана ескеріп қоймай, ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін қолдану, шығымдылығы артық сорттарды пайдалану, қолданылатын барлық технологияны жетілдіріп отыруды ойластырған жөн.
Егістің құрамының және ауыспалы егістің пайдалылығын анықтайтын маңызды тәсілдің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарын экономикалық тұрғыдан бағалау. Экономикалық бағалауда келесі көрсеткіштер қолданылады: 1 гектар егістен алынған түсім және оның құны, еңбек өнімділігі, 1 ц өнімнің өзіндік құны, 1 гектар егістен алынған таза табыс және тиімділік денгейі.
Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау топырақтың құнарлылығын сақтау және жақсарту үшін жасалады. Ауылшаруашылық дақылдарын және парды агротехникалық дұрыс кезектестіру өсімдіктердің өнімділіктерін топырақтың құнарлылығын көтереді, танаптарда арам шөптердің және әртүрлі аурулардың дамуын тоқтатады. Ауыспалы егістер игерілген шаруашылықтарда астық егістерінің өнімділігі 3-4 ц/га биік, ал ауа райы ыңғайсыз жағдайларда одан да жоғары болады.
Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау дегеніміз олардың жобалау жұмыстары жүргізілетін шаруашылыққа сәйкес типтік, түрін, санын анықтау, егістік массивінің мөлшерін, территорияда орналасуын, егістік пен пардың кезектесу схемасын белгілеу.
Ауыспалы егіс жүйелері мына талаптарға сай болуы керек:
а) жалпы және тауарлық өнімдердің мөлшерін, нарықтың сұранысын қамтамасыз етуі;
б) әр жер бөлімшелерінің табиғи қасиеттеріне байланысты пайдалануы, ал онда өсірілетін ауылшаруашылық өсімдіктерінің, олардың биологиялық ерекшеліктеріне және экологиялық төзімділіктеріне сәйкес таңдалып алынуы;
в) эрозияға қарсы күресуді және топырақ құнарлылығын әрқашан орнына келтіруді, жоғарылатуды;
г) еңбек ресурсын, ауылшаруашылық техникасын, транспортты және басқа механизмдерді толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді.
Ауыспалы егіс типін және түрін таңдау мына көрсеткіштерге байланысты болады:
1. шаруашылықтың мамандығына;
2. мал басының бір жерде шоғырлану тығыздығына;
4. ауылшаруашылық алқаптарының құрамына және сапасына;
5. шаруашылық орталықтарының орналасуына;
6. эрозияға шалынған жерлердің бар болуына және оның эрозиялық қауіптілігінің дәрежесіне;
7. нарық талаптарына.
Шаруалық бөлемшелердің егістікті игеруде бірігіп техниканы пайдалану, өнімдерді өңдеу, маркетинг жүргізу үшін кооперативтерге бірігулері тиімді болады.
Ауыспалы егіс игерілген шаруашылықтарда дәнді дақылды егістіктердің өнімділігі 3-4 ц-га жоғары болады, ал ауа-райы қолайлы жағдайда одан да жоғары болады.
Ауыспалы егістіктердің жүйелерін жоблау дегеніміз олардың типін, түрін, санын анықтау, егістік массивінің мөлшерін, территорияда орналасуын, егістік пен парын кезектесу схемасын белгілеу.
Ауыспалы егістіктер типтері: алқаптық, мал азықтың, арнайы болып бөлінеді.
Алқаптық ауыспалы егістіктер келесі түрлерге бөлінеді: парлы-астықтық, парлы-астықты-пропашные.
Мал азықтың ауыспалы егістік: ферма қасындағы, лагерь қасындағы шабындық-жайылым ауыспалы егістігі болып бөлінеді.
Арнайы ауыспалы егіс күтімі жоғары, өзгеше, өсіру жолдары ерекше өсімдіктер үшін ұйымдастырылады. Мысалы: темекі, көкөністер, дәрі-дәрмектік өсімдіктер үшін қолданылады.
