«Тазша бала» сайысы Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі70,94 Kb.
#4935
«Тазша бала» сайысы

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.

Оқушыларды батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.


Дильназ: Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүрін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.
Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
Ән болып асыл,
Даңқыңды асыр
Ғасырдан ғасыр.
Майра: Жер үсті жасарады, жаңғырады.
Мәңгілік ел аңсай күткен сән құрады.
Қой қоздап, қозы өріп, егін көктеп,
Туған жер төскейінен ән құлады.
Наурызым шат-думан көңіл тойы,
Жан берген тіршіліккке өмір тойы.
Кеңейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы

Гүлге орап, жасандырып жусан белін,


Ақтарған арындатып думан селін.
Сіңірген халық салтын қанымызға,
Мейрамың құтты болсын, туған елім!
Дильназ:

Уа, халайық, халайық,


Мұнда назар салайық.
Хан жарлығын тыңдайық,
«Кімде-кім хан алдына келіп мүдірмей,  өтірік әңгіме құрастырып айтып өтсе, сол адамға қызын беріп, күйеу қылады, тіпті уәзір де етеді


Майра: Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі «Тазша бала» сайысын біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.


Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне 5-8 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетпек.

Жүргізушілер сайысқа қатысушыларды ортаға шақырады.
/Қатысушылар реттік нөмірлерін тағып сахнаға көтеріледі/

Дильназ: - Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәдік шықты
Біліммен тапқырлықтың жырысыңдар
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей келе,

сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап , талапкерлер өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық:



  1. Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі: Мадина Дәркенқызы Мұсабекова

  2. Математика пәні мұғалімі : Асылзат Бәстемиқызы Мұхажанова

  3. Технология мұғалімі: Алмагүл Қабайқызы Қожахметова


Майра: Сайыскерлерімізге сәттілік тілеп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ей, тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен мені?

Мен де мына ұлы дала баласы! – деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың 1-ші кезеңі өзін- өзі таныстыру - «Айтпаймын қыз берсең де өтірікті» деп аталады.

/жігіттер ортаға шығып кезекпен өздерін таныстырады.Іле қазылар алқасы баға береді./



Дильназ : «Білгенге маржан». 2-ші кезең.
Ал, кәнеки, қырандар,
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар.
«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей ұлы Абайдың тілі , бай ана тілімізге байланысты сұрақ - жауап.

Көнерген сөздердің мағынасын түсіндіру.

/Жігіттер бір-бір сұрақтан алады да , соған жауап береді. Сұрақ экранда жазылған./

Қазылар алқасы дайын болғанша назарларыңызға Жунусова Лаураның орындауында Құрманғазының күйі «Адайды » ұсынамыз.

Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.

Әлем танып келе жатқан

Тілімен қазағымның сен де мақтан!

Жігіттердің жауаптарын әділ қазылар қалай бағалаған екен?

Майра: Өнер көрсету 3-кезең

Тазша Бала - қазақтың күлдіргі тұрмыс-салт ертегілеріндегі басты кейіпкер. " Ол халық арасынан шыққан ақылды, алғыр, айлалы, тапқыр, өжет жігіт ретінде суреттеледі.
Өзінің ақыл-парасаты, тапқырлығы арқасында талай қиын-қыстау жағдайдан, ауыр халден аман-есен құтылып кетеді, неше түрлі сыннан мүдірмей өтіп, жеңіп шығады. Өзі сіңірі шыққан кедей болса да уәзір, жендеттермен айқаска түсіп, оларды халық алдында күлкі, мазақ етеді. Әділетсіздікке, кертартпа әдет-ғұрыпқа, зұлымдыкқа қарсы тұрып, күншілдік, қызғаншактық, сараңдық сияқты мінездерді аяусыз әжуалайды. Сөйтіп тағыда басқа халық даналығы мен шешендігін бойына жиған типтік кейіпкер болып табыладыОлай болса қатысушылардың өтірік өлең айту өнерін тамашалайық. Келесі шартымыз «Тышқан мініп қой бақтым» деп аталады.Ортаға талапкерлерімізді шақырамыз.

/ жігіттер ортаға шығады.

Кезекте келесі сайыс.Төмендегі ретпен өнерлерін көрсетеді./

/Қазылар алқасының бағалары хабарланады./
Дильназ : Шеберлерім өнер тамып қолынан 4-ші кезең
Жаңылмаған ата - баба салтынан
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін.

«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» қолөнер сайысы
Үй тапсырмасы (өз қолдарынан жасаған қол өнер бұйымдарын көрсетіп, неден ,қалай жасағанын айтып береді.)

Қазылар алқасы мүшелері, сіздерге уақыт керек пе? Сіздер дайын болғанша құрметті қонақтардың назарына үнді биін ұсынайық! Орындайтын Тулегенова Дильназ.

Алқа бағалары.
Майра: Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

Дильназ:  Жеңіспенен жеңілістен тұратын
Өмір күрес жеткіземе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіген
Қатысу да бір жеңіс қой болсаң сен ұғатын.
Ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.

Қазылар алқасы сайыс қорытындысын жариялайды. Шашу шашылады.

Майра:  «Жүзден - жүйрік» күшімен
«Мыңнан - тұлпар» шықты шың.
Жігіттердің ішінен
Шыққан Сұлтан мықтысың!
Құттықтайық ал енді,
Сұлтан болған баланы.
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.

Дильназ: : Тұяқтарың мұқалмасын
Қанаттарың талмасын.
Жаман адам кез келмесін
Аяқтардан шалмасын.
Жігер болсын көздеріңде
Қатардан еш қалмаңдар.
Шат заманда, сүйікті елде
Биіктерге самғаңдар!-деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Ықыластарыңызға рахмет.

Жүргізушілер бірге: Келе жатқан Наурыз құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет