Наурыз құт-береке бастауы! Мақсаты



Дата31.01.2018
өлшемі122,5 Kb.
#37157
Наурыз құт-береке бастауы!


Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының

салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын

насихаттап көрсету. 

Мұғалім: Міне жаңа өмірдің, қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көш басшысы ұлыстың ұлы күні наурызда келіп қалды.
Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы

татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.


Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!-дей отырып сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен

құттықтаймын. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған

 «Наурыз-құт,береке бастауы!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!


Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл болсын!

Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге, Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын!

Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Қазақтың салт - дәстүрі бойынша тойдың бәрі шашумен басталады емес пе! 
Осыдан соң әжеміз «Шашу» шашып, балаларға ақ тілегін білдіреді.

1-2 Жүргізуші бірге:
Наурыз келсе, 
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!, - деп шашу шашады. 

Ән: «Наурыз»
1-Жүргізуші: Дархан - Ал енді балалар «Наурыз» аруымызды қарсы алайық

Айдана Наурыз-қыздың сөзі:
«Наурыз» қызбын.
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге, 
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір-біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым,
Жыл иесі тұлпарды. 

Сулиимоншо Жылқы жылының сөзі: 

Армысыздар, құрметті, оқушылар және мерекенің қонақтары! Мен сіздерді бүгінгі

қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір,

еңбекте жеміс, оқуда озат болуды тілеймін!


Ән: «Тұлпарым»

2-Жүргізуші: Аружан 
Қош келдің жылқы жылы. Біз сені көптен күттік,Келгеніңе өте қуаныштымыз,
Кел, қонағымыз бол, төрлет.
Наурыз мерекесі күні - қасиетті күн.

Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. 

.Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі.

Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білідреді.

Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл-қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ. 
Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін болған.

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын

бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған

бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін. 




Оқушыларымыздың наурызға арналған өлеңдерін тыңдайық.

1-Оқушы: Расима
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.

2- оқушы Дулат

Наурыз тойы салтанат,


Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.

3-Оқушы: Гүлден
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы да жаз жетіп,
 Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!

4-оқушы Дария

Жаңғырар дәстүр салтымның,


Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.

5-Оқушы:Дархан Х
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!


«Ән : «Бір бала» орындалады.

Мұғалім: Наурыз тойының қарсаныңда салт-дәстүрлеріміз жайлы слайдқа

көңіл бөліңіздер деп, слайдты тамашалаймыз.

1-Жүргізуші : Қазақ халқында салт дәстүрлеріміз: бала тәрбиесіне байланысты,

тұрмыс - салт және әлеуметтік - мәдени, салт - дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді. 


Бала тәрбиесіне байланысты әдет - ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен

бері жүргізілетін тәлім - тәрбиелерінен бастап, есейіп, азамат болып кеткенге дейінгі

кезеңі кіреді. 
2-Жүргізуші: Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған көптеген салт-дәстүрлерінің

бірі – шілдехана.


Шілдехана – баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр.

Сондықтан шілдехананы кейде ”шілде күзет” деп те атаған. Қонақтар таң атқанша

домбыра тартып, өлең айтады. Түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырады. Жұмбақ,

жаңылтпаш айтысып, жарысады 


1-Жүргізуші: Бесікке салу Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. 
Жаңа бесікке нәрестені бөлемес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын

орындарына қойып, шашу ретінде алып келген жайлық тәттілері мен ұсақ,

ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп,

қолын тосқап балаға «тыштыма» деп үлестіріп береді.


2-Жүргізуші: Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүр – тұсау кесу.
Тұсау кесу – сәби қаз тұрғанан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Ақ, қарадан есіп жасалған жіп біреудің ала жібін аттамасын деген жақсы ниетті білдіреді.

1-Жүргізуші: Сүндет той
Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7,9 жаста отырғызған. Бұл салт көктем не күз мезгілдерінде атқарылған. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз саналып, балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырған. 
Міне бүгінгі күнге дейін жақсы дәстүріміздің жалғасын тауып келе жатқаны

баршамызды қуантады.



6-Оқушы: Толғанай
Ал, халайық тұрмайық. 
Әндетейік шырқайық. 
Ортамызды ашайық. 
Думандатып би билеп, 
Ән мен күйді төгілдіріп, 
Інжі-маржан шашайық. 
Жиналған жұрт таң қалсын, 
Өнерден күмбез жасайық!

Қазақтың ұлттық биі: «Көкпар»

2-Жүргізуші: Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 март түні даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себепті осы түн — «Қыдыр түні» деп аталады.

Қыдыр — адамдарға дәулет дарытып, бақ кондыратын, ақсақал кейпінде көзге

көрінетін қиял-ғажайып адам. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы — Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
Дана халқымыздың «Батамен ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой.
Қанеки, Қыдыр атадан Наурыз тойының ақ батасын сұрайық. 

(Қыдыр ата бата береді)


Қыдыр ата: Ернұр
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын.
Қайда барсан жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле –жала жерге енсін!

1- Жүргізуші: Қазір сіздерге Наурыз арудың жұмбақтары бар екен,

соны шешіп көріңдер.

Наурыз Ару: 
Кел, балалар ,ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.

а) Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,


Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
( Дастархан)

ә) Төрт бұрышты ,бір ауызды.


( Сандық)

б) Шыр көбелек айланар


Беліне жіп байланар.
( Ұршық)

в) Арқауы бар қос қалта,


Ажыраса алмайды.
Анам қайда жол тартса,
Қанжығадан қалмайды.
( Қоржын)

( Жұмбақтар шешіліп, сыйлықтар беріледі )



8 -Оқушы:
Сәулесі бар Наурызда танғы үміттің,
Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың,
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін Достық пенен Мәнгіліктің

9-Оқушы:
Тышқан, сиыр, барыс, қоян –
Деп орнына дұрыс қоям.
Ұлу, жылан, жылқы, қой да-
Деп, сақтаймын мықтап ойда.
Мешін, тауық, ит пен доңыз –
Дейміз бұны: біткен болды іс!

2-Жүргізуші: -Бізге тазша бала қонаққа келіп қалыпты ғой. Сәлеметсіз бе Тазша бала.
Тазша бала: Сырым  - Ассалаумағалейкум, бұл №22 орта мектеппе?

Жүргізуші: - Иә, Тазша бала,бұл№22 орта мектептің 5 сынып оқушылары, қош келдің!
Тазша бала: - Бұл кісілер осы мектептің ұстаздары мен оқушылары ма? 

Жүргізуші:- Иә,тазша бала дұрыс айтып тұрсын. 

Тазша бала: Бәрекелді ендеше мен осы ауылдың білімдерін сынап көрейін.
Жүргізуші:- Оны қалайша сынамақсың? 

Тазша бала: Менің дорбамда сендерге арналған сұрақтар бар, мен соларды

жасырамын. Кім жауабын тапса, соған берер сыйлығым бар! 



1 сұрақ: Жыл аттарын айтып беріңдер. (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан,

жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.)

2 сұрақ: Сүттен жасалатын тағамдар. ( айран, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік,

май ,кілегей, сүзбе)

3 сұрақ: Ұлттық ойындарды ата. 

(ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)

4 сұрақ: Ет тағамдарын атаңдар. (Жал-жая, қазы-қарта, қуырдақ, мипалау,

сырбаз, шұжық, бешбармақ) 



5сұрақ: Жеті қазынаны ата.(Ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, жүйрік ат.тазы ит,берен мылтық,

6 сұрақ: Ұн тағамдарын ата.( бауырсақ, шелпек, нан, қаттама пәтір, т.б)

7 сұрақ: .Ұлттық саз аспаптарын ата?
(домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, абдыра, сазсырнай)


8 сұрақ: Наурыз көже қалай жасалады? (соғымнан қалған сүр ет,

езілген құрт, бидай, тары, күріш, су,тұз, кеспе)



Тазша бала: - Ой, бұл ауылдың оқушылары сондай білімді екен. Өздері қазақтың

әдет – ғұрпын жақсы біледі. Жарайсындар балалар!


- Ал, енді осы ауылдың үлкендерін сынап көрейін. Дорбамда сіздерге де арналған

сұрақтарым бар, дұрыс жауап берсеңіздер сыйлығымды аямаймын.


1 сұрақ: Киіз үй бөлшектерін атаңыздар? (шаңырақ, кереге,уық, ағаш, есік, түндік, үзік, туырдық, киіз есік)

2 сұрақ: Ұлттық киімдерді атаңыздар? 

(сәукеле, кимешек, жаулық, тақия, бөрік, тымақ, малақай, қалпақ)

3 сұрақ: Ұлттық ойындарды атаңыздар?

(ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)

4 сұрақ: Жалғасын тап! Ата көрген оқ жонар, ( Ана көрген тон пішер).
5 сұрақ: Жалғасын тап! Туған елдей ел болмас, (Туған жердей жер болмас.)

«Қазақы дастархан» әні орындалады. 

1-Жүргізуші: Наурыз мерекесіне тән үлкен ырым ас, ұлттық тағам – наурыз көже екенін барлығымыз да білеміз. Осы Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Халықтық дәстүр бойынша оған: бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылуы тиіс. 

Сөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толады. Ауыл ақсақалдары бастаған кісілер үйлерге кезегімен кіріп, қонақ болады. Әдетте әйелдер ыдыс ала жүреді. Әр үйден құйып әкелген көжені өз үйінің қазанында қалған көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдіреді. 


Жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де, татымды өмір болсын деген ырымды,

тілекті паш етеді. 


Халық арсында Наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға тоқ жүреді деген ырым бар екен
Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл – «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» деген. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді.

2-Жүргізуші: 
Ән қосылсын әніне, 

Сән қосылсын сәніне! 


Ырысты боп жаңа жыл, 
Бақ дарысын бәріңе! 
Ой қосылып ойыңа, 
Бой қосылсын бойыңа! 
Аман –есен жетейік. 
Келер Наурыз тойына!
Аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылмен кетсін!

Алла тағалам Жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен қауышуға жазсын! Осымен біздің мерекелік шарамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға



рахмет!
Жүргізушілер бірге

Наурыз құтты болсын!
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет