Факультатив курсы: Математика 6 сынып Тақырыбы: «Математика және логика».
Түсінік хат. Математика ғылымдарының әр саласында өте кең тараған пән. Сондықтан да ғажайыптар мен құпияларға толы. Қызықты математика есептерін күнделікті өмірмен байланыстыра білу керек. Бұл курс мектеп бағдарламасының мазмұнын қайталамай , есептеу тәсілдері туралы қосымша білім береді.
Бағдарлама оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыруда материалды жоғары дәрежеде меңгеруді көздейді. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.