Алқаптық және мал азықтың ауыспалы егістік топырақ қорғаушы болуы мүмкін. Олардың ерекшеліктері: көпжылдық шөп көп болады, көпжылдық шөп бір жылдық шөппен жолақталынып егіледі және басқа эрозияға қарсы шаралар қолданылады. Мал азықтық ауыспалы егіс топырақ қорғаушы болғанда ол шабындық – жайылым ауыспалы егісі болады.
Ауыспалы егістіктің түрі типтік ауыспалы егістіктерден шаруашылықтың орналасқан аймағына байланысты таңдалып алынады.
Ауыспалы егістіктің массивтері топырақ бонитировкалау баллына байланысты біріңғай болулары керек. Ауыспалы егістіктің массивтері компактілі, ыңғайына қарай ұзындығы ықшам, табиғи жағдайы біркелкі болуы керек. Ауыспалы егістіктің құрамына кіретін дақылдардың өсуіне жарамды болуы керек. Ауыспалы егіс массиві біртұтас немесе бірнеше жақын, ыңғайлы орналасқан жер бөліктерінде орналасуы мүмкін. Кейде үлкен бір жер массивінің бөлігі ретінде орналасады, шекаралары ирелектенбей, танаптарға бөлуге ыңғайлы болуы керек.
Мал азықтық ауыспалы егістер неғұрлым малдың тұратын жеріне жақын болса транспорттық шығын азайды, сондықтан олар ферма қасындағы, лагерь қасындағы және шабындық-жайылымдық болып бөлінеді. Фермалық бөлімшелердің қасындағы ауыспалы егістер көбінесе қыстық азықтыққа ауылшаруашылық өсімдіктері отырғызылады.
Лагерь қасындағы жаздық жасыл шөпті өсіру үшін. Шабындықтық-жайылымдық – шөп өсіруге ұйымдастырылады.
Арнайы ауыспалы егістерде топыраққа рельефке, су режиміне жоғары талап және өсіру технологиясы қиын, ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі мысалы көкөніс, темекі, дәрі-дәрмектік өсімдіктері көкөніс елді мекенге жақын отырғызылады.
Алқаптық ауыспалы егістерді жобалауға мына факторлар әсер етеді: топырақ жағдайы, елді мекендердің орналасуы жыртылған жер массивінің мөлшері, дақылдардың түрлері, шаруашылық кішкентай болса 1 ауыспалы егіс ұйымдастырған жөн. Ал үлкен массивтердің топырағы біркелкі болмаса, бірнеше ауыспалы егіс орналастырылады. Егер ж/ж массиві созылған ұзын, ал елді мекен бір шетінде орналаса, бұндай жерде 2 ауыспалы егіс, біріншіліінде – еңбекті көп талғайтып ауыспалы егіс, ал екіншісінде бидай немесе басқа өсімдіктер.
Ауыспалы егістерге кірмейтін учаскелер. Бұл учаскелерде дақылдар уақыт бойынша ғана кезектеседі немесе дақылдың бір-ақ түрі жыл сайын отырғызылады. Мысалы: мал фермасына жақын жерлерде жүгері, шөп өсіру; жайылым немесе басқа массивтерде орналасқан, топырақ жағдайымен немесе басқа көрсеткіштерімен өзгеше, кішкене егістік алқаптарында ауыспалы егіске кірмейтін егіс егу.
Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру келесі талаптарға сәйкес болулары керек:
1) топырақтың сапасын әрдайым жоғарылатуға, эрозиялық апаттан сақтауға, эрозия қалдығын жоюға жағдай жасау, дифференциалды агротехника қарастыру;
2) техниканы және техника құралдарын тиімді пайдалануға және далалық жұмыстарды ұйымдастыруға оптимальды территориялық жағдай жасау;
3) ауыспалы егіс айналымының әр жылында негізгі дақыл бойынша жалпы өнімнің мөлшерінің бір қалыпта болуын қамтамасыз ету;
4) ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыруға байланысты капиталдық (бір уақыттық) және әр жылдық шығындардың мөлшерінің неғұрлым аз болуын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |