14-дәріс. Дәріс тақырыбы: Объектіге бағытталған программалаудың негіздері. Жоспары



Дата11.12.2021
өлшемі16,31 Kb.
#99313
түріПрограмма
Байланысты:
Лекция-1600241939830


14-дәріс.
Дәріс тақырыбы: Объектіге бағытталған программалаудың негіздері.
Жоспары:

    1. Мектепте объектіге бағытталған программалаудың негіздерін оқыту

    2. Объектілі-бағытты прогаммалау(ОБП)


Дәріс мәтіні:

Delphі ортасы объектіге-бағытталған программалау ортасы болып табылады. Программалау тілі ретінде Object Pascal тілі пайдаланылады. Ол объектіге-бағытталған программалаудың концепсиясын жүзеге асырады. Яғни, құрылылатын қосымшалар бір-бірімен өзара әрекетте болатын объектілерден тұруы керек. Әрбір объектінің өз қасиеттері, яғни сипаттамасы, оның әрекетін білдіретін әдістері және ол әсер ететін оқиғалардан тұрады. Объектіге-бағытталған программалау келесі кластар терминінде программалауға мүмкіндік береді. Олар:



    • Кластарды анықтау;

    • Бар кластар негізінде жаңа, туынды кластар конструкциялау;

    • Осы класта жататын объектілер құру.

Object Pascal тілінде кластар арнайы мәліметтер типтері болып табылады және объектіні үшін пайдаланылады. Қандайда бір кластың типінен тұратын объект осы кластың данасы немесе айнымалысы болып табылады.

Класс дегеніміз өріс, қасиет және әдіс сияқты элементтерден тұратын жазбаның ерекше типі.

Object Pascal-да кластар деп өрістер, әдістер және қасиеттерді қамтитын арнайы типтерді айтады. Басқа тип сияқты класс объект деп аталатын нақты экземплярды құру үшін тек үлгі болып қызмет етеді. Класс объектінің қасиеттерін және оның әдістерін сипаттайды. Объектіні құру кезінде ол өз класының құрылымын (яғни, айнымалыны) және күйін (әдісін) меңгеретін болады.

Өз кезегінде туынды, ұрпақ немесе ішкі кластар, сонымен қатар, басқа ата кластардың негізінде құрылуы мүмкін. Сәйкесінше, оның құрылымы мен күйн меңгереді.

Кез келген компонент немесе объект әр кезде класс экземпляры болып табылады. Программалық түрде объекті объектілі типті айнымалыны білдіреді. Delphі-дің әрбір компоненті үшін Т компонент класынан шығатын өз класы болады. Барлық объектілердің ата классы (компонеттермен қоса) TObject классы болып табылады.



Объектілі-бағытты прогаммалау(ОБП)

Программаны абстракциялаудың келесі қадамы - мәліметтерді құрылымдауға, топтастыруға мүмкіндік беретін өзіндік мәліметтер типін сипаттау. ­Өзіндік мәліметтер типімен жұмыс жасау үшін арнайы функциялар қажет.



ОБП –ның ең маңызды ұғымдарының бірі - класс ұғымы. Класс қолданушы анықтайтын мәліметтердің ерешше түрі. Класс тек құрылымды(жазбаны) және айнымалылардың өлшемін ғана сипаттамайды, сонымен қатар оған мәліметтермен жасалатын амалдар да кіреді. Класс идеясы ОБП-ның негізі болып саналады. Программада объектілер қашанда қандайда бір кластың данасы болады. Объектілер өзара хабарлама беру және қабылдау арқылы әрекеттеседі. Хабарлама – қажетті параметрлерден тұратын, амалдарды орындауға арналған сұраныс. Хабарлама механизімін жүзеге асыру сәйкес функцияларды шақыру арқылы жасалады. Сөйтіп ОБП-ныңкөмегімен «оқиғалық басқару моделі» жеңіл іске асырылады.

ОБП-ның негізгі прициптеріне: инкапсуляция(қоршалу), наследование(туындау) және полиморфизм(қабылдау) жатады.

Инкапсуляция(қоршалу) дегеніміз мәліметтерді және оларды өңдеу функцияларының бір класс ішінде жинақтылып, біріктірілуі.

Наследование(туындау-қабылдау)ұрпақ өзінің тегінің барлық қасиеттерін қабылдап, оларды өзгерду және жаңа қасиеттер қосу арқылы класстар тармағын құру мүмкіндігі. Қабылданған қасиеттер қайта сипатталмайтын болғандықтан, программаның ықшамды болуына көмегін тигізеді. Аталық классты –сыртқы немесе жоғарғы, ал ұрпақтық классты - ішкі немесе төменгі класстар деп те атайды.

Полиморфизм(қабылдау) - белгілі-бір әрекеттердің бір атпен аталып, сонан соң бүкіл класстар тармағында жоғарыдан төмен бірге пайдалануы, брақта тамақтың әр классы ол әрекетті өзіне тән әдіспен орындайды.
Бақылау сұрақтары:

  1. Мектепте объектіге бағытталған программалаудың негіздерін оқыту

  2. Объектілі-бағытты прогаммалау(ОБП)


Әдебиеттер тізімі:

  1. Хамзина А. Бастауыш сыныпта информатиканы енгізудің қажеттілігі /А. Хамзина, Г. Молдағалиева, Г. Қабдисалиева // Информатика негіздері. - №5 2012

  2. Ибашова Ә. Информатиканы бастауыш мектептен бастап оқыту /Ә. Ибашова, Ж. Қадырбаева // Информатика негіздері. - №5 2013

  3. Хамзина А. О. Информатиканы оқыту ерекшеліктері. /А. Хамзина. // Бастауыш мектеп. - №2 2010

  4. Балафанов Е.К., Кабулова Г.С. и др. Основы информационной культуры. Методическое руководство для 1-4 классов. ТОО «Аруна LTD», 2009

  5. Ермеков Н.Т., Ногайбаланов С.Ж. Информатика. Учебники для 2-4 класса 12-летней школы, Алматы «Алматыкитап»2012.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет