«Аяулы күз, Алтын күз» 1 жүргізуші



Дата17.06.2018
өлшемі20,93 Kb.
#42947
«Аяулы күз, Алтын күз»

1 – жүргізуші: Мінеки табиғат ерекше айналып , айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.


Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Айгүл
Бұл қай кезде болады?
2 - жүргізуші
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс
Күзде ғана болады.
1 - жүргізуші : Армысыздар Қымбатты да қадірлі ханзадалар мен ханшайымдар!
2 – жүргізуші: Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі жас оқушылар. Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
1 – жүргізуші: Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

2 – жүргізуші: Бүгінгі өткізгелі отырған кешіміздің бет - пердесін ашып, үміткерлерге сәт – сапар тілеу үшін сөз Мектебіміздің директоры Хасенова Муслима Касымовнаға беріледі.

1 – жүргізуші: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан -дей сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасы сайлап алайық?

2 - жүргізуші : Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты сайысқа қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық. Қарсы алыңыздар: Балымыздың үміткер ханзадасы мен ханшайымдары!
1 - жұп. 5-6 сынып 
2 - жұп. 7-8 сынып 
3 - жұп. 9- сынып 
1- жүргізуші : Аяулы күз, Алтын күз - 2015 байқауының үміткерлеріне ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.!
1 – жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
Бағдарламамыз 7 кезеңнен тұрады
1. кезең Таныстыру /5-10минут /.

2. кезең Аппликация / Күзгі табиғатқа байланысты/

3. кезең Пародия /10- минут/

4. кезең Парасатты арулар мен білімді жастар /сұрақ - жауап/ 3 минут/.

5.кезең Талғамы биік ханзада. Болашақ ханшайымын өз фантазиясы бойынша безендіру

6.кезең Сән үлгісі.

7. кезең Таң қалдыру сәті. /Қолдан жасалған бұйымдар/

2 - жүргізуші
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердік
1 - жүргізуші
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Хар хандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.- деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.
Ендігі 2 – кезең үй тапсырмасы Күзгі табиғат тақырыбына байланысты аппликация жасау Ортаға аппликацияларын таныстыру үшін сыныптарды шақырамыз.

2-жүргізуші : Гүлнар мұғалімі жаны ашып қолдап отырған жанкүйерлердің арасынан бір ойын ұйымдастырсақ қалай қарайсың?
1 - жүргізуші : Дұрыс айтасың Айгүл өткізсек өткізейік!

1-ойын «Мәдениет»
Шарты: ортаға әр сыныптың ханзада жағынан бір-бір ер бала шыққын әр оқушы әділқазылар алдындағы конверттегі тапсырмаларды ыммен (мимикамен) көрермендерге айтып жеткізуі керек. Тапсырмаға берілген сөйлемдер: 1.Кешке мейрамханаға келіңізші. 2.Ертең сабақ болмайды екен. 3.Мен сіздің суретіңізді салғым келеді.

2 - жүргізуші
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашан да нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. дей келе 3 - кезеңіміз Пародияға кезек берсек.
1 - жүргізуші : өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.
Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.
2 - жүргізуші
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен үміткерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар
Ендеше ханшайымдардың білімдерін байқайық. 4 - кезең Парасатты арулар мен білімді жастар (сұрақ - жауап) әр жауапқа 2 бал
№1. билет
1. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз? (Бидай, картоп, сәбіз, пияз)

2. Қант қандай өсімдіктен алынады? (қызылша)
3. Ең ірі жеміс?( асқабақ)

2. Билет
1. Көп ағаш өскен жерді қалай атайды?( орман)
2. қазан айы нешінші ай болып келеді? (10)

3. Қазақтың ұлттық киімдерін ата? (сәукеле ,тақия,қамзол,шапан,мәсі кимешек)



3 Билет

1. Жыл санауына кірген құс? (Тауық)

2. Сый-құрмет ретінде сыйланатын өсімдік?( гүл)



3. Қазан айын 3 тілде айтып бер? (қазан октябрь October)

1– жүргізуші: Еді міне ханзадаларды сынайтын кезде келіп жетті. «Талғамы биік ханзада»- деп аталатын 5 - кезеңде әрбір ханзада біріншіден ханшайымдарын өз қалаулары бойынша сәндеу арқылы өздерінің ұқыптылығнын көрсетуі шарт. Ортаға жұптарымызды шақырамыз
2 - жүргізуші : Айгүл өздерінің сыныптастары үшін жаны ашып қолдап отырған жанкүйерлердің арасынан бір ойын ұйымдастырсақ қалай қарайсың?
1 - жүргізуші Дұрыс айтасың, Гүлнар мұғалімі жүректері лүпілдеп соғып, кім жеңеді, кім қалады деген сан қилы сұрақта мазалап отырған көрермендерді бір сергітсек артық етпес.
2 - жүргізуші: Ендеше Ортаға әр сыныптан арулар жағынан бір - бір қыздан ортаға шақырамыз 2. Ойынның атауы «Намыс дода».
Шарты мынадай: Мінекей үш орындықты ортаға қойдық. Бұл жерде сендердің шапшаңдықтарыңызбен тапқырлықтарыңызды сынаймыз. Мен сіздерге осы залда бар бір заттың атауын айтам, сіздер сол затты тауып алып келіп, көрермендерден айналып мына жерге келіп мак ойынын ойнап барып орындыққа отырасыздар. Кім соңғы келеді сол ойыннан шығады. Ескерту өз қолдарыңызда бар заттарды алуға болмайды. Дайындалайық.
1. Етік.
2. Сақина.
3. Қарбыз
4. Адам

5.Резинка
1 – жүргізуші : Бәрекелді жарайсыңдар. Қатысқандарыңыз үшін рахмет.
2 – жүргізуші: Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған. Ендігі 6-кезең сән үлгісін тамашалаңыздар!
1 – жүргізуші: Ханзадамен Ханшайым ойыны:

 3 «Сиамдық егіздер»
Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы байланады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы бос оқушы қолына қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті қиып шығуы керек.

2 - жүргізуші Құрметті көрерменде енді соңғы кезеңімізге де келіп жеттік 7 - кезең яғни Таң қалдыру сәті. Бұл кезеңнің шарты бойынша ар сынып өздерінің істеген ісімен немесе басқа да тәсілдер арқылы залда отырған сіздерді таң қалдыру керек .Ендеше сайыскерлерімізге кезекті берейік.
1 - жүргізуші Сонымен, Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза,. адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойын сіңірген. арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайық жігіттерімізбен ………
2 - жүргізуші Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшайымға лайықты, ақылды да, парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге де келіп жеттік.
1 - жүргізуші
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
2 - жүргізуші
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстар бар … дей отырып, «Аяулы күз, алтын күз - 2015» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын шығару үшін кезегімізді әділқазыларға берсек Өнерлінің жүзі жарқын,
Шығара білсе жарыққа дей кел ортаға 9 - сынып оқушысы Еслямова Жадыраны қарсы алыңыздар
Әділқазылар алқасы «Аяулы күз, алтын күз» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды.
1 - жүргізуші : Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.
2 - жүргізуші
Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет