Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау



Дата11.04.2020
өлшемі15,58 Kb.
#62237
Байланысты:
Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.
2 дербес компьютердің құрылғылары
Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.
АЖО индивидуальді, толық және ұжымдық болады. ЭЕМ жүйесінің нәтижелі қызмет етуі үшін толық және ұжымдық АЖО-ларға қолданылатын мамандарға (ұжымға) АЖО жұмысын ұйымдастыруға талапты қатаңдату керек және бұндай жүйедегі әкімшіліктендіру функцияларын нақты анықтау керек. «Адам-машина» болып табылатын АЖО жүйесі ашық, икемді, тұрақты даму мен жетілдіруге икемдену керек. Ондай жүйеде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:

  • Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы;

  • Диалогты режимде жұмыс істеуі;

  • Эргономика талаптарына сәйкес АЖО-ның қамсыздануы;

  • Компьютердің жоғарғы өнімділігі;

  • Күрделі процесстерді максималды автоматтандыру;

  • Мамандардың шығармашылық белсенділігін ынталандыратын еңбек талаптарының моральді қанағаттануы;

  • Мамандардың өз бетінше оқу мүмкіндігі.

АЖО-да шешілетін мәселелерді мәліметті және есептегіш деп бөлуге болады. Мәліметтік мәселелерге кодтау, сұрыпталу, жинау, құрылымдық ұйым, дұрыстау, сақтау, іздеу және мәліметті беру.Көп жағдайларда мәліметтік мәселелерде арифметикалық және мәтіндік сипат пен қатынастың оңай есепті және логикалық процедуралары болады. Олар негізінен күрделі болады және маман жұмыс уақытының үлкен бөлігін алады.

Есептегіш мәселелерді қалаптастырылатын және қалыптаспайтын болып екіге ажыратылады. Қалыптастырылатын мәселелер формальдік алгоритмдер негізінде шешіледі және екі топқа бөлінеді: тікелей есептеу мәселелері және математикалық үлгі негізіндегі мәселелер. Тікелей есептеу мәселелері қарапайым алгоритм көмегімен шешіледі. Ал күрделі мәселелерге әртүрлі математикалық есептерді пайдалану керек.

Соңғы уақытта толық түрде қалыптастырылмайтын мәселелерді шешу құралдарын жасауға үлкен көңіл бөлінген. Олар семантикалық деп аталады. Бұндай мәселелер экономикалық объектілерді оперативті басқару кезінде және көбінесе толық емес мәлімет шарттарында шешім қабылдау кезінде туындайды. Қамтамасыз етілу жүйелерге біріншіден мыналарды жатқызады: техникалық, мәліметтік, программалық және ұйымдастырушылық. Сонымен қатар кіші жүйе түрлері де бар.

Техникалық қамтамасыздық, маманның делдалдарсыз жұмысын (программисттер, операторлар және т.б) көздейтін маманданған персоналды компьютер негіз болатын техникалық құралдар қасиетін бейнелейді. Толық АЖО-ларда оңай компьютерлермен 4-6 адам пайдалана алады. Маманданған персоналды компьютер кешеніне процессор, дисплей, пернелік тақта, мәліметтің магниттік жинағыштары, басып шығару құрылғылары және графо құрылғыштар кіреді.

Техникалық құралдар кешеніне жүйедегі әртүрлі АЖО байланысы үшін коммуникация құралдарын және телефон байланысының құралдарын жатқызады.

Мәліметтік қамсыздандыру – бұл локальді мәліметтер қорында сақталатын мәліметтер массиві. Мәліметтер, негізінен магниттік жадыларда ұйымдастырылады және сақталады. Онымен басқару мәлімет қорын басқарудың бағдарламалық жүйесімен жүзеге асырылады. Ол мәліметті жазады, мәліметтік мәселелерді іздейді, есептейді, реттейді және шешімін табады. АЖО-да бірнеше мәліметтер қоры бола алады.

Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру АЖО-ның қызмет ету, жетілдіру және дамуын ұйымдастыратын, сондай-ақ кадрлар мамандығын даярлау және көтеру тәсілдері мен амалдары болады. Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру АЖО пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтаумен құжаттық рәсімдеуді көздейді. Бағдарламамен қамтамасыздандыру жүйелік бағдарламалық және қолданбалы түрде болады. Жүйелік қамтамасыздық негізі операциялық жүйе мен программалау жүйесі болып табылады, мысалы, Бейсик алгоритмдік тіл. Жүйелік бағдарламалар мәліметтің рационалды технологиялық өңдеуін көздейді. Сервистік бағдарламалар деп аталатындар (олармен АЖО олардың қажеттілігіне байланысты біріктіріледі) операциялық жүйе мүмкіндіктерін кеңейтеді.АЖО жүйелерінде мәліметтік бкйланысты және АЖО-ның әртүрлі каналдар бойынша байланысып, қамтамасыз ету үшін жүйелік программалауға жатқызуға болатын бағдарламалық құралдарды жатқызуға болады.

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздануды пайдаланушы бағдарламамен әртүрлі мақсаттағы қолданбалы бағдарламалар пакеті құрайды. Пайдаланушылардың стандартты бағдарламалары алгоритмдік тілдегі (көбіне Бейсик) арнайы мәселелердің бағдарламалық шешімдерін белгілейді.



ҚБП (қолданбалы бағдарламалар пакеті) үлгі ұстанымы бойынша жасалған және арнайы мәселе класының шешімдеріне бағытталған. ҚБП мәселесін бағдарламалық қамтамасыздың негізгі түрі болып табылады. Олар алгоритмді қалыптастырады, осы класстарға мәселелерді шешу талаптарын өзгертеді, шешімді бақылайды, алгоритмге өзгертулерді енгізеді және т.б. АЖО-да жұмыс істегенде ҚБП-нің диалогтық режимінде жасалады.

ҚБП-нің мысалдары: есептік операцияларды орындайтын әртүрлі құжатты қалыптастыруға арналған ҚБП, жоспарды қолайлы етуші ҚБП, боланстық шешімдер ҚБП болып табылады. АЖО-ны жасайтын ҚБП-ға өзгеше көңіл бөледі, олар әртүрлі мақсатта бола алады: кестені өңдейтін, мәліметтер массивін жүргізу, мәліметтер қорын жүргізу, құжаттық анықтамалар. Графикалық мәліметпен жұмыс істейтін пакеттер анық, және компактты күйде объектіге тән жағдайды, процессті көрсетеді және жорамалық талдау нәтижелерін бейнелеп береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет