Автоформа: бір бағаналық, Автоформа: таспалы, Автоформа: кестелік



Дата07.02.2022
өлшемі17,85 Kb.
#91865
Байланысты:
RYSMENDI AISHAT


1.Форма – мәлiметтер енгiзу үшiн қолданылады. Әрбiр формаға енгiзу үшiн, кесте өрiсiндегi мәлiметтердi бейнелеу үшiн немесе өзгерту үшiн қолданылатын басқару элементтерiн орналастыруға болады.
2.Форма шебері режимінің бірінші қадамда форма негізін құрайтын кестені және сол кестенің қажет өрістерін таңдау керек батырмасын басу арқылы белгіленген өрісті, ал >> батырмасын басу арқылы барлық өрістерді жаңа формаға енгіземіз. < және << батырмалары кері қызмет атқарады, сәйкесінше белгіленген өрісті және барлық өрістерді жаңа формадан алып тастайды.

Форма шебері режимінің екінші қадамында формадағы мәліметтердің орналасу түрін таңдаймыз: бір бағанаға – өрістер тігінен орналасып, жазбаның бір ғана түрі шығады; таспалық – өрістер бір жолға орналасып жазбалар толығымен шығады; кестелік – өрістер бір жолға орналасып жазбалар толығымен шығады; тураланған – өрістер бір немесе бірнеше жолдарға орналасып, жазбанаң біреуі ғана шығады.


Автоформа: бір бағаналық, Автоформа: таспалы, Автоформа: кестелік режимі көркемдеу стилі алдын-ала айқындалған барлық өрістерді кіргізетін формаларды жасайды. Экранда мәліметтермен толықтырылған форма шығады.


Конструктор режимі форма жасауға ғана емес, бар форма мәтінін өңдеуге мүмкіндік береді. Конструктор режиміне форманы өңдеуге арналған келесі тараулар бар:
форма тақырыбы – форманың басында орналасады;
жоғарғы колонтитул – форманың жоғарғы бөлігінде, мұнда жалпы тақырыпты, графалар тақырыбын, мерзімді орналастыруға болады;
мәліметтер аймағы – кестенің немесе сұраныстың жазбалары, қайталанбайтын өрістерді мәндері орналасады.
төменгі колонтитул – форманың төменгі бөлігінде шығады.
формадағы ескертпе– форманың соңында шығады.
Бұл тарауларды қосу немесе алып тастау үшін Түр – Колонтитулдар (Вид – Колонтитулы) және Түр – Тақырып – Форматың ескертпесі (Вид – Зоголовок – Примечание формы) командаларын орындау керек. Форманы Ашу батырмасы көмегімен қараған кезде “Жоғарғы колонтитул” және “Төменгі колонтитул” тараулары көрінбейді. Әр формаға ат беріледі. Access автоматты түрде форма аты ретінде форма макетінің “Қолтаңба” (Подпись) қасиетіде жазылған мәтін пайдаланады. Егерде бұл “Қолтаңба” қасиетінде ат берілмеген болса, онда оның орнына форма аты пайдаланылады. Формада бастапқыда, әдетте, тек мәліметтер аймағы ғана көрінеді.
Форма аймағы әр түрлі графикалық объекттермен: өрістермен, жазбалармен, енгізілетін объектілермен толтырылады. Элементтерді басқарудың негізгі түрлері өріс, тізімі бар өріс және тізім болып табылады. Формада әр түрлі мақсаттар үшін басқару батырмалары жасалады, мысалға, кестеде басқа жазбаға көшу, жазбалармен жұмыс жасау (қосу, көшірме алу, қалпына келтіру, кетіру, сақтау), формалармен жұмыс жасау үшін (ашу, жабу, сүзгіден өткізу, жаңарту). Кесте негізінде жасалған әрбір формаға автоматты түрде жазба бойынша (бірінші жазба, алдыңғы жазба, келесі жазба, жаңа жазба) қозғалуға арналған батырмалар енгізіледі. Бұл батырмалар форманың төменгі бөлігінде орналасады. Конструктор режимінде батырмалар көрінбейді, тек форманы Ашу режимінде қараған кезде көрінеді. Форманы мәтінді өңдеу техникасын пайдалана отырып, форма өрістерінің орындарын, қасиеттерін, қарібін және өлшемін, өріс қолтаңбасын (подпись), форма тақырыбындағы мәтінді т.б ауыстыруға болады.
Форманы жасау кезінде қажетті іс-әрекеттер жасау үшін Конструктордың аспаптар тақтасын қолданамыз. Оны қосу Түр – Аспаптар тақтасы (Вид – Панель инструментов) командасы арқылы жүзеге асады. Онда Формалар конструкторы (Конструктор форм) тізімін таңдап, Баптау (Настройка) батырмасын басу керек.

Көпкестелік форма құрудың екінші жолын қарастырайық: мұнда басты кесте «Завод», ал бағынышты кесте «Авто» болсын. Форма шебері (Мастер форм) арқылы «Авто6» формасын құраймыз «КодАвто», «Номер», «Марка», «Стоимость», «Мощность», «КодЗавода» өрістерін енгіземіз. Конструктор режимінде редакциялап алып, «Макет» парақшасында қасиеттерді Қаріп (Шрифт) – Arial Cyr, Қаріп мөлшері (Размер шрифта) – 10, Қоюлығы (Насыщенность)


қалыңдатылған деп аламыз, ал өрістер үшін Қаріп (Шрифт) – MS Sans Serif, Қаріп мөлшері (Размер шрифта) – 10, Қоюлығы (Насыщенность) – қарайтылған. Өрістердегі мәтін түсін жанама меню көмегімен қара етіп тағайындаймыз. Форманың тақырып аймағына “Информация о заводах” мәтінін орналастырамыз. Тақырып үшін жанама меню арқылы фон түсін, Қаріп мөлшерін (Размер шрифта) – 14, Қоюлығын (Насыщенность)– қарайтылған, Туралау (Выравнивание) – ортаға етіп тағайындаймыз. Осы тәсілмен жасалған “Авто6” формасы көру режимінде берілген. Бұл форма ”Завод1” негізгі формасындағы ФормаАвто батырмасына басқанда пайда болады.

Формада өріс жасау үшін Өріс, Тізімі бар өріс және Тізім сияқты элементтер тақтасының батырмаларын пайдаланамыз. “Зауыт” кестесі үшін Конструктор режимінде форманы жобалау мысалымен өрістерді қалай құру керек екендігін қарастырайық. Форманың бастапқы түрі 35-суретте көрсетілген.


Түр – Колонтитулдар (Вид – Колонтитулы) командасын орындап жоғарғы және төменгі колонтитулдарды формаға енгізейік. Жоғарғы колонтитулдың фон түсін жанама менюдің Бояу – фон түсі командалары арқылы өзгертеміз. Жоғарғы колонтитулға “Зауыттар жөнінде мағлұмат” деген мәтінді орналастырамыз. Осы әдіспен мәліметтер аймағының фоны түсін өзгертеміз. Мәліметтер аймағына жазбаның (надпись) көмегімен “Зауыт аты” мәтінін орналастырып, Қаріп өлшемі қасиетін 10-ға тең етіп тағайындаймыз. Бұдан кейін Өріс батырмасын шертіп, “Зауыт аты” деген өрісті жазба түсына орналастырамыз. “Мәліметтер” парақшасында Мәліметтер өрісі қасиеті үшін тізімнен керекті өріс атын таңдаймыз. Содан соң “Барлығы” парақшасында Қаріп өлшемі қасиетін 10-ға тең етіп орнатамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